Түйіндеме үлгісі
Қазақша түйіндеме үлгісі
Негізі түйіндеменің басты мақсаты жұмысқа тұрушының жұмысқа қабылдаушыға өзі
жайлы мейілінше нақты және толық ақпарат беру. Төменде көрсетілген түйіндеме шағын
ғана және өте қарапайым. Жұмыс түріне қарай түйіндеме де әркелкі болуы мүмкін.
Әдетте, мемлекеттік мекемелерге белгілі бір стандарттарға сәйкес түйіндеме беру керек.
Ол қысқа да нұсқа, маңызды деген ақпарат белгіленген, кейде сурет пен мақтау қағаздары,
сертификаттар, ұсыным хаттарымен қоса жүреді. Түіндемеге қарап жұмысқа қабылдаушы
жұмыскер жайлы ой түйеді. Сауатты, қатесіз, ұқыпты толтырылған түйіндеме кей
уақыттары жұмысқа қабылдау жайлы шешімнің соңғы нүктесі болуы мүмкін.
Резюме
/үлгі/
Аты-жөнi:
Абай Еркін Хамитұлы
Мекен-жайы:
Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 25 үй, 33 пәтер
Телефон:
8 (7252) хх-хх-хх; ұялы телефон: 8 7хх ххх хх хх
Е-mail:
abaierkin@mail.ru
Жалпы ақпарат
Іс тәжiрибесi: “Аймақын” ЖШС, 2017 – 2018 жыл, Шымкент қаласы.
Бiлiмi:
Орта
1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп
Арнайы орта:
–
Жоғары
: 2000-2004 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – бухгалтер, бакалавр. 2004-
2006 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – экономист, магистр
Тiлдi бiлуi:
Қазақ тілі – ана тілі, Орыс тілі – еркін, Ағылшын тілі – еркін
Компьютердi игеруi:
1 C бухгалтерия, Microsoft Office, Enternet Explorer
Жеке қасиеттері:
ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.
Қосымша ақпараттар:
көлік жүргізуші, халықаралық бухгалтерлер конгрессінің
қатысушысы
Құштарлығы:
тілдер үйрену, кітап оқу, саяхат жасау
Ескерту: Үлгі интернет беттерінен алынды
Достарыңызбен бөлісу: |