Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


-сурет. Репарация – бұзылған жерді, үзілген фрагменттерді қосып жөндеу 7.4. Кері транскрипция



Pdf көрінісі
бет119/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   224
25-сурет. Репарация – бұзылған жерді, үзілген фрагменттерді
қосып жөндеу
7.4. Кері транскрипция
ДНҚ-синтезі РНҚ-матрицасында да болуы мүмкін. 1974 ж.
Америка ғалымдары Бальтимор мен Темин ревертаза деген фер-
менттің бар екенін ашып, Нобельдік сыйлықтың лауреаттары 


180
болды. ДНҚ-ның РНҚ-матрицасында синтезделуін кері транс-
крипция деп атайды.
Ревертаза ферменті ДНҚ синтезін РНҚ матрицасында жүр-
гізетін фермент, демек РНҚ-нан информацияны ДНҚ-ға өтуі 
қайтымды процесс болғаны. Қайтымды информацияға жасуша-
ларда орын жоқ, тек қана кейбір вирустарда генетикалық матери-
ал есебінде ДНҚ-ның орнына РНҚ жүреді. Мұндай вирустарда 
ревертаза ферменті жасушаға өткен соң вирустық ДНҚ синтез-
деу үшін қажет. ДНҚ-ның РНҚ матрицасында синтезделуі үш ке-
зеңнен тұрады деген болжам бар:
Бірінші кезеңде, ревертаза ферменті вирустық РНҚ матрица-
сында ДНҚ-ның комплементарлы тізбегін синтездеп, РНҚ жəне 
ДНҚ-ның гибридті молекуласын құрайды. 
Екінші кезеңде, РНҚ-аза ферментінің əсерімен бастапқы РНҚ-
ның тізбегі бұзылады.
Үшінші кезеңде ДНҚ-ның жалғыз тізбегі өзіне комплементар-
лы тізбек құрайды.
Дезоксирибонуклеин қышқылдарының функционалды бірлігі 
транскриптон болып табылады. Транскриптон транскрипцияның 
қарапайым бірлігі, яғни транскрипция кезінде бірдей транскрипт 
беретін ДНҚ бөлігі. Оның құрамында 300-ден (прокариоттарда) 
10
5
-не дейін (эукариоттарда) нуклеотидтер болуы мүмкін.
Промотор - бұл РНҚ-полимеразаны байланыстыру үшін жау-
апты болатын транскриптонның (3
1
) бөлігі. 
Оператор – (акцепторлы немесе басқарушы зона) – бұл транс-
крипцияның ерекше реттеуші белоктарының байланысуына жа-
уапты жəне сонымен бірге транскрипцияны реттеуші транс кри п-
тонның бір бөлігі.
Цистрон – бұл тРНК, рРНК немесе полипептидті тізбектің 
құрылысы туралы хабарлардан тұратын транскриптонның кодта-
латын бөлігі. Цистронның орташа ұзындығы 10
3
 нуклеотидтер-
ден тұрады. Цистрон біреу болса, моноцистрон, көп болса поли-
цистрон деп атайды.
Цистрондар тұтас жəне тұтас емес (үзілген) болып келеді. 
Тұтас емес цистрондар экзондар жəне интрондар болып бөлінеді. 
Тұтас цистрондарда барлық нуклеотидтер ретімен полипеп 
-


181
тидті тізбекті кодтауға қатысады, ал тұтас емес цистрондарда 
барлығы қатыспайды, аз бөлігі ғана қатысады.
Экзондар (В
1

2

3
 ...) тұтас емес цистронның кодталатын 
бөлімі (Е
1

2
,
 
Е
3
...).
Интрондар – цистронның кодталмайтын бөлімі (і
1
, і
2
, і
3
).
Спейсер – бұл цистрондар арасындағы кодталмайтын бөлім, 
ұзындығы 10
4
 нуклеотидке жетуі мүмкін.
Терминатор – бұл транскриптонның бітуі жайында хабар 
беретін оның соңғы бөлігі (5
1
-).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет