Қазақ мәдениетіне кіріспес бұрын «мәдениет» пен «өркениет» сөздеріне қысқаша түсініктеме бере кетейік. Мәдениет әрбір халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен тікелей байланысты ұғым



Дата27.10.2022
өлшемі18,86 Kb.
#45874
Байланысты:
түрік мәдени мұрасы қазақ мәдениеті


Қазақ мәдениетіне кіріспес бұрын «мәдениет» пен «өркениет» сөздеріне қысқаша түсініктеме бере кетейік. Мәдениет – әрбір халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен тікелей байланысты ұғым. Бір әрекеттің дәстүрге сосын мәдениетке айналуы үшін оның міндетті түрде қайталанып тұруы керек. Бір халықтың дәстүрі бір адамның әдет-дағдысы секілді. Адамның әдет-дағдысы оның мінезін қалыптастырса, дәстүр де сол секілді бір халықтың дүниетанымын, болмысы мен мәдениетін қалыптастырады. Басқаша айтқанда мәдениет пен өркениет халықтың тұрмыс салтымен тікелей байланысты. Қазақстан
Жалпы мәдениет сөзі Еуропаның «цивилизация» ұғымының баламасы ретінде пайда болған. Еуропалықтар әлемді отарлау саясаттарын заңдастыру мақсатында осы ұғымды шығарып, өздерінің басқа халықтарды отарлап, қанау және тонау саясатын оларға цивилизацияны жайып жатырмыз, оларды ағартып, көгертіп жатырмыз деп түсіндірген. Бұл ұғыммен он тоғызыншы ғасырдың ортасында алғаш жолыққан Османлы зиялылары сөздің түбірі Латынның «цивитас» яғни «қала» деген мағынаны білдіргендіктен, «мадина» қала түбірінен мәдениет сөзін шығарды. Тіліміздегі мәдениет сөзі Қазақ тілі орыс тілімен шекараласқанда, олардың культура сөзінің баламасы болып шыға келді. Байқағанымыздай, цивилизация да, мәдениет те отырықшы халықтардың танымын көрсетеді. Олардың пікірінше, дамудың, өркендеудің, сыпайы-әдепті болудың жолы қала болу мен отырықшы болудан өтеді. Тіпті культура деген сөздің түбірінде жер өңдеу мағынасы жатыр. Ал Ибн Халдунның өркениет сөзінің баламасы ретінде қолданған «’умран» сөзінде құрылыс, ғимарат мағыналары бар. Бұл әрине отырықшы халықтардың көзқарасы.
Шын мәнінде өркениет тарихының басынан бастап, Адам атаның Абыл мен Қабыл балалары мысалындай, адам тұрмысында екі түрлі өмір салты бар еді: отырықшылық пен көшпенділік, я да егіншілік пен Қырғызстанмалшылық. Осы екі тұрмыс салтына байланысты екі түрлі өркениет қалыптасты. Бұл екеуін бір-біріне жау деп сипаттау дұрыс емес. Әйтсе де бірінің өлшемімен екіншісін өлшеу де дұрыс емес. Екі түрлі тіршілік пен екі түрлі салт дәстүр екі басқа дүниетаным, екі басқа қоғамдық қатынастарды тудырды. Бұл жерде баса назар аударатын жай – көшпенділердің өзіндік «мәдениет» қалыптастырғандығы. Әу баста көшпенділер үстем еді, бірақ ақырында Қабылдың Абылды өлтіргеніндей, отырықшы өркениет көшпенді өркениеттің түбіне жетті, отын сөндірді. Алайда көшпенді өмір салты жоғалса да, көшпенділердің қалыптастырған өркениеті, дүниетанымы жоғалмады. Бұл өркениет Түркі өркениетінің негізін құрады, өзегін қалыптастырды. Түрікменстан
Түркі өркениетін өз кезегінде оңтүстік және солтүстік деп екі қанатқа бөлуге болады. Түркі өркениетінің Оңтүстік қанатына Ұйғыр, Өзбек, Әзірбайжан және Анадолы-Балқан мәдениеттері кіреді. Ал солтүстік қанатқа Қазақ, Қырғыз, Қарақалпақ, Ноғай, Сібір, Солтүстік Кавказ, Татар, Башқұрт, Қырым мәдениеттері енеді. Солтүстік қанат Түркі мәдениетінің саф, таза, негізгі қалпын сақтап қалса, Оңтүстік осы саф мәдениетті жетілдіріп, өңдеп, нәзік және биязы қалыпқа келтірген. Солтүстіктің тілі қаншалықты көне және жуан болса, оңтүстіктің тілі соншалықты жаңа және нәзік. Солтүстіктің музыка аспаптары қаншалықты қоңыр дауысты және табиғи болса, оңтүстіктің аспаптары соншалықты жіңішке дауысты. Мысалға домбыра екі ішектен тұрса, Анадолыдағы бағлама жеті ішектен тұрады. Оңтүстікте Араб-Парсы және жалпы қала мәдениетінің ықпалы анық байқалады. Ал солтүстікте дала мәдениеті, көшпенді дүниетанымы үстем. Өзбекстан
Бүгінгі тәуелсіз Түркі мемлекеттерінің туларына қарайтын болсақ та, бұл оңтүстік-солтүстік айырымын көруге болады. Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Ислам дінінен бұрынғы Тәңірліктің белгісі «Күнді» өз туларында бейнелеген. Әсіресе Қазақстанның көк туы Көктүріктердің Көктәңрісін еріксіз еске түсіреді. Ал Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия мен Түркіменстан Исламның белгісі «жаңа туған айды» өз туларында бейнелеген. Соңғы төртеуінің ішінде Түркіменстан туындағы «жаңа туған ай» басқалардікіне қарағанда оңынан туған. Бұл түрікмендердің көне түркі танымына сай санасын көрсетеді. Өйткені «айдың оңынан, жұлдыздың солынан тууы» көне түріктерде жақсылықтың нышаны еді.
Солтүстік Түркі мәдениетінің жарқын өкілдерінің бірі Қазақ мәдениеті екендігінде дау жоқ. Қазақ отбасынан қоғамдық қатынастарға тіпті мемлекеттік рәсімдер деңгейіне дейін көне түркі өркениетінің ықпалы көрініп тұрады. Қазақтар өз мемлекеттерінің белгісі ретінде Түркі мемлекеттілігінің белгісі шаңырақты қолданады. Қырғыздар шаңырақты өз туларында бейнелесе, Қазақтар елтаңбасында бейнелеген. Осы тұрғыдан қырғыздар мен қазақтардың арасында, олардың дүниетанымында, салт-дәстүрінде, мәдениетінде көп айырмашылық жоқ. Бәлкім қазақтарды даладағы қырғыздар, ал қырғыздарды таудағы қазақтар деп сипаттасақ тура болар. Тек айырмашылық, қырғыз халқы өздерін көктүріктер заманындағы қырғыз руының жалғасымыз деп танытса, қазақ халқы – өз шежіресін ғұн-сақ-көктүрік заманынан бастайтын дәл сондай жүздеген ру мен елдің ұйысуынан құралған халық ретінде, басқаша айтқанда Түркі қағанаты мен Шыңғысхан империясының құрамына енген барлық Түркі рулары басын қосқан ел ретінде танытады. Әзірбайжан
Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының бір себебі көшпенді өмір салты еді. Қазақтар көшіп қону дәстүрін тастаса да, негізінен қалада емес, ауылдық жерлерде өмір сүріп жатты. Қазақстанның қалаларында орыс мәдениеті үстемдік құрса, ауылдарда қазақ мәдениеті бекем орнықты. Басқаша айтқанда ауыл қазақ мәдениетінің қамалына айналды. Бұл үрдіс Түркия Республикасының қалыптасуында да осылай болған еді. Ағылшын тарихшы Бернард Левис «Заманауи Түркияның тууы» атты кітабында «Османлы мемлекетінің қалаларында араб-парсы-рум-армян мәдениеттері яғни космополит мәдениет үстем еді, ал қаланың сыртында, ауылдарда тұнық түрік мәдениеті кеңінен тараған еді. Османлының түріктенуі ауылдан қалаға аққан түріктердің арқасында жүзеге асты. Және Османлы мемлекетінің Түркия Республикасына айналуы астананың космополит Ыстанбұлдан шалғайдағы, Анадолыдағы Анкараға ауысуымен бекітілді» деп жазады.Түркия

Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының екінші бір себебі география жағынан қазақ елінің Түркі әлемінің нақ ортасында орналасуы болып табылады. Қазақтарды Араб-Парсы мәдениеті ықпалынан Түркі әлемі мен Араб-Парсы әлемінің ортасында тұрған өзбектер қорғап қалса, Қытай мәдениеті ықпалынан Түркі әлемінің шығысында орналасқан ұйғырлар қорғап қалды. Ал солтүстік-батыстан Түркі халықтарын бірінен соң бірін ассимиляциялап келе жатқан орыс мәдениетінің қаупінен қазақтарды татарлардың сақтап қалғандығын айту керекпіз. Егер Кеңес Одағы тағы бір он бес не жиырма жыл өмір сүргенде қазақтардың ел болып есін жиюына әлдеқайда көп уақыт қажет болар еді.


Қорыта айтқанда, қазақ мәдениеті – Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы – бұл мәдениеттің мәңгіге сақталатындығының кепілдігі. Бір мемлекеттің әлемдегі өзіндік орнын белгілейтін тек саяси құрылым ғана емес, мәдени болмыс екендігін қабылдасақ, онда кезінде Ататүріктің Еуропа мен Араб-Парсы әлемінің ортасында өзіндік болмыс дамыту мақсатында Түркия Республикасының негізіне Түрік мәдениетін салғанындай, бүгін Ресей мен Қытай арасында өз елдігін сақтап қалу үшін Қазақстан да Түркі мәдениетін жандандыруы керек. Елбасы Назарбаевтың Түркі өркениетіне көрсетіп отырған қолдауы қазақ елінің мәдениет саясаты дұрыс бағытта ілгерлеп бара жатқандығының айқын көрсеткіші.

Этикеттер:


Ұқсас жаңалықтар
Түркі өркениетіндегі бала тәрбиесі
Түркі өркениетіндегі бала тәрбиесі
13.02.2016Керей елі
Керей елі
18.12.2015Қоңырат елі
Қоңырат елі
19.11.2015Қыпшақ елі
Қыпшақ елі
30.10.2015
Қазақстан Республикасы – Түркі мемлекеттілігінің мұрагері
Қазақстан Республикасы мемлекеттілік тарих тұрғысынан Түркі қағанаты, Алтын Орда және Қазақ хандығының жалғасы болып табылады.
29.01.2015 ~ 17.10.2022
Қазақстан Республикасы – Түркі мемлекеттілігінің мұрагері
Қазақстан Республикасы мемлекеттілік тарих тұрғысынан Түркі қағанаты, Алтын Орда және Қазақ хандығының жалғасы болып табылады. Басқаша айтқанда, Қазақстан Еуразия аймағында құрылған түркі мемлекеттерінің мұрагері. Бұл үш мемлекет Түркі мемлекеттілігінің ең маңызды белестері болып саналады.
Түркияда қалыптасқан Жалпы Түркі тарихы дәстүрінде Түркі мемлекеттілігі Ғұндардан басталады. Мысалға Түркия қарулы күштерінің Құрлық әскерлері өздерінің құрылу датасы ретінде Ғұн мемлекеті құрылған біздің дәуірімізден бұрынға 220 жылды көрсетеді. Ал Ғұндарға қоса Сақ-Скифтерді де өз тарихының бастауы ретінде таниды. Бұлай болғанда Қазақстан Еуропалықтар дамытқан Сақ-Скифтер үнді-еуропалық тілдік-мәдениеттік топқа жататын еді деген пікірін жоққа шығарады. Оның айқын көрінісі Алматы маңында табылған Сақ ханзадасы Алтын Адамның тәуелсіз Қазақстанның символына айналуы. Ал бұл Сақ ханзадасының үнді-еуропалық емес түркі мәдениетінің өкілі екендігінің дәлелі сол Алтын Адаммен бірге табылған табақтың бетінде Орхон жазуларының үлгісінің болуы.

Жылқы
Десе де бүкіл Еуразия аймағына өз үстемдігін орнатқан және Қытай, Рим мен Иран арасында маңызды геосаяси рөл ойнаған Түркі қағанаты болатын. Көктүріктер өздеріне тән мемлекет басқару жүйесін қалыптастырды. Олар «Мәңгі ел» яғни мәңгі мемлекет ұғымын дамытты. Махмұт Қашқари өз сөздігінде «ел» сөзінің мемлекет мағынасынан басқа «бейбітшілік» мағынасын береді. Зия Гөкалып «ел» сөзінің әуелі «бейбітшілік» мағынасы болғанын, «мемлекет» мағынасы кейіннен дамығанын айтады. Демек, мемлекет болу үшін алдымен бейбітшілік пен тыныштық орнауы керек. Басқаша айтсақ, Түркі қағанаты рулар арасындағы даулар мен соғыстарды бітіріп, тұрақтылық орнату мақсатында құрылған еді. Олай болса, Түркі қағанатына қаратып айтылатын «Түркі Елі» ұғымы «Pax Romana» түсінігінің түрікше баламасы болады.


Қазақстанның түркілік болмысы түркі тілі және далалық дүниетанымынан көрінеді. Сондай-ақ бүгін қазақ халқының құрамына кіріп отырған және өз шежіресін сақ-ғұн-түркі дәуірінен бастайтын жүздеген ру бар. Әсіресе осы ру-тайпалар түркі мемлекеттілігінің негізгі ерекшелігі болып табылады. Зікірия Жандарбектің пікірінше, әу баста Оғыз қаған негізін қалаған түркі мемлекетінің құрылымы киіз үй тұрпатында жасалған. Бұл жерде шаңырақ қағанды я да ханды, уықтар рубасыларын, ал кереге болса халықты білдіреді. Түркі мемлекетінің Парсы, Рим және Қытай мемлекеттерінен айырмашылығы қағандар мен хандарда абсолюттік билік болмайды. Расында да Түркі даласына саяхат жасаған өзге елдердің өкілдері Түркі мемлекетінде шешімдердің кеңес арқылы қабылданатынына назар аударады.

Бүркіт
Түркі қағанаты ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттер Түркі қағанаты мемлекеттік дәстүрі негізінде қалыптасты. Бірақ уақыт өте келе өзге мәдениеттердің ықпалында қалған түркілер басқа мемлекет дәстүрлерін қолдана бастады. Мысалға, шығыстағы ұйғырлар Будда дінінің әсерінен Қытай мемлекеттілік дәстүрін қабылдады. Оңтүстікте Селчуктар парсы-араб мемлекеттілік дәстүрлерін, ал батыстағы Хазар қағанаты римдік-мусеви дәстүрлерін қабылдады.


Түркі мемлекеттілігін бастапқы халінде қайта қалпына келтірген Шыңғысхан болатын. Шыңғысхан өз империясын Көктүріктер секілді «Мәңгі ел» деп атады. Бүгін маңғол деп этникалық атау ретінде қолданып жүрген сөзіміз бастапқыда саяси термин ретінде пайда болған еді. Шыңғысхан өз мемлекетін төрт ұлына бөліп берді. Шағатай мен Үгедейдің ұрпақтары билеген жерлер араб-парсы мәдениетінің ықпалында қалды және кейіннен Әмір Темірдің империясының құрамына енді. Әмір Темір өзін Шыңғыс ханның мұрагері ретінде көрсе де, Әлішер Науаидің Мұхакеметүл-Лұғатайн еңбегінде көрсеткеніндей Парсы мәдени үстемдігін жеңе алмады. Шыңғысханның Төледен тараған ұрпағы Құбылай астанасын Қытайға көшіргеннен кейін түркі мемлекеттілігінің жалғасы емес, Юан әулеті ретінде Қытай мемлекеттілігінің жалғасы болып кетті.
Түркі мемлекет дәстүрін жалғастырған Жошыдан тараған Шыңғыс ханның ұрпақтары болды. Атап айтсақ, Бату құрған Алтын Орда мемлекеті түркі мемлекеттілігінің тікелей мұрагеріне айналды. Алтын Орда өзінің шырқау шегі болып табылатын Өзбек хан кезеңінде 92 баулы елден құралды. Өзбек ханның жасаған реформасы шын мәнінде Ислам мен Түркі мәдениетін яғни Ислам мен Түркі мемлекеттілік дәстүрін бітістірген Яссауи жолының ресми идеология дәрежесіне көтерілуі еді. Міне осыған байланысты Алтын Орда ыдырай бастағанда, өзін Өзбек ханның дәстүріне бекем деп білген түркі рулары Өзбек атын қабылдап, жеке мемлекет құрды. Ал Өзбек мемлекетінің ханы Әбілхайыр Яссауи жолын Нақшыбенди жолына алмастырғанда, бұған наразы болған Керей мен Жәнібек Өзбек ханның дәстүрін қолдаған рулармен Яссауи жолы негізінде яғни түркі мемлекеттілік негізінде Қазақ хандығын құрды. Расында да қазақ сөзінің мағынасына назар аударсақ, оның өзге мәдени ықпалды қабылдамаған, жат ағымдарға қарсы тұрған, өз болмысын, мәдениетін, тілін және ең бастысы төл мемлекеттілік дәстүрін сақтаған деген мағынасы бар.

жылқы
Бүгін Қазақстан Республикасы өзін Түркі қағанаты, Алтын Орда және Қазақ хандығының мұрагері ретінде таныту арқылы шын мәнінде түркі мемлекеттілігінің жалғасы екендігін жариялайды. Қазақ елінің Түркі интеграциясына көрсетіп келе жатқан күшті қолдауы, Түркі кеңесі, ТҮРІКСОЙ, Түркітілдес елдер Парламенттер ассамблеясы сынды ұйымдардағы белсенділігі осының бір айғағы. Қазақстандағы университеттерде Түркология кафедраларының жаппай ашылуы және Түркі академиясының Астанада ораналасуын қазақ ғалымдары мен интеллектуалды элитасының түркі мұрасына ие болуға талпынысы ретінде түсінуге болады. Ал кезінде Көктүріктер тарапынан жетілдірген «Мәңгі ел» ұғымының Қазақстанның ұлттық идеясы ретінде жариялануы және 2015 жылы Қазақ Хандығының 550 жылдығының тойлануы Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттілігінің жалғасы және Түркі әлемінің маңызды орталығы екендігін тағы да көрсетіп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет