Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары Сабақтың мақсаты



Дата29.01.2023
өлшемі19,11 Kb.
#63614
түріСабақ



Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары


Сабақтың мақсаты: ХХғ. 20-30 жж. кеңес үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты мен саяси жағдайына баға беру, нәтижелері мен салдарын анықтау.


Сабақтың сұрақтары:

  1. Қазақстандағы индустрияландыру саясатаның ерекшеліктері: әдістері мен жетістіктері. жылдарында. Ииндустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыс.

  2. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру: әдістері, түрлері, қарқыны, салдары. Демографиялық апат.

  3. Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі (ХХ ғ. 20-30 жж.)

Бірінші сұрақта индустрияландыру саясатының мәнін түсіндіріңіз. Оның қажеттігіне, сипаты, қарқыны, көлеміне тоқталыңыздар:

  • Индустрияландыру қарсаңында Қазақстан өнеркәсібінің жағдайы қандай болды?

  • Индустрияландырудың негізгі міндеттерін атаңыздар.

  • Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері неде?

  • Индустрияландыру саясатына байланысты қандай көзқарастар болды?

  • Индустрияландыруды қаржыландырудың негізгі көздері қандай болды?

  • «Лагерлік экономика» дегеніміз не?

  • Түрксіб темір жолы салынуының қандай экономикалық және әлеуметтік нәтижелері болды?

  • Осы жылдардағы жұмысшы табының жағдайы туралы не білесіз?

  • М. Шоқайдың «Кеңестер билігіндегі Түркістан» атты кітабында қазақ жұмысшыларының жағдайы туралы не жазған?

  • Жұмысшы кадрлары қалыптасуының ерекшеліктері қандай?

  • Урбанизациялау үрдісінің оң және теріс жақтары туралы не білесіз?

  • КСРО-ның халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдық жоспары және ондағы Қазақстанның орны қандай?

  • Республиканың өнеркәсіп құрылымының ұлғаюы, оның шикізат өндіруге бағыт алуына баға беріңіз.

  • Голощекин мен Сәдуақасов арасындағы дискуссияның мәні неде?

  • Индустрияландыру: нәтижелері мен салдары.


Екінші сұрақты Қазақстан ауыл шаруашылығының жағдайына сипаттама беруден бастау керек. 20-жж. Кеңес үкіметінің осы салада жүргізген іс-шараларына баға беріңіздер.

  • 20-жж. ортасында орын алған азық-түлік дағдарысының негізгі себептері қандай?

  • Кеңес үкіметі азық-түлік дайындау науқанында неге төтенше шараларды қолданды?

  • «Байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы» қаулы: мақсат-міндеттері, жүзеге асырылу жолдары, нәтижелері мен салдары.

  • Ұжымдастыру үрдісінің мәні, ұжымдастыру мен кооперациялау арасындағы айырмалықтарды анықтаңыз.

  • «Сталиндік аграрлық революциясының» мақсаттары қандай болды?

  • Жаппай ұжымдастыру қандай әдістермен жүзеге асырылды?

  • Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықщылдыққа көшірудің күштеу саясатының мәні неде? Осы саясатты жүзеге асырған кезде қандай жағдайлар ескерілмеді?

  • Қазақстанның дәстүрлі шаруашылық құрылымын біржолата жоюдың трагедиялық салдары қандай?

  • 1932-1933 жж. аштық себептері мен салдары қандай?

  • Демографиялық апаттың мәнін ашып беріңіздер.

  • Халықтың жаппай қоныс аударуы туралы не білесіз?

  • Шаруалар көтерілістерінің ауқымы қандай болды?



Үшінші сұрақ Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарларын ашып көрсету қажет.

  • Қазақ мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары қандай болды?

  • М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі туралы не білесіздер?

  • М. Шоқайдың «Кеңестер билігіндегі Түркістан» еңбегін талдап, оған баға беріңіздер.

  • «Ұлт зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы». Осы қағиданы қалай түсінесіздер?

  • Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру – тоталитарлық басқаруға барар қадам болғандығын дәлелдеңіздер.

  • Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы.

  • Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары.

  • Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы.

  • Білім беру жүйесінің қалыптасуы және сауатсыздықпен күрес қалай ұйымдастырылды?

  • Қазақ өнері мен мәдениеті: жетістіктер мен кемшіліктер.

Негізгі әдебиет:


  1. Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.

  2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.

  3. Абылхожин Ж.Б. Постсталинский период в истории советского Казахстана: череда обреченных реформ и несостоявшихся деклараций (1953 - 1991 гг.). – Алматы, КБТУ,2019. 465 с.

  4. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 5. – Алматы: Атамұра, 2010. — 680 с.

Қосымша әдебиет:




    1. Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. – Алматы: Ататек,1995 – 256 б.

    2. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. – Алматы: Туран, 1997. - 360 с.

    3. Омарбеков Т.О. 1929-1931 жылдардағы халық көтерілістері: зерттеу.– Алматы: Арыс, 2018. – 480 б.

    4. Омарбеков Т.О.Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.

    5. Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. – Астана: Ел-шежіресі, 2008. – 360 б.

    6. «Я себя совершенно не призанаю виновным!»: из истории протестного движения в Казахстана 1960-1980 гг. (Сборник документов и материалов) / Состовитель и автор М. Койгелдиев. – Алматы: Арыс, 2019. – 256 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет