Қазақ фольклорында бір ғана ертегіде кездесетін, бірақ өзіндік орны ерекше, қазақпын деген адамның бәрінің жүрегінен ойып орын алған бейне – қаңбақ шал



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата26.12.2022
өлшемі3,53 Mb.
#59732
  1   2
Байланысты:
Қаңбақ шал



Зайнуллина
Дильназ
Койшибаева
Наргиз
Мейірбек Эльмира
Бақытжанқызы
Жазира
Қаңбақ шал


Қазақ фольклорында бір ғана
ертегіде кездесетін, бірақ өзіндік
орны ерекше, қазақпын деген
адамның бәрінің жүрегінен ойып
орын алған бейне – қаңбақ шал.
Бұл ертегі кейіпкерін білмейтін
қазақ жоқ десек артық
айтқандық болмас.


Сыншыл ертегілер қатарына
жатқызылып жүрген «Қаңбақ шал»
ертегісінің бірнеше нұсқасы бар. Бір
мәтінде «қорқақтығынан үйден
шықпайтын шал қолындағы
жарасына алпыс шыбын үймелеп,
оларды бір соғып өлтіргені үшін өзін
батыр санағаны туралы айтылады. Ен
далаға шығып, ұйықтар кезде өзінің
осындай батырлығы туралы жазып
қойғанын көрген үш дәу оны
қорқасоқтап, сақтықпен оятады.
Кейін шал өзін құдықтан шелекпен
су және орманнан ағаш кесіп
әкелуге жұмсағанда тапқырлық
көрсетіп, дүлей күш иелерін
айласымен жеңеді.
Ертегінің келесі нұсқасындағы
«Аулаған балығын тартып жейтін
түлкінің қыспағына шыдамай қоныс
аудармақшы болған әлсіз шалдың
ертегінің соңында барша мұратына
жетуі де» тапқырлығының арқасы.
Қаңбақ шал ертегісі жас ұрпақты
қарапайымдылыққа, ақыл мен адал
еңбек етуге тәрбиелейтін, халықтық
мәні зор шығарма. Ел арасында
ертегінің бірнеше нұсқалары
сақталған. Бірақ ол нұсқалардың
қайсысында болмасын қаңбақ
шалдың бейнесі өзгермей, ұнамды
кейіпкер ретінде танылады


«Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа
зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ
асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған
Қаңбақ шал деген ат қойылыпты», - деп басталатын ертегіде қаңбақ шал
дәрменсіз пенденің кейпінде бейнеленгенімен, ертегі барысында оның
мүсәпір, көнбіс пенде емес, намысқой адам екені көрінеді.
Түлкіден және қайырсыз тірлігінен құтылмақ болған қаңбақ шал
шарасыздық танытып отыра бермей, әрекетке көшеді. Осы әрекетінің
барысында оның ақылдылығы, тапқырлығы қылаң береді.
Ол тапқырлығының арқасында дәуден аман қалады. Бұл сәт ертегіде:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет