Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі225,03 Kb.
#7780

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ  

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

Бекітемін» 



Оқу- әдістемелік жұмысы 

жөніндегі проректор 

______ М.Ә. Перленбетов 

                                                                                             «__»____________2013  

 

 

 



Тілдер, журналистика және туризм кафедрасы 

                                       

 

050117 - «Шешендік өнер және мәнерлеп оқу»  пәнінен 



 

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН (ОӘК) 

 

 

Оқу түрі: күндізгі бөлім 



Барлық кредит саны 2 

Курсы: 3 

Семестр: 5 

Лекция: 20 

Семинар: 10 

Рубежный контроль: 8 

Консультация: 2 

Емтихан: 5 

  

 

 



 

 

Алматы, 2013. 



 

 

  


С И П А Т Т А М А 

 

Халықтың  шешендік  дәстүрі  ежелгі  дәуірлерден  қолданылып  келе  жатқан  аңыз-

әңгімелерде көрінеді. Аңыз-әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебиетінде: 

тұрмыс-салт  жырларында,  ертегілер  мен  эпостық,  лиро-эпостық  жырларда,  мақал-

мәтелдер  мен  жұмбақтарда  шешен  сөйлеу  үлгілері  сақталып  қалған.  Әдебиетшілер,  С. 

Сейфуллин  мен  М.  Әуезовтің  пікірлерінде  орын  алғаны  сияқты,  шешендікті  өз  алдына 

жанр  ретінде  қарайды  да,  оны  халық  ауыз  әдебиетінің  бір  түрі-билер  сөзі  деп  қана 

қарастырады. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Егер қазақтың феодалдық қоғамындағы шешендік 

өнердің басты иелері ру басы-билер болды десек, ежелгі дәуір шешендігі деп атап өткен 

тараудағыдай,  қол  бастаған  батырлардың,  ел  басқарған  көсемдердің,  халықтың  рухани 

демеушісі  болған  ақын-жыраулардың,  халық  арасынан  шығып,  артына  өшпес  мұра 

қалдырған ғұлама ғалымдардың даналық сөздерін қайда қоямыз? Шешендік сөз дегеніміз-

тауып  айтылған  тапқыр  сөз,  ақылға  қозғау  салып,  ой  түсіретін  даналық  сөз,  қиялға  әсер 

етіп,  сезіміңді  қозғайтын  көрікті  де,  әсерлі  сөз,  бұра  тартпас  дәлелімен  тамсандырып, 

таңдай қақтыратын білігір-білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп жатқан оқиғаны жанды суреттей 

көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең 

мағыналы түйінді сөз. 

Шешендік өнерді ғылым ретінде әдебиетшілер де, тілшілер де қарастырып келеді. 

Шешендік өнер екі ғылымға да ортақ. Мынау әдебиеттің нысанасы деп үзілді-кесілді пікір 

айтқандарға  қосылуға  болмайды.  Шешендік  туралы  сөз  қозғағанда,  әрине,  оның 

тақырыптық-мазмұндық  ерекшелігіне  тоқтамай  өту  мүмкін  емес.  Таза  тілдік  көркемдік 

тәмсілдер  тақырыптық,  мазмұндық,  идеялық  ерекшеліктерден  туындайтыны  анық. 

Керісінше, көркем тілсіз шешендік сөз болмайды. Зерттеу  мақсатында әдебиет пен тілге 

айырылатын  терминдерді  қалыптастыру  тұрғысынан  алғанда,  шешендік  сөз  әдебиеттің 

аясына  енеді  де,  шешендік  өнер  сөйлеу  тәсілдерінің  жиынтығын  құрап,  тіл  мәдениеті, 

стилистика  сияқты  ғылымдармен  жақындасып  тілдің  аясына  енеді.  «Шешендік  өнер» 

деген терминнің өзі әу баста латын тілінен алынып, «әдемі, сенімді сөйлей білу қабілеті» 

деген мағынада жұмсалады. Әдемі, сенімді сөйлей білу қабілеті шешеннің сөз таңдау, сөз 

тіркестерін әдемі,  әуезді, әсерлі  құру, бейнелегіш-суреттегіш  құралдарды шебер қолдану 

дағдыларынан қалыптасады. Сондықтан шешендік өнер және мәнерлеп оқу пәнін жүргізу 

кезінде  студенттерге  қазақтың  би-шешендерінің  сөздерінен  тапсырмалар  беріліп  оны  өз 

беттерімен  талдауға  үйретіледі.  Сондай-ақ  бүгінгі  студент  ертеңгі  сыныптардағы 

оқушылардың алдында дәріс беретін сөз шебері болғандықтан  аудиториядағы сабақ айту 

кезінде шешендік сөз өнерінде сөйлеуге де дағдыландырылады. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешендік өнер және мәнерлеп оқу» пәні бойынша жүргізілетін дәріс – 

семинар сабақтары 

 

№ 

тақырыбы 

лекция  семинар 

 

Шешендік өнердің тарихы.  



 



Рим шешені. Орыстың шешендік өнерінің өкілдері 



 



Қазақтық шешендік өнерінің тарихы.  Майқы би. 

Қорқыт 





 

 Аяз би.. Асан қайғы 



 



Жиренше шешен. Ел қорғасқан шешендер. ХҮІІ-ХҮІІ 

ғасыр. Төле би. Қаз дауысты Қазыбек би 



 

Бөлтірік шешеннің әдеби мұрасы. Әйтеке би 



 



Хан-сұлтандарға қарсы шешендер ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. Бек-

болыстарға қарсы шешендер ХҮІІІ-ХІХ ғ. 



 

Дәстүрлі шешендік сөздердің мазмұны мен түрлері. 



 



Сырым туралы деректер мен Сырым атымен 

байланысты шешендік сөздердің мазмұны мен 

көркемдік ерекшелігі. Сырым және Махамбет 



 



10  Көркем әдебиеттегі шешендік сөздер 



 

Барлығы 


20 

10 


 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

Дәрістер 

 

 

                                     №1. Шешендік өнердің тарихы. 

 

Шешендік  өнер  дегеніміз  не?  Шешендік  өнердің  риторика,  психология 



ғылымдрымен  байланысы  шешендік  сөздердегі  кеңесу  билік  және  салтанатты  сөздер. 

Шешендік  сөздегі  кіріспе  кеңесу,  билік  салтанатты  сөз  құрылысы  жағынан  бөлінуі. 

Шешендік сөздің айтылу мақсаты. Шешендік эмоция, шешендік сөздердің мазмұнындағы 

контраст.  



Әдебиеттер: 

1.

 



Ж. Дәдебаев. 

«Бөлтірік Әлменұлы және қазақтың шешендік өнері». А., 1996 ж. 

2.

 

А. 



Байтұрсынов. «Ақ жол». А., 1991 ж. 

3.

 



М. Т. Цицерон. 

«Три трактата об ораторском искусстве». М., 1972 ж. 

4.

 

Аристотель. 



«Риторика. Об ораторском искусстве». М., 1973 г. 

5.

 



Садирова К.К. 

Риторика. Акмола.2005. 



 

 №2.  Рим шешені. Орыстың шешендік өнерінің өкілдері. 

 

Грекиядағы  Периклдің  билік  басына  келуі.  Грекиядағы  мемлекет  басқарудағы  3 



мекеменің ролі. Логографтардың пайда болуы. Сецилиялық Коракс оның шешендік өнерге 

қөз-қарасы.  Сократтың  шешендік  өнері.  Сократтың  ирониясы.  Демосфен.  Оның  сотта 

жеңіске  жетудегі  көзқарасы.  Цицерон-Римнің  шешендік  өнерінің  негізін  салушы. 

Шешенге керек  алты қасиет жайлы. Орыстың Отандық шешендік өнерінің негізін салушы 

Н. В. Ломоносов жіктеген шешенге керек 5 қасиет.  М. М. Сперанскийдің 3 қағидасы. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 

М. Т. Цицерон. 



«Три трактата об ораторском искусстве». М., 1972 ж. 

2.

 



Аристотель. 

«Риторика. Об ораторском искусстве». М., 1973 г. 

3.

 

М. В. 



Ломоносов. «Об ораторском искусстве». Пол. соб. соч. т.2. М., 1959 г. 

4.

 



М. 

М. 


Сперанский. «Об ораторском искусстве». М., 1809 г. 

 

№3. Қазақтық шешендік өнерінің тарихы. Анахарсис. Қорқыт 

 

Қазақтың  шешендік  өнері  Анахарсистен  басталады.  Анахарсистің  скиф 



халықтарының  салт-санасы,  әдет-ғұрпы,  шешендігі  туралы  толғаулар.Тәрбие  туралы 

толғаулары. Қазақтың шешендік өнерінің ерекшеліктері. «Жеті жарғының» гректің Солон 

заңымен  ұқсастығы.  Ы.  Алтынсариннің  тапқырлық  шешендік  сөздері.  М.  Әуезов  пен  С. 

Сейфуллиннің шешендік сөздерді зерттеуі. Қорқыттың өмірге келуі, даналық сөздері. 

 

 

Әдебиеттер: 


1.

 

Геродот. 



«История в девяти книгах». Л. 1972 г. 

2.

 



Платон. 

«Сочинения». В 3-х томах. М., 1968 г. 

3.

 

Агбунов  М.В. 



«Путешествие в загадочную скифию». М., 1989 г. 

4.

 



Ж. 

Дәдебаев. 

Бөлтірік Әлменұлы және қазақтың шешендік өнері. А., 1996. 

5.

 



Т.Жұртбаев. 

Дулыға. 1 т. 1994. Жалын. 

 

 

№4  Аяз би. Майқы би. Асан қайғы 



 

Аяз бидің әділдік сөздері.Халық қиялының кейіпкері. 

Аяз  бидің  шешендік  тапқырлығы.  Майқы  бидің  тапқырлығы.ХІІ-ХІІІ  ғасырдағы 

тарихи кезеңдегі елдің саяси істеріне байланысты айтылған шешендік сөздері. 

Асан Қайғының жер атауымен байланысты айтылған шешендік сөздерінің тарихы. 

Географиялық маңызы. 



Әдебиеттер: 

1.

 



С.С.Гурвич.В.

Ф. Погорелко. М.А. Герман. Основы риторики. Киев. 1988. 

2.

 

Мастера 



красноречия. Сборн. 1991. 

3.

 



«Дау 

шешеді 


дана сөз». А., 1996 ж. 

4.

 



«Билер 

сөзі» 


А., 1992 ж. 

5.

 



Т. 

Кенжалы. 

Асанқайғының дүниетанымы. Қызылорда. 2002 

6.

 



Т. 

Кенжалы. 

Асан қайғы. А. 2006. 

7.

 



В.А. 

Малаховский. О культуре речи в школе. Куйбышев. 1961. 

8.

 

Адамбаев 



Б. 

«Қазақтың шешендік сөздері». А., 2006 ж. 

9.

 

Н.И.Порубов. 



Афоризмы и крылатые изречение об ораторском искусстве. Минск. Высшая школа. 1977. 

 

 



№5  Жиренше шешен. Ел қорғасқан шешендер. ХҮІІ-ХҮІІ ғасыр. Төле би. Қаз 

дауысты Қазыбек би 

 

Жиренше шешен. Жиреншенің атымен айтылатын шешендік тапқырлық сөздер мен 



аңыздардың өткірлігі, тіл шеберлігі. 

Оның  Әз  Жәнібек  кезеңімен  байланысып  келуі.  Қазақтың  ХҮІІ-ХҮІІІ  ғ.  тарихи 

кезеңіңдегі  шығарған  шешендік  сөздері.  Осы  кезеңдегі  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  билердің 

халық  күресін  ұйымдастырудағы  шешендік  сөздері.  Қаз  дауысты  Қазыбектің  қазақ  пен 

қалмақ  арасындағы  шапқыншылықта  екі  елдің  арасына  бітімшілік  жасау  кезіндегі 

мәллегерлік шеберлігі. Қазыбектің саясаттағы шешендік тапқырлығы. 

 

Әдебиеттер: 


1.

 

Адамбаев 



Б. 

«Қазақтың шешендік сөздері». А., 2006 ж. 

2.

 

Б. 



Адамбаев. 

«Тозған қазды топтанған қарға жейді». А., 1991 ж. 

3.

 

К.  Аймбетов. 



«Халық даналығы». Нукус. 1968 ж. 

4.

 



Бұқар 

жырау 


Қалқаманұлы шығармалары. А. 1992. 

5.

 



С.  Сейфуллин. 

«Билер дәуірінің әдебиеті». Т. 

6.

 

Ш. 



Құдайбердиев. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі». Орынбор. 1911 ж. 

7.

 



С. 

Дәуітов. 

«Төле би». А., 1993 ж. 

8.

 



А. Нысаналин. 

«Төле би». Егемен Қазақстан. 30 қараша. 1991 ж. 

9.

 

С.Негимов. 



Шешендік өнер. А. «Ана тілі». 1997. 

10.


 

 Мастера 

красноречия. Сборн.статьей. 1991. Знание. 

11.


 

Платон. 


Сократтың ақталу сөзі. 

12.


 

Б.Адамбаев. 

Қазақ шешендері. А.2008. 

 

№6  Бөлтірік шешеннің әдеби мұрасы. Әйтеке би 



 

Қазақтың небір ділмарларын бір сөзбен тоқтатқан Бөлтірік шешеннің тапқырлығы. 

Шешендік сөздерінің халық тіршілігімен байланысып келуі. Әйтеке бидің қазақтың әдет-

ғұрып заңдарын қорытып «Жеті жарғыны» шығаруы. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 



Б. 

Адамбаев. 

«Қазақтың шешендік өнері». А., 1984 ж. 

2.

 



Ж. 

Дәдібаев. 

«Бөлтірік Әлменұлы және қазақтың шешендік өнері». А., 1996 ж. 

3.

 



Бөлтірік 

шешен.А. «Ғылым» 1994. 

4.

 

Мастера 



красноречия. Сборн. 1991. Знание. 

5.

 



Ж. 

Дәдібаев. 

«Бөлтірік Әлменұлы және қазақтың шешендік өнері». А., 1996 ж. 

6.

 



М.  Төреқұлов. 

«Қазақтың би-шешендері». А., 1999. 

7.

 

О 



культуре 

русской речи. М. Знание.1987. 

8.

 

Г.  Қосымова. 



Қазақ шешендік өнерінің негіздері. А., «Білім».2003 ж. 

9.

 



Б.Адамбаев. 

Қазақ шешендері. А.2008. 



 

 

№7  Хан-сұлтандарға қарсы шешендер ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. Бек-болыстарға қарсы 

шешендер ХҮІІІ-ХІХ ғ. 

 

Байдалы Бекшеұлының ойға жүйрік, ділмар шешендігі жайлы.Байдалы заманында 

қазақтың  «игі  жақсылары»  аға  сұлтандыққа,    болыстыққа,  старшиндыққа  таласқан  кезі. 

Міне  осындай  кезеңді  Байдалы  бидің  шешндік  сөздері  ел  басын  біріктіруде  үлкен  роль 

атқарғаны  Байдалының  шешендік  сөздерін  оның  философиялық  ой  толғамдарын  талдау 

түрінде  баяндалады.Студеттерге  Байдалы  шешеннің  сөздеріндегі  естірту,  көңіл  айту, 

мысқыл сөздерді қалай жеткізгендігін талдап оқуға тапсырылады.   

 

Әдебиеттер: 

1.

 



Ж. 

Дәдібаев. 

Аталған еңбек. 

2.

 



С. 

Негимов. 

«Шешендік сөздер». А., 1998 ж. 

3.

 



Б.Адамбаев. 

Қазақтың шешендік өнері.А. 1984. 

4.

 

Қазақтың  би-



шешендері. А. «Жалын» 1984. 

5.

 



«Шешендік 

сөздер мен мақал-мәтелдер».// Қазақ фольклористикасы. А., 1972 ж. 

6.

 

А. 



Байтұрсынов. «Ақ жол» А., 1991 ж. 

7.

 



М.В. 

Ломоносов. Соб.соч. т.2 Об орторском искусстве. М.1959. 

8.

 

Шарыпов  Н.Х. 



Культура русской речи и татар.М.Наука. 1989. 

 

№8  Дәстүрлі шешендік сөздердің мазмұны мен түрлері. 

          Қазақтың  шешендік  сөздері  жер  дауы  ердің  құны  секілді  дау  таластарды 

қамтиды.  Шешендік  жұбату,  шешендік  толғау,  шешендік  арнау  болып  келетіндігі, 

шешендік  жұмбақ,  шешендік  даулардың  мазмұнына  қарай  жер  дауы,  жесір  дауы,  құн 

дауы,  мал  дауы  болып  бөлініп  келетіндігі.  Шешендік  сөз  құрылысына  қарай  термелі, 

перделі болып екіге бөлінетіндігі.  

 

Әдебиеттер: 

1.Ж. Дәдебаев. Бөлтірік Әлменұлы және қазақтың шешендік өнері. А.1996.  

2. А.Ахметов. Ақ жол. А. 1991. 

3. Д.Н.Александров. Риторика. М. 2002.  

4. Махамбет Өтемісұлы. А.2002. 

5. Г. Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. А., «Білім».2003 ж. 

6. Б.Адамбаев. Қазақ шешендері. А.2008. 



 

№9  Сырым туралы деректер мен Сырым атымен байланысты шешендік 

сөздердің мазмұны мен көркемдік ерекшелігі. Сырым және Махамбет 

 

 

Сырым  мен  Махамбеттің  Жәңгір ханмен  қарсыласқан  кезінде  айтқан  сөздеріндегі 

шешендік  сөздің  түрлері.  Сырымның  шешендік  сөздерінің  құдіреті  батылдығында  емес, 

сыншылдығында, афоризмдерінде, тілінің өткірлігі мен астарлы жұмбақтала келетіндігін 

студенттермен бірге талдау. Қаһарлы сөзімен қамал бұзған Сырымның дәстүрін Махамбет 


пен  Исатай  жалғастырған.  Исатайдың  толғауындағы  шешендік  сөздерді  теріп  алып 

студенттерге талдату. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 



Н.  Төрехұлов. 

Қазақтың би-шешендері. А. 1993. 

2.

 

С.Негимов.Ше



шендік өнер.А. 1997.  

3.

 



Б.Адамбаев.Қа

зақтың шешендік өнері. 

4.

 

Г.  Қосымова. 



Қазақ шешендік өнерінің негіздері. А., «Білім».2003 ж. 

5.

 



Махамбет.  А. 

2002.  


6.

 

А. 



Байтұрсынов. Ақ жол. А. 1991. 

7.

 



Ж. 

Дәдебаев. 

Бөлтірік шешен. А. 1994. 

 

№10  Шешендік өнер және көркем әдебиет 

Ы.  Алтынсарин  Бұхар  мен  Махамбет  жырларындағы  шешендік  сөздердің  жазба 

әдебиетіндегі  тәрбиелік  сипат  алуы.  Абай  поэзиясындағы  ақындық  өнер  мен  шешендік 

өнердің  қоспасы.  С.  Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»  қара  сөзбен  жазылған  шешендік 

шығарма.М.  Жұмабаев.  І.  Жансүгіров,  С.  Мұқанов,  Ғ.  Мүсірепов,  И.  Байзақовтың 

поэзияларындағы шешендік сөздер. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 

С.Негимов. шешендік өнер. А. 1997. 



2.

 

.Б.Адамбаев. Қазақтың шешендік өнері.А. 1984. 



3.

 

С.Сейфуллин. Билер дәуірінің әдебиеті. т.5.1963. 



4.

 

Б. Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А.      1998.  



5.

 

Аристотель. Риторика. Об орторском исскустве.М.1973. 



 

                 



 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет