Қазақ радиосының 100 жылдығына байланысты өткізілетін іс-шараның викториналық сұрақтары



Дата13.09.2022
өлшемі15,17 Kb.
#38962
түріВикторина

Қазақ радиосының 100 жылдығына байланысты өткізілетін іс-шараның викториналық сұрақтары

  1. Радио туралы ілімнің Қазақстанда жүзеге асуына белсене араласқан қайраткер кім?

Жауап: А. Байтұрсынов

  1. Қазақ тілінде берілген алғашқы радиогазетті атаңыз?

Жауап: «Еңбекші қазақ» газеті

  1. «Шалқар» бағдарламасы қай жылы ашылды?

Жауап: 1966ж.

  1. Алғаш микрофон алдында өнер көрсеткен күйші?

Жауап: Дина Нүрпейісова

  1. 1930 жылы әдеби шығармалары радиодан беріліп тұрған жазушы кім?

Жауап: Б. Майлин

  1. Қазақ радиосының алғашқы әйел дикторы кім?

Жауап: Мина Сейітова

  1. Қазақ радиосы штатында жұмыс істеген атақты ақын кім?

Жауап: Қасым Аманжолов

  1. Қазақ радиосының ардагерлерін атаңыздар?

Жауап: Мина Сейітова, Әнуарбек Байжанбаев, Ермек Серкебаев, М. Мақатаев, Сауық Жақанова т.б

  1. Қазақ радиосының тарихын 1921 ж бастау алатынын ғылыми тұрғыда дәлелдеген ғалым кім?

Жауап: Н. Омашев

  1. Подкаст дегеніміз не? Оның тыңдармандары кімдер?

Жауап: Подкаст туралы білетін адам аз. Подкаст дегеніміз – аудио форматындағы жазба, қандай да бір тақырыпқа арналған радиобағдарлама іспеттес. Бүгінде әлемде түрлі тақырыпқа арналған мыңдаған подкаст бар. Біздің елімізде бұл үрдіс өз қанатын енді ғана жайып жатыр.
Жалпы подкаст өз дамуын 2000 жылдан бастау алады. Ал 2003 жылы әйгілі Apple компаниясы iPod плеерлерін іске қосқалы ол даму қарқыны бойынша шарықтау шегіне жетті. Бүгінде Apple подкасты өзінің iTunes желісіне енгізді. Бұл оны тыңдауды әлдеқайда жеңіл етті. Егерде сіз Android қолданушысы болсаңыз, play market-тен google podcasts-ты жүктеп немесе castbox мобайл қосымшасын жүктеу арқылы подкастарды тыңдай аласыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет