Қазақ антропонимиясы жҽне оның МҼн-мағынасы



Pdf көрінісі
Дата21.02.2017
өлшемі172,49 Kb.
#4627

ӘОЖ 811.512.122'373 

 

ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМИЯСЫ ЖҼНЕ ОНЫҢ МҼН-МАҒЫНАСЫ 

 

Кульмагамбетова Айнҧр Даулбаевна Астана қаласы, 



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті 

 

Шетел филологиясы бӛлімінің 2 курс студенті 



Ғылыми жетекшісі - аға оқытушы Жиембаева Г.Т. 

 

Ономастика  қазақ  тіл  білімінде  жаңадан  зерттеле  бастаған,  тіл  білімінің  негізгі 



салаларының бірі болып саналады. Ономастика – жалқы есімдердің жиынтық атауы, термин 

ретінде кеңінен орын алды. Оның негізгі бӛлімдерінің бірі - антропонимика. Антропонимика 

 

– адам аттарын зерттейтін ғылым [1, 3]. Жер жҥзі  халықтарының бәрінде әрбір кісінің  ӛзіне 



тән  аты-жӛні  бар.  Адамзат  қоғамында  есімі,  аты  жоқ  адам  кездесуі  мҥмкін  емес.  Адамға  ат 

қою  дәстҥрінің  сонау  рулық  қоғамнан  барын,  сол  заманның  ӛзінде-ақ  әркімнің  атының 

болғандығын Морган ӛзінің еңбектерінде дәлелдеген. Қазақ есімдері де санаулы жыл ішінде 

тосыннан пайда бола қалмаған. Оның да ӛзіне тән тарихы, шығу, пайда болу жолдары бар. 

 

Ӛ

мірге  келген  жас  бӛбек,  сәбиге  жарасымды  ат  қойып,  есім  беру  –  ертеден  келе 



жатқан  ата  дәстҥр,  дағдылы  әдет.  Есімдердің  әдетте  адамды  екінші  адамнан  ажырата  білу 

ҥ

шін қойылатыны белгілі. Ҧлы Гомер: «Есім дегеніміз алуа-шекер сыйлық. Ал сыйлық пен 



 

 

201



 

тарту  адам  ҥшін  зор  қуаныш»  деген  екен  [2,  6].  Қазақ  халқында  ат  қоюға  байланысты  азан 

шақыру дәстҥрі де қалыптасқан. Әрине, адам  ҥшін ӛмірлік,  шексіз қуаныштың бірі – уақыт, 

дәуір  талабына,  ӛз  талғамына  сай  келетін  айшықты  да  сҧлу,  мәнді  де  мәнерлі  есім  иемдену 

екені  даусыз.  Ескіліктен  келе  жатқан  ӛмірлік  маңызы  зор  бҧл  мәселе  ӛз  мәнін  бҥгін  де 

жойған жоқ, әлі де маңызды, аса ӛзекті қалпында қалып отыр. 

 

Есім  беруде  сәбидің  ата-анасы  ғана  емес,  туған-туыс,  дос-жарандарымен  қатар 



Азаматтық  хал  актілері  мекемелерінің  қызметкерлері  де  мҥдделі.  Ӛйткені  адам  есімі  қоғам 

ӛ

мірімен,  оны  қоршаған  ортамен  тығыз  байланысты.  Қоғам  ӛміріндегі  кӛптеген  тарихи 



оқиғалар  мен  әлеуметтік  ӛзгерістер  ірі  тҧлғалар  есімдерімен  байланысты  болса,  кӛпшілігі 

есте жоқ ескі заманнан бҥгінге жетіп  отыр. Иә, антропонимия  тіл  тарихын зерттеуде  қҧнды 

да  бағалы  мҧра.  Мысалы,  қолданудан  әлдеқашан  шығып  қалған  тілімізге  тән  жалпы  есім 

сӛздер  антропонимияда  сақталып  отыр.  Мәселен,  Ардақ,  Байсал,  Ораз,  Жора,  Жекен,  т.б. 

Бҧдан  шығатын  дәлел  есімдер  дамуының  бір  тҥрі  жалпы  есімдердің  жалқы  есімдерге 

айналуы [2, 6]. 

 

Антропонимдер  адамдардың  ӛткендегі  тҧрмысын,  қоғамдық-әлеуметтік  қҧрылысын 



және  материалдық  әрі  мәдени  ӛмірдің  қҧбылыстарын  да  кӛрсете  алады.  Олардың  кейбір 

топтары  қазақ  ауылының  ертедегі  тіршілік,  іс-әрекетінен  және  шаруашылық  кҥйінен 

мағлҧмат береді.  Мысалы, тӛрт-тҥлік малға,  шаруашылық,  тҧрмыстық сӛздерге байланысты 

есімдер. Шындығында бҧлай болудың ӛзіндік сыры бар. Ӛйткені әрбір кісі аты ӛзінің шыққан 

заманы  мен  дәуіріне,  оның  тілдік  заңына  тікелей  байланысты  [3,  22].  Соған  орай  олардың 

шығу  себебін  дәлелдейтін  алуан  тҥрлі  тарихи  жайлар  мен  сан  қилы  оқиғалар  бары  аян. 

Халқымыздың  ғасырлар  бойы  басынан  кешірген  ӛмір  жолында  табиғат  пен  аңға,  қҧсқа 

сыйыну, ай мен кҥнге табыну, хайуандардан ит, қасқыр, бҧқа сияқтыларды – тотем ету – бәрі 

кісі аттарының қойылуына әсер етпей қоймады. Тіпті аты арқылы адамдардың тіршілігі мен 

кәсібі,  қоғамдағы  алатын  орны,  кім  болғаны,  қай  жерде  ӛмір  сҥргені  жайлы  толық  мәлімет 

ала аламыз. 

 

Бір қызығы, қазақ тҧрмысында, оның ҥй –іші отбасында таңдау, есім беруде ешқандай 



шек,  қатаң  меже  болмаған.  Яғни,  есімдер  кӛптеген  жағдайларға,  оқиғаларға,  заттарға  да 

байланысты  туа  берген.  Яғни,  қазақ  тілі  кісі  аттарына  соншалықты  бай,  тіпті  оның  нақты 

санын  атап  кӛрсету  қиын.  Есімдердің  тҥрлі  тәсілдер  арқылы  дамуымен  қатар  жаңа  есімдер 

пайда  болып  ҥздіксіз  қҧрамы  толығып  отырады.  Дегенмен,  соңғы  жылдары  жарық  кӛрген 

сӛздіктердің  бірінде  «50  мыңға  жуық  дербес  қазақ  есімдерінің  жинақталғаны»  туралы 

мәлімет  бар.  Антропонимдердің  тілдік  табиғаты  туралы  ғалымдардың  пікірлер  айтып,  жан -

жақты  сӛз  болуына  себеп  Т.Жанҧзақовтың  еңбектері.  Тек  Т.Жанҧзақовтың  арқасында 

есімдер тҥрліше топтарға жіктелініп, жалпы қазақ ономастика саласы біршама зерттелінді. Т. 

Жанҧзақов  ӛз  еңбектерінде  «қойылу  ерекшеліктеріне,  сипатына  қарай  қазақ  тіліндегі  кісі 

аттарының  топтарын  атап  кӛрсетті».  Қазақ  антропонимдерін  зерттеген  ғалымдар  тарапынан 

мағыналық топтарғажіктелуіне сҥйене отырып, қазақ есімдерінің классификациясына мен де 

тоқталғым келеді. 

 

1.

 



Мҧсылман  дінін  қадірлеп,  исламға  сенген  қазақтар  дінге  байланысты  ат  берген. 

Мысалы,  Мҧхаммед,  Әли,  Фатима,  Айша,  Зейнеп,  Әмина  (Мҧхаммед 

пайғамбарымыздың қыздарының, әйелдерінің есімдері)  

 

2.



 

Әйгілі  адамдардың,  билеушілердің,  қҧрметпен  қарайтын  адамдардың  есімдерін  қою. 

Мәселен, Ескендір, Шыңғыс, Тимур, Әл-Фараби, Абай  

 

3.



 

Жер-су  аттары,  географиялық  атуларға,  ру  аттарына  байланысты:  Алтай,  Әлтай, 

Дулат, Алатау, Еділ, Орал  

 

4.



 

Апта кҥндеріне, ай атауларына, бір мерекеге немесе қандай да бір кҥнге байланысты 

қою: Жҧма, Жҧматай, Қадір, Айткен, Айтпай, Айтбала, Жеңіс  

 

5.



 

Қазақтар  мал  шаруашылығын  қҧрметтеп,  оған  аса  кӛңіл  бӛлгені  ҥшін,  сәбилерін 

еркелетіп,  жануарларға  байланысты  да  қойған:  Бота,  Бҧқа,  Аққозы,  Жанқозы, 


Қҧлыншақ, Жылқыбай  

6.

 



Аңдар мен ҥй хайуанаттарына, қҧстарға байланысты: Арыстан, Тҥлкібай, Лашын  

 

202



 

7.

 

Асыл металдар, қымбат заттар атауларымен: Алтын, Болат, Маржан  



8.

 

Ӛ



сімдік атауларына қарап: Қызғалдақ, Райхан, Раушан, Гҥлжан.  

9.

 



Жеміс-жидектерге байланысты: Алма, Анар, Мейіз, Жаңғақ  

10.


 

Туыстық аттарға байланысты: Атабек, Баба, Туғанбай, Жеңгебай  

 

11.


 

Ҥ

й  жиһаздары,  мҥлікке,  тҧрмыстағы  қолданылатын  заттар  атауларымен  байланысты: 



Шара, Табақбай, Айнагҥл  

 

12.



 

Тҥрлі тағам атауларына сҥйеніп: Айранбай, Шырынбай, Шекер, Сҥттібай  

13.

 

Кӛз тиюден, жын шайтаннан сақтасын деген мақсатпен: Итбай, Кҥшікбай, Жаманбай  



14.

 

Сан есімдерге байланысты: Бірбай, Біржан, Елубай, Жетібай [3].  



15.

 

Ырымдарға сенген қазақ халқы, баласы ӛле берген ҥйлерде: Тоқтар, Тҧрсын, Тҧрар  



 

16.


 

Ҧ

лдары жоқ ҥйлерде, ҧл тілеп қойған Ҧлтуған, Ҧлжан, Ҧлболсын деген аттар кездеседі, 



тіпті ҧлды кҥтіп қыз туған жағдайда қызға ҧлдың атын берген жағдайлар да кездеседі.  

 

Әр  ата-ана  баласына  ат  таңдағанда  тек  жақсы  ниетпен,  айшықты  ат  таңдасғысы  



 

келеді. Қазақтар да тҥрлі тілектерге байланысты тілек-есімдер қойған: 

 

1.

 



Бала  дәулетті  де  бай,  ауқатты  болсын  деген  тілекпен:  Байбол,  Дәулетбай,  Алтынбай, 

Малбай  


 

2.

 



Кҥшті, батыл, ержҥрек болсын деп: Арыстан, Батыр, Тарғын  

3.

 



Сҧлу, кӛрікті, ажарлы болсын деп: Айсҧлу, Әсем, Ботагӛз, Нҧрсҧлу  

4.

 



Денсаулығы мықты болсын, ҧзақ жасасын деп: Ҧзақ, Ӛмірзақ, Мыңжасар  

5.

 



Ақылды, тапқыр болсын деп: Ақылбай, Ақылбек, Данышпан, Дарын  

6.

 



Бала мырза да жомарт болсын деп: Жомарт, Мырзабек, Мәртай  

7.

 



Батырлардай болсын деп: Қобыланды, Алпамыс, Қамбар  

 

8.



 

Жырларға сҥйіспеншілік білдіріп: Жібек, Тӛлеген, Қарлығаш,  Баян, Қозы, Сҧлушаш, 

Ләйлі аттарын қойған.  

 

Балаларға  бҥгінгі  жарқын  ӛмір  бақытты  дәуір  талабына  сай  жарасымды  да  лайықты 



есім  қою  халық  діттеп  отырған  мҥдделі  де  маңызды  мәселенің  бірі  боп  саналады.  Тҥркі 

халықтары  тарихына  байланысты,  әлеуметтік  ӛзгерістерге,  қоғамға  байланысты 

антропонимияға  да  жаңа  есімдер  қосылып,  ӛз  әсерін  тигізген  болатын.  Мысалы,  қазақ 

антропониямясында, сӛз қорында да тҥркі халық аттарымен қатар, араб, парсы мәдениетінен 

келген аттар жеткілікті. Қазір болса ескі заманнан, тарихтан қалған аттар ҥдеріске еніп отыр. 

Мәселен,  Айғаным,  Бибіжан,  Нҧржамал,  Аңсаған,  Ақтоты.  Сонымен  қатар  бҥгінгі  кҥні 

Линара,  Аруна,  Еңбек,  Азамат,  Фараби  аттары  кӛп  қойылып,  Әсел  сияқты  есімдер  мҥлдем 

кездеспейтін  болды.  Олар  қайда  кетеді  деген  сҧрақ  туып  отыр.  Әрине,  антропология  да 

жаңарып отырады. 

 

Есімдер  тарихына  тереңірек ҥңілетін болсақ.  тҥркі  халықтары ерте кездерде аспанға, 



«тәңірге»  табынып,  кҥн,  ай,  жҧлдыз,  жер,  суларды  қҧдай  санаған.  Тіліміздегі  Тәңірберген, 

Тәңірберді,  Айжарық,  Айсҧлу,  Кҥнтуар  тәрізді  есімдердің  болуы  осыдан.  Жеке  менің 

ойымша  қазақ  халқы  ӛте  еліктеуіш  халық.  Мысалы,  30-ыншы  жылдары  жҧмысшы 

қозғалыстарына  байланысты  қайраткерлердің  есімдері  жиі  қойылған  болатын.  Олар:  Мэлс, 

Маркс, Марлен, Октябрина, Совет, Социал аттары. Бірақ неге қазақтар бҧл есімдерді қойды? 

Орыстарда  бҧл  есімдер  кездесе  ме?  Қазан  социалистік  тӛңкерісінен  кейін  қазақ 

антропонимиясының  қҧрамы  интернационалдық  есімдер  есебінен  тағы  да  байи  тҥсті. 

Мысалы,  Артур,  Марат,  Роза,  Жанна,  Дина,  Элеонора,  Анжелла,  Индира  сияқты  аттар. 

Мәдениет  пен  әдебиет,  ғылым  мен  экономика,  шаруашылықтың  дамуына  байланысты  да 

жаңа аттар қосылды. 40-ыншы жылдары Ғалым, Мәдениет, Сайлау, Колхозбек аттары пайда 

болды  [4,  135,146].  Отан  соғысы  мен  жеңіске  байланысты:  Майданбек,  Қайсар,  Солдатбек, 

Жеңіс,  Нҧрлан,  Бейбіт,  Гҥлмира,  Мира,  Замира  есімдері  пайда  болды.  Қазақ 

антропонимиясына  Монғол  ҥстемдігінің  де  аз  да  болса  әсер  еткендігін  байқауға  болады. 

Мәселен,  Шағатай,  Батый,  Сыпатай,  Ноян,  Тҥмен  аттарының  кездесуі  осыдан.  Яғни,  кӛрші 

елдермен байланыс жасау, араласу нәтижесінде  тілімізге мыңдаған сӛздермен қатар  есімдер 

еніп, есімдердің қатарын байытты. Бҧл басқа елге деген қҧрметімізді, сыйлаушылықты 



 

203


 

білдіретіні анық. Яғни, қазақ халқының тек ӛзіне тән ӛзгешелігін бҧдан да кӛруімізге болады. 

Қазақ халқының егемендікке қол жетіп, тәуелсіз мемлекет болып, әлеуметтік- саяси, мәдени 

ӛ

мірімізде  елеулі  табыстарға  жетіп,  ана  тіліміздің  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  алуы 



нәтижесінде  сӛздік  қорымызға  жҥздеген  жаңа  сӛздер  мен  терминдер  қосылып  отырса, 

антропонимиялық байлығы да артып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда жҥздеген жаңа 

есімдер ӛмірге келген жас  сәбилерге қойылуда. Тәуелсіз  еліміздің тарихында болып жатқан 

соңғы  оқиғалары  бір  жағынан  антропонимиямызды  байытса,  біразы  дау-жанжалдардың 

тҥрткісі болды. Қысқы Азия ойындарына байланысты еліміздің Орал қаласында Азиада атты 

сәби,  ал  ЕҚЫҦ-ға  байланысты  еліміздің  азаматтар  қатарына  алты  Саммитхан,  бес  Саммит 

және  бір  Саммита  қосылды.  Сонымен  қатар,  бҥгінгі  таңда  ер  балалардың  арасында  ең  кӛп 

қойылатын  аттар  Нҧрсҧлтан,  Дінмҧхаммед,  Иманғали,  Даниал  есімдері  екен.  90  жылдары 

балалардың  есімдерін  хан  есімдерімен,  тарихпен  байланыстырса,  бҥгінгі  кҥні  бӛбектерінің 

саясаткер  болғанын  қалап  аталған  есімдерді  таңдауда.  Кӛп  жылдар  бойы  АҚАЖ-та  жҧмыс 

атқарған  бір  әйел  есіне  тҥсіріп  отыр:  «Бір  кҥні  баласының  куәлігін  алуға  келген  ата, 

қызымыздың  атын  қалай  қоятынымызды  әлі  де  білмейміз.  Самира,  Амин,  Латиффа  ма? 

Таңдай алмай отырмыз? - дейді. Мен бҧл есімдердің қайдан келгенін бірден тҥсіндім. «Клон» 

атты сериалдағы ойыншылардың есімі екенін бірден еске тҥсірдім» деген екен. 

 

Соңғы  статистикалық  кӛрсеткіштерге  жҥгінетін  болсақ,  Қазақстанның  Қазақпарат 



агенттігінің  рейтингі  бойынша  2010  жылдың  қаңтар  айынан  тамыз  айына  дейінгі  аралықта 

244  292  сәби  дҥниеге  келіпті.  Оның  ішінде:  1255  сәбидің  аты  Ерасыл,  880-  Диас,  837-

Нҧрасыл,  771  –  Алихан,  737  –  Мирас  болса,  қыздардың  ішінен  1709  қыз  баланың  аты  – 

Аружан, 1098- Кәусар, 1087 – Аяулым, 905 – Диана есімдерін таңдапты. Яғни, 2010 жылдың 

ең таңдаулы аттары Ерасыл және Аружан есімдері. 

 

Антропологияның  тағы  бір  ерекшелігі,  Ислам  діні  бойынша  Қҧраннан,  я  кітаптан 



қойылған  есімдерді  қазақылап,  еркелетіп,  қысқарта  айту.  Мысалы,  Ибраһим  –  Абай, 

Мҧхамметқанафия  –  Шоқан,  Сәдуақас,  Сейфулла  –  Сакен,  Шаймерден,  Шәкәрім  –  Шакен, 

Әбдірахман, Әбділдә - Әбіш, Бәдігҥлжамал – Бәдеш, Гҥлбаһрам – Кҥлпаш, Кҥләш. 

 

Жеке  қазақ  антропонимиясына  сай  ерекшелік,  тілімізде  кеңінен  тараған  екі-ҥш 



сӛздерден қҧралған кҥрделі тҧлғалы есімдердің кӛбірек кездесетіндері бай, бек, хан,  сҧлтан, 

тӛре, шах, ханым компоненттерінің кездесуі. 

 

Тілімізде  ресми  шын  аттармен  қатар,  лақап  аттар  да  бар.  Лақап  ат  адамдардың  дене 



бітім,  пішін-тҧлғасына  және  психологиялық  ерекшелігіне  сай,  кейде  істейтін  кәсібіне 

лайықты қойылып отырады. Баланың  ӛңі қара болса, кішкентай кезінен Қарабала, Қарақыз, 

Қаратай, ал кӛзі  қара я кӛк болса – Қаракӛз, Кӛккӛз деп атап кету болған. Лақап аттар ауыз 

әдебиетінде де кеңінен  орын алған. Ертегіде кездесетін  Алдар  кӛсе,  Жиренше  шешен,  Асан 

қайғы, Аязби сияқты лақап аттар. 

 

Айшықты  да  сҧлу,  мағынасы  жарасымды,  айтуға  оңай,  ықшам  есімдерді  талғап,  таңдап 



қою – жҧрт санасынан берік орын алған, жалпыхалықтық дәстҥр. Осымен байланысты кӛптеген 

тарихи  оқиғалар  атақты  адамдардың  іс-әрекет,  белгілі  есімдері  арқылы бҥгінге  жетіп,  ҧрпақтар 

санасынан берік орын алуда. Ондай мыңдаған  есімдер тіліміздегі мағыналы сӛздер сияқты ҧзақ 

ғасырлар  ӛмір  сҥріп  ескіріп,  оның  орнын  жаңа  есімдер  алып  ауысып  отырады.  Кӛне  заман 

жәдігерлері сияқты оларда да  ӛткен ғасырлардың ҥні сақталады. Әлбетте, атақты батырлар мен 

ақылгӛй  даналардың,  белгілі  ақындар  мен  тілмар  шешендердің,  хандар  мен  сҧлтандардың, 

билердің есімдері ҧрпақтан-ҧрпаққа ауысып, жалғасын табуда. Қазіргі қазақ есімдері қҧрамы мен 

саны жағынан орасан бай да кӛп. Олардың кӛпшілігі ҧлттық болмыс, салт-сана, тарихи дәстҥр, 

әдет-ғҧрып, ӛмірлік тҧрмыс-кҥйіміз бен тірлігімізді бейнелегендіктен мағыналары ашық, айқын 

болып  келеді.  Алайда,  олардың  ішінде  мән-мағыналары  белгісіз,  қҧпия  сырға  толы  ескі,  кӛне 

дәуірдегі  тҥркі  –  қазақ  тілдеріне  және  Х  ғасырлардан  бері  араб,  иран,  арамей,  моңғол,  орыс, 

украин,  батыс  Еуропа  тілдеріне  тән  есімдер  де  кездеседі.  Ӛйткені  әрбір  дәуірде  ӛмір  сҥрген 

адамдардың есімге деген кӛзқарасы айрықша болса, есімдердің қоғамдық қызметі де алуан тҥрлі 


болған [5, 6]. 

 

 



 

204


 

Антропонимияны халқымыздың асқақ қиялы мен ҧшқыр ойынан туған, тарихымен 

біте  қайнасып,  бірге  жасап  келе  жатқан  бай  ауыз  әдебиеті  мен  мәдениетінің  сарқылмас 

мҧрасы  іспетті  мол  қазынаның  бірі  деп  тҥсінгеніміз  абзал.  Әрине,  әр  ата-ана  баласына 

есім  таңдаған кезде  ең айшықты, қҧлаққа жағымды есім таңдағысы келетіні айғақ. Бірақ, 

бҧл ҥшін батысқа еліктеп, жаңа бір есімдер ойлап табу қажет емес. Астрологтардың айтуы 

бойынша  ат  адам  ӛміріне  әсер  етуі  әбден  мҥмкін.  Тіпті,  Ислам  діні  бойынша  ата-анаға 

жҥктелген негізгі парыздардың бірі – балаға әдемі ат қою екен.Сондықтан да балаға есім 

қояр  кезде  ең  басты  мән  беретін  жәйт  -  мағыналы  ат  таңдау.  Осы  тақырыпты  зерттеу 

барысында  қазақ  халқында  мағынасы  терең,  әдемі  естілетін,  сырға  толы  нағыз  қазақтың 

аттары жеткілікті екендігіне кӛз жеткіздім. 

 

Әдебиеттер 



 

1.

 



Жанҧзақ  Т.,  Қазақ  есімдерінің  тарихы  (Лингвистикалық  және  тарихи 

этнографиялық талдау), - Алматы: Ғылым, 1971.  

 

2.

 



Жанҧзақ Т.С. , Қазақ ономастикасы, - Алматы: Дайк-пресс, 2007.  

3.

 



Смағҧлов А., Қазақ есімдері, - Алматы: Атамҧра, 2006.  

4.

 



Жанҧзақ Т., Есімдер сыры, Алматы, 2004.  

5.

 



Жанҧзақ Т., Есбаева К., Қазақ есімдері (анықтама сӛздік), - Алматы: Ғылым, 1988.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет