Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚазҰту- да өткен дөңгелек үстел «Нұрлы жол – болашаққа жол»



Pdf көрінісі
Дата11.01.2017
өлшемі111,52 Kb.
#1696

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚазҰТУ-

да өткен дөңгелек үстел 

«Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Елбасы Жолдауын 

жүзеге  асыру  мақсатында  2015  жылдың  мерекелік 

күндеріне  арналған  университеттің  іс-шаралар  жоспары 

жасалғаны белгілі. Осы жоспардың аясында 2015 жылдың 5 

ақпан  күні  ТКМҒ-ның  (265)  оқу  залында  тәрбие  жұмысы 

департаментінің, 

Базалық 


білім 

беру 


институтының 

Қазақстан  тарихы  және  әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер 

кафедрасының 

және 


ғылыми 

кітапхананың  

ұйымдастыруымен  Қазақ  хандығына  550  жылдығына 

арналған дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға  Ш.Уәлиханов    атындағы  Тарих  және 

этнология 

институтының 

директоры, 

ҚР 

ҰҒА 


корреспондент  мүшесі  Х.М.Әбжанов,  Әл-Фараби  атындағы 

ҚазҰУ-дың  профессоры  С.М.Мәшімбаев,  Абай  атындағы 

ҚазҰПУ-дың  профессорлары  Ә.Н.  Құдайбергенов  және  Қ. 

Құсайынұлы,    республикалық  ғылыми-әдістемелік  «Қазақ 

тарихы»  журналының  бас  редакторы    Ә.Ж.  Салықбай, 

Алматы 


энергетика 

және 


байланыс 

университетінің 

профессоры    Б.Т.  Берлібаев  және  доценті  Б.Ж.  Қабдөшев, 

ҚазҰТУ-дың  студенттері,  жастар  комитетінің  мүшелері, 

ғылыми  кітапхана  бөлімінің  қызметкерлері,  Қазақстан 

тарихы 


және 

әлеуметтік-гуманитарлық 

пәндер 

кафедрасының оқытушылары қатысты. 



Аталмыш  іс-шараны  ашқан  Қазақстан  тарихы  және 

әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер  кафедрасының  доценті, 

тарих  ғылымдарының  кандидаты  Досалы  Салқынбек  өз 

сөзінде «Біз үлгі көрсетуіміз керек, өз тарихымызды өзіміз 

көтеруіміз  керек,  сондай-ақ  оны  ұлы  оқиғалардың  бірі 

санауымыз керек», – деп атап өтті.  

 Жиналғандар  төл  тарихымыздың  шежіресін  талдады. 

Әрбір  ханның  билігі,  халықтың  әлеуметтік  жағдайы,  үш 



ғасырдағы  саясаттың  дүмпулері  туралы,  хандықтың  тарихи 

құрылымы тереңде жатқанын  да атап өтті. 

Базалық  білім  беру  институтының  директоры  Рәт 

Шындалыұлы  төл  тарихымыздың  ұлы  құндылықтарын 

қастерлеу, 

ұлттық 


мүддеміз 

бен 


қазақстандық 

отансүйгіштікті 

нығайту, 

жастарымызды 

қазақстандық 

патриотизм рухында тәрбиелеудің орны мен маңызы туралы 

айтып, 

тарихтың 



жастарды 

елдік, 


отандық 

рухта 


тәрбиелеудегі рөлін ашып көрсетті. 

Хангелді  Махмұтұлы:  «Қазақ  хандығының  құрылуы  – 

қазақ халқының қалыптасу үдерісін қорытындылаған тарихи 

оқиға болды» - дей келе, Қазақ хандығының құрылуы туралы 

жиырма  сериялы  фильм  түсірілетінін  айтып,  жиналған 

қауымды бір қуантып тастады.  

Қазақ 

хандығының 



550 

жылдығына 

орай 

ұйымдастырылған  бұл  іс-шараның  студенттер  қауымы  үшін 



берері  мол.  Ұлттың  ұлт  болып  сақталып  қалу  мәселесі 

жаһандану  заманында  аса  өзекті  болып  отырғандығы  да 

шындық. 

Шара 


соңында 

дөңгелек 

үстелге 

келген 


оқытушылар 

мен 


студенттер 

көкейлерінде 

жүрген 

сұрақтарын  қойып,  өз  ойлары  мен  түсініктерін  жеткізді. 



Сондай-ақ, 

кітап 


көрмесіне 

қойылған 

әдебиеттермен 

танысты.Сондықтан,  осындай  маңызды  ерекше  іс-шаралар 

алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз. 

ТЖД 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет