Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі әл-Фараби



Pdf көрінісі
Дата28.11.2022
өлшемі306,84 Kb.
#53184


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология Факультеті
СӨЖ
Орындаған: Тенгалов Нурлан
Алматы 2022ж


Креативті маркетинг дегеніміз не
.
Креативті индустрияларды дамытудың 2021 - 2025 жылдарға
арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан
Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын (бұдан
әрі - Ұлттық жоспар) іске асыру үшін әзірленді.
Ұлттық жоспар шеңберінде жаңа ірі отандық жоғары
технологиялы компаниялардың пайда болуы арқылы жастардың
креативті және білімді бөлігін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
және жаңа формациядағы орта тапты дамыту үшін негіз ретінде
технологиялық және венчурлық кәсіпкерлікті дамыту есебінен жаңа
жұмыс орындары құру жөніндегі міндет көзделген.
Қойылған міндетті қолданыстағы Тұжырымдама шеңберінде
шешу Қазақстанда креативті индустрияларды өсудің жаңа әрі
перспективалы көзі ретінде үдемелі және жоспарлы дамытудың
негізін қалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әлемде дәл осы
креативті индустриялар жаңа технологиялардың, жаңа салалардың,
жаңа материалдық игіліктердің және ел үшін маңызды
экономикалық артықшылықтардың негізгі көзі ретінде әрекет етеді.
Прогрессивті әлемдік практика негізінде, сондай-ақ креативті
индустрияларды дамыту мәселелерінде орын алып отырған
олқылықтарды ескере отырып, қолданыстағы Тұжырымдама
шеңберінде мемлекеттің креативті индустрияларға бірыңғай
көзқарасы қалыптастырылады, креативті экономиканы дамытудың
жалпы шеңбері беріледі, бұл өз кезегінде мемлекет тәсілдеріндегі
парадигманың ауысуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, осы Тұжырымдама дамуға қатысты пайымды, негізгі
қағидаттар мен тәсілдерді, сондай-ақ Қазақстанның креативті
индустрияларына қатысты мемлекеттік саясатты іске асырудың
күтілетін нәтижелерін айқындауға бағытталатын болады.
Осы Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде креативті
индустрияларды дамыту үшін қажетті институттық жағдайлар мен
алғышарттар қалыптастырылатын болады. Креативті кәсіпкерлік
субъектілері, сондай-ақ шығармашылық адамдар мемлекеттік
қолдау мен ынталандырудың құралдарына қол жеткізеді.


1. Агымдағы жағдайды талдау
1.1. Қазақстандағы креативті индустриялардың жай-күйін талдау
Креативті индустрияларға шикізаты қиял, шығармашылық және
зияткерлік капитал болып табылатын экономика секторлары жатады.
Мәдениет пен өнердегі классикалық түсінікпен байланысты
экономиканың дәстүрлі секторларынан басқа, креативті
индустрияларға цифрлық секторды, кәсіби, ғылыми және техникалық
қызметті, ақпарат пен байланыс секторын жатқызуға болады.
Экономиканың осы секторының басты айырмашылығы -
зияткерлік меншік объектілерімен жұмыс істеу.
Тұжырымдаманы әзірлеу сатысында әлемде креативті
индустрияларға жататын салаларды айқындау бойынша бірыңғай
әдістеме жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ)
қолданыстағы тәсілдеріне сәйкес креативті индустрияларға 14 бағыт:
дизайн, өнер, сән, кино, музыка, медиа, компьютерлік графика, білім
беру және зияткерлік қызметке негізделген басқа да бағыттар
жатады.
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші негізінде
креативті индустрияларға мәдениет пен өнерді классикалық
түсінумен тікелей немесе жанама байланысты қызмет түрлерін
мынадай секциялар бойынша жатқызу ұсынылады: өңдеуші
өнеркәсіп, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық
қызмет, өнер, ойын-сауық және демалыс.
Қазіргі әлемдік практиканы ескере отырып, креативті
индустриялардың даму жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді
есептеу үшін БҰҰ-ның жіктеу әдіснамасы пайдаланылды, оның
негізінде креативті индустриялардың ағымдағы дамуының жай-
күйіне талдау жүргізілді.
Мәселен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - СЖРА ҰСБ) ұсынған
статистикалық деректерге жүргізілген талдаудың нәтижелері
бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім
(бұдан әрі - ЖІӨ) құрылымындағы креативті индустриялардың үлесі
2,67 %-ды құрады. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін талданатын
барлық кезең ішінде креативті индустриялардың экономикаға


қосқан үлесі 3 % деңгейіндегі тұрақты серпінді көрсетеді.
2010 жылдан бастап креативті индустриялар секторы номиналды
мәнде 3,2 есеге өсті. Бұл серпінді Қазақстанның бүкіл
экономикасының сол кезеңдегі өсуімен салыстыруға болады (3,2
есе).
10 жыл ішінде неғұрлым тез өсіп келе жатқан креативті
индустриялар "Веб-порталдар мен ақпараттық агенттіктер" (65 есеге
өсу), "Мәдени-ойын-сауық іс-шаралары мен әртістік қызмет" (3,8
есеге), "Дизайн, фотосуреттер мен аудармалар" (1,2 есеге) және "Кино
және ТВ-бағдарламалар" (2 есеге) болып табылады.
Креативті индустрияларда жұмыспен қамту өскелең үрдісті
көрсетуде.
2020 жылдың қорытындысы бойынша барлық жұмыспен
қамтылғандардың 3,5 %-ы немесе 310,2 мың адам жоғарыда
көрсетілген индустрияларда жұмыс істейді.
Креативті индустрияларда жұмыспен қамтылған халықтың ең көп
саны Алматы (барлық жұмыспен қамтылған халықтың 7,3 %-ы
креативті индустрияларда жұмыс істейді), Нұр-Сұлтан қалаларында
(6,4 %) және Батыс Қазақстан облысында (4,0 %) байқалады. Аталған
өңірлердің креативті индустрияларында жұмыспен қамтылғандар ел
деңгейінде осы секторларда барлық жұмыспен қамтылғандардың 40
%-га жуығын иеленеді.
Соңғы 10 жылда креативті индустрияларда жұмыспен қамтылган
халық саны 74,2 мың адамға немесе 31,4 %-ға ұлғайды. Олардың
көпшілігі - жоғары білімі бар және мамандығы бойынша қалаларда
жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылар.
Дәстүрлі түрде креативті индустриялардағы еңбекақы елдер
бойынша орташа
еңбекақыдан әлдеқайда жоғары. Мысалы,
Америка Құрама Штаттарында (бұдан әрі - АҚШ) креативті
индустриялардағы еңбекақы орташа көрсеткіштермен
салыстырғанда 34,9 %-ға жоғары. Аустралияда мұндай алшақтық 31
%-ға жетеді. Ұлыбританияда креативті индустриялардағы еңбекақы
орташа еңбекақыдан 18 %-ға жоғары. Ресейде креативті
индустрияларда жұмыспен камтылғандар елдегі орташа


еңбекақымен салыстырғанда 20 %-ға көп табыс табады.
Қазақстанның креативті индустрияларындағы еңбекақы да елдегі
орташа еңбекақыдан жоғары болған. Мұндай үрдіс креативті
индустриялардағы және жалпы бүкіл ел бойынша еңбекақы
арасындағы алшақтық ең жоғары деңгейге жеткен 2016 жылға дейін
жалғасты.
Айталық, 2016 жылы креативті индустриялардағы еңбекақы 191,6
мың теңгені, ал сол кезде елдегі орташа еңбекақы 142,9 мың теңгені
(48,7 мың теңге немесе 34 %) құрады.
Алайда, 2016 жылдан кейін креативті индустрияларда
еңбекақының өсу қарқынының құлдырауы байқалады, ал сол кезде
елдегі орташа еңбекақы тұрақты қарқынмен өсіп отырды. 2020
жылдың қорытындылары бойынша креативті индустриялардағы
орташа еңбекақы 205,1 мың теңгені (орташа еңбекақы - 213,0 мың
теңге) құрады.
Соңғы 10 жылда креативті индустрия саласына
инвестициялардың көлемі 215 млрд теңгеге немесе 4 еседен астам
ұлғайды. Өңірлер арасында креативті индустриялар саласына
инвестициялардың айтарлықтай көлемін Түркістан облысы (2020
жылдың қорытындылары бойынша креативті салаларға бағытталған
инвестициялар үлесі 15,0 %-ды құрады), Алматы қаласы (7,1 %) және
Павлодар облысы (2,0 %) көрсетуде.
Қазіргі әлемдік практиканы ескере отырып, креативті
индустриялардың даму жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді
есептеу үшін БҰҰ-ның жіктеу әдіснамасы пайдаланылды, оның
негізінде креативті индустриялардың ағымдағы дамуының жай-
күйіне талдау жүргізілді.
Мәселен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - СЖРА ҰСБ) ұсынған
статистикалық деректерге жүргізілген талдаудың нәтижелері
бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім
(бұдан әрі - ЖІӨ) құрылымындағы креативті индустриялардың үлесі
2,67 %-ды құрады. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін талданатын
барлық кезең ішінде креативті индустриялардың экономикаға
қосқан үлесі 3 % деңгейіндегі тұрақты серпінді көрсетеді.


2010 жылдан бастап креативті индустриялар секторы номиналды
мәнде 3,2 есеге өсті. Бұл серпінді Қазақстанның бүкіл
экономикасының сол кезеңдегі өсуімен салыстыруға болады (3,2
есе).
10 жыл ішінде неғұрлым тез өсіп келе жатқан креативті
индустриялар "Веб-порталдар мен ақпараттық агенттіктер" (65 есеге
өсу), "Мәдени-ойын-сауық іс-шаралары мен әртістік қызмет" (3,8
есеге), "Дизайн, фотосуреттер мен аудармалар" (1,2 есеге) және "Кино
және ТВ-бағдарламалар" (2 есеге) болып табылады.
Дәстүрлі түрде креативті индустриялардағы еңбекақы елдер
бойынша орташа еңбекақыдан әлдеқайда жоғары. Мысалы, Америка
Құрама Штаттарында (бұдан әрі - АҚШ) креативті индустриялардағы
еңбекақы орташа көрсеткіштермен салыстырғанда 34,9 %-ға жоғары.
Аустралияда мұндай алшақтық 31 %-ға жетеді. Ұлыбританияда
креативті индустриялардағы еңбекақы орташа еңбекақыдан 18 %-ға
жоғары. Ресейде креативті индустрияларда жұмыспен камтылғандар
елдегі орташа еңбекақымен салыстырғанда 20 %-ға көп табыс
табады.
Қазақстанның креативті индустрияларындағы еңбекақы да елдегі
орташа еңбекақыдан жоғары болған. Мұндай үрдіс креативті
индустриялардағы және жалпы бүкіл ел бойынша еңбекақы
арасындағы алшақтық ең жоғары деңгейге жеткен 2016 жылға дейін
жалғасты.
Айталық, 2016 жылы креативті индустриялардағы еңбекақы 191,6
мың теңгені, ал сол кезде елдегі орташа еңбекақы 142,9 мың теңгені
(48,7 мың теңге немесе 34 %) құрады.
Алайда, 2016 жылдан кейін креативті индустрияларда
еңбекақының өсу қарқынының құлдырауы байқалады, ал сол кезде
елдегі орташа еңбекақы тұрақты қарқынмен өсіп отырды. 2020
жылдың қорытындылары бойынша креативті индустриялардағы
орташа еңбекақы 205,1 мың теңгені (орташа еңбекақы - 213,0 мың
теңге) құрады.
Түркістан облысында 2020 жылы негізгі капиталға салынған


инвестициялардың үлесі күрт өсті, бұл, ең алдымен, Түркістан
облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі
кешенді жоспарын іске асыруға байланысты болуы мүмкін.
Алматы қаласы дәстүрлі түрде ел шеңберінде креативті
индустриялардың орталығы болып саналады, сондықтан негізгі
капиталға салынған барлық инвестициялардың 7 %-ы креативті
салаларға бағытталады.
Павлодар облысында креативті индустриялардағы негізгі
капиталға инвестициялар (бұдан әрі - НКИ) үлесінің өсуі "Ақпарат
және байланыс" секторында байқалды (НКИ өсуі 2 млн теңгеден 6
млрд теңгеге дейін 3000 есені құрады), бұл Павлодар облысында
Екібастұз МАЭС маңында орналасқан криптофермалардың ауқымды
дамуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет