Қазақ ұлттық киімдері Қазақ халқының ұлттық киімдері киім үлгілері



Pdf көрінісі
Дата08.12.2022
өлшемі52,21 Kb.
#56053
Байланысты:
Новый документ



Қазақ ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері.
Этникалық, экономиялық жəне климаттық
жағдайлар ескеріліп, ежелгі дəстүрлер
бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық,
сулық, бір киер, сəндік жəне кейбірінде
салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім
деп қымбат маталардан əшекейлеп тігілген,
той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге
сапарға шыққанда киетін сəнді киімдерді атаған.
Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа
барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын
киген.Қазақ дана халық барлық қыз баласы,
қыз- келіншек пен ұлдарына бірдей көңіл
бөлініп киімдер ойлап тапқан.Қазақтың ұлттық
киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен
көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға
ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер
мен көшпелі тіршілікке сəйкес қалыптасы.
Қазақы киімнің барша сымбаты мен
оюөрнегінде, əрбір əшекейінде халқымыздың
тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі
бар. Ол - біздің ұлттық мəдениетіміз.


Сыртқы киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон,
шидем
•Тон- қой терісінен тігілетін қыстық жылы киім.
Терінің иі əбден қанған кезде жүн жағын жуып
тазартады да, тақыр бетіндегі идің қалдығын
қырып тастайды. Осыдан кейін оны уқалап
жұмсартады.
Кеудеше-Кеудешені жүн, «болонь» лаке тектес
плащтық жəне басқа маталардан тігеді.
«Болонь» тектес матадан кең етіп тігілген
кеудеше. Жеңі құлапарасымен қоса пішілген.
Құлапараның қайырма жағы мен түймелік
қақпағына осы матаның өңін теріс қаратыл
салған.
•Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың,
жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның
терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл
аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына
құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды.
Осы аң терісіне сəйкес бұлғын ішік, жанат ішік,
қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді.
Ішіктердің сыртын шұға, мəуіті, үш топ барқыт,
атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын,
лəмбек сияқты бағалы ширақы маталармен
тыстаған. Ішіктер кейде əдепті, оқалы, шет-шеті
жұрындалған қайырма жағалы болып


тігілген.Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі,
артқы бой, екі жең жəне жағасын ойып пішіледі.
Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге
қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға
жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның
етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу”
деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ
қиылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет