Қазақ тілі тжб 4-тоқсан 2-сынып



Дата14.12.2022
өлшемі461,63 Kb.
#57168

Қазақ тілі ТЖБ 4-тоқсан 2-сынып


Оқылым
1. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. Мәтінге ат қой.

Жыл сайын мамыр айында Жомарттың әкесі үйінің жанына бір түп жас қарағай көшетін отырғызады. Қазір олардың үйінің алдында жап-жасыл алты түп қарағай иық тіресе өсіп тұр. Жомарт дүниеге келгелі бері әкесі баласының туған күніне арнап, белгі ретінде бір түп қарағай отырғызуды әдетке айналдырған.


Енді, міне, жетінші қарағай да осы мекеннің сәні болып жайқалады.

1) Әкесі Жомарттың туған күніне қандай сыйлық жасайды? Жаз.


______________________________________________________

2) Жомарт қазір неше жаста деп ойлайсың? Белгіле (˅).


Алты жаста Жеті жаста


3) Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақалды таңда. Белгіле (˅).


Бір тал кессең, он тал ек. Бабалар еккен шынарды балалар саялайды.


4) Мәтіннен дара және күрделі сын есімдерді теріп жаз.



_

Дара сын есім: _______________ Күрделі сын есім: _______________


5) Сан есімдерді теріп жаз. _____________________________________




Жазылым
2. Берілген суреттердің біреуін таңда. Сызбаға сүйеніп, сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып жаз.



Оқиға неден басталды? Әрі қарай не болды? Оқиға қалай аяқталды?
Балл қою кестесі



Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Мәтінді түсініп оқиды.

1




Мәтінге ат қояды.

1




Білім алушының ықтимал жауабы:
Аулаға қарағай көшетін отырғызады/
аулаға ағаш егеді/ қарағай
отырғызады/ ағаш отырғызады.

1

Сұрақтың мазмұнына
сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.

Жеті жаста / жетіде

1




Бабалар еккен шынарды балалар саялайды.

1




жас

1




жап-жасыл

1




бір, алты, жетінші

1




2

Білім алушының ықтимал жауабы:
1-сурет бойынша:
Жазда әкем екеуміз балық аулауға бардық. Әкем өзенге қармақ салды.
Ол бес балық ұстады. Балықтарды шелекке салып қойды. Мен өз қармағыммен шелектегі балықтарды аулауға кірістім. Әкем менің ісіме қарап, күлді. Біздің демалысымыз
жақсы өтті.
2-сурет бойынша:
Қыздар орманға жидек теруге келді. Маржан мен Ғалия жидегі көп жерге кездесті. Айқайлап басқа қыздарды шақырды. Олар жидек терді. Гүлден тәж жасады. Үйлеріне көңілді оралды.

5

Суреттің мазмұнына сәйкес
болатын кез келген мәтін
қабылданады. Мәтіннің мазмұны тақырыпқа
сәйкес келеді – 1 балл.
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлімі, соңы) сақтайды –
1 балл.
Орфографиялық нормалар-ды сақтайды (3 қатеден артық емес) – 1 балл.
Пунктуациялық нормалар-ды сақтайды (3 белгіден артық емес) – 1 балл.
Каллиграфиялық норма-ларды сақтайды – 1 балл қойылады.

Мәтінге ат қояды.

1




Әңгімелеу мәтінін құрастыра біледі.

1




Барлығы

15





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет