Қауіпсіздік ережесі Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.
Гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.
Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.
Секіріп түсетін жерлерге гинастикалық төсеніш төсеу қажет.
Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.
Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.
Гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тесерілсін.
Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.
Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын
Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .
Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );