Қазақстан республикасындағы діни конфессиялар



Pdf көрінісі
Дата22.01.2017
өлшемі160,06 Kb.
#2456

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ КОНФЕССИЯЛАР 

 

Дюсенбай Арайлым Дінтану 



мамандығының 3 курс студенті, Л.Н. Гумилев ат. ЕҦУ, Астана қ.. 

 

Ғылыми жетекші - оқытушы А.Ә. Дҥйсенова 



 

Осы  тақырыпты  таңдаудың  басты  себебі-  Қазақстан  Республикасындағы  діннің  рӛлі 

мен  мәнін  арттыру.  Тәуелсіздік  жылдарында  елімізде  орын  алған  кҥрделі  саяси-

экономикалық  жаңарулар  мен  ӛзгерулер  ағымында  мемлекеттік  биліктің  қайнар  кӛзі  болып 

табылатын  халқымыздың  рухани  ӛмірі  мен  діни  кӛзқарастары  да  бір  жағынан  толығып,  ал 

енді бір жағынан әр алуан бағыттар бойынша дамып, бҥгінгі кӛптеген этникалық топтар мен 

тҥрлі діндерді ҧстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Халықсыз билік болмайды, 

ал  дінсіз  халық  болмайды.  Халықтың  тҧтастығы  мен  дін  және  мемлекеттің  тҧтастығы 

арасында  тікелей  тәуелді  байланыс  бар.  Кӛптеген  этникалық  топтар  мен  діни  сенімдерден 

қҧралған  біздің  қоғамымыздағы  ӛтпелі  кезеңдегі  дін  атаулының  мемлекеттің  ішкі 

тҧрақтылығы  мен  қауіпсіздігін  қамсыздандырудағы  рӛлі,  ӛндіруші  кҥш  болып  табылатын 

халықты  ҧйымдастыру  қҧдіреті,  халықаралық  қатынастардағы  салмағы  және  еліміздің 

болашағы мен баяндылығына тікелей әсері ӛте анық кӛрініс берді. 

 

«Ораза-намаз  тоқтықта»  деген  мәтелін  негізге  алумен  бастайық.Осы  мәтелде 



айтылғандай,  Әлемдік  және  дәстҥрлі  діндер  лидерлерінің  II  съезін  Қазақстанда  ӛткізу  -  ең 

алдымен  еліміздің  2030  жылға  дейін  жобаланған  стратегиялық  бағдарламасынан 

туындайтын, 

соны  жҥзеге  асыруға  бағытталған  экономикалық 

реформалардың 

табыстылығының  арқасында  мҥмкін  болып  отыр.  Екіншіден,  ол  -  еліміздегі  саяси 

тҧрақтылықтың  арқасы.  Ҥшіншіден,  Қазақстанды  мекендейтін  барлық  ҧлттар  мен 

ҧ

лыстардың арасындағы жарасымды татулықтың, тӛртіншіден, Қазақстандағы негізгі 



 

172


 

діндер  мен  40-тан  астам  діни  конфессиялардың  арасындағы  дінаралық  тҥсіністік  пен 

тӛзімділіктің  негізінде  мҥмкін  болып  отыр.  Сондықтан  Елбасының  қай  кезде  болсын 

қайталап айтатын сӛзі: «Саяси тҧрақтылықтың, қоғамдық келісімнің, ҧлтаралық татулықтың 

арқасында  ғана  экономикалық  реформа  табысты  болады».  Ал  экономикалық  реформа 

табысты  болған  жерде  осындай  әлем  жҧртшылығының  назарын  ӛзіне  аударған  аса  ірі 

халықаралық  шараларды  ӛткізуге  мҥмкіндік  тумақ.  Бҧны  да  біздің  еліміздің,  халқымыздың, 

мемлекетіміздің халықаралық аренадағы жетістігі деп таныңыздар! [1] 

 

Қазір  ақпараттың  кӛпке  аян  ауқымы  адам  қабілеті  қорыта  алар  мҥмкіндіктен 



анағҧрлым  асып  кеткен  тҧста,  қауіп  -  қатердің  жаңа  тҥрі  бой  кӛтеріп,  сыни  зердеге  зәрулік 

айқын  аңғарылуда.  Сӛйтіп  адамдардың  кӛпшілігі  бір  қалыпты  ойлаудың  әлдиіне  бӛленуді 

әлдеқайда  қолайлы  санап  отыр.  Бҥгінгі  адам  әрине,  біздің  ата  -  бабаларымызға  қарағанда 

анағҧрлым білімді, алайда сонымен бірге анағҧрлым салғырт, әсершіл және ҧрандар аясында 

ойлауға бейім. 

 

Барлық халықтар ҥшін дін  - жаулаудың  тәсілі мен тәпсірі  емес, жан сақтаудың  тәсілі 



болғанын  еске  салудың  зияны  жоқ.  Әр  тҥрлі  себептерге  байланысты  мемлекеттік  немесе 

ҧ

лттық  тҧтастық  идеясы  дағдарысқа  ҧшыраған  шақта  елдің  қоғамдық  және  саяси  ӛмірінің 



сахнасына  бҥкіл  рухани  идеяға  ҧйытқы  болып  дін  шығады.  Кӛп  жағдайда  сенімнің 

біртҧтастығы тарихтың  тайғақ кешулерінде  халық  тағдырына араша тҥсіп  отырады.  Алайда 

кейбір  жағдайларда,  мемлекет  рӛлі  баяу  да  басыңқы  болғанда  ӛмірдің  барлық  саласында 

діннің  бел  алуы  сайқымазақтық  сипат  алып  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  қауіп  -  қатер 

тӛндіретін  де  кездері  бар.  Мҧның  ӛзі  жеке  адамдар  мен  халыққа  ғана  қауіп  тӛндіріп 

қоймайды,  кейде  тҧтас  адамзат  ҥшін  де  қатерлі.  Мәселен,  мҧндай  жағдай  жалаң  дінді 

жамылғы  еткен  ауыздықсыз  агрессия  кезінде  кӛрініс  табуы  мҥмкін.  Әлемнің  кӛптеген 

бӛліктерінде, әсіресе, Еуразияның азиялық бӛлігінде діни экстремизмнің, «псевдодіндердің» 

кҥшейе  тҥсуі,  әр  қилы  себептерге  орай  туындауы  мҥмкін  болатын  салдары  тҧрғысынан  да, 

әрі  ескерту  саясаты  мен  ауыздықтау  әрекеттерінің  нҧсқаулары  тҧрғысынан  да,  бҧл 

қҧбылысқа бізді ыждағатпен қарауға мәжбҥр етеді.[5] 

 

Қазақстанда  діни  экстремизм  ҥлкен  аяда  кӛрініс  таба  қоймаған  қҧбылыс,  алайда 



тҥптің  тҥбінде,  конфессиялық  тҧрақсыздық  ҥрдісі  бізде  де  тӛбе  кӛрсетуі  мҥмкін  -  ау  деген 

қауіп  белгілі  дәрежеде  бар.  Демек,  біздің  кӛп  ҧлтты  және  кӛп  конфессиялы  қоғамымызда 

конфессиялық  экстремизмнің  пайда  болу  мҥмкіндігіне  ҥстірт  қарауға  тіпті  де  болмайды, 

олай ету мейлінше қауіпті. 

 

Жалпы,  қазіргі  экстремистік  ҧйымдар  тарапынан  тӛнген  қауіп  -  қатер  олардың  бар 



болуымен  шектеледі деп  есептеуге болмайды. Олардың қару  - жарағы қаншалықты  сақадай 

сай  болса  да,  олар  іс  жҥзіне  асырмақ  болып  отырған  идея  мен  идеологияға  қарағанда 

олардың қарайып жҥргенінен келетін қауіп анағҧрлым аз. 

 

Конфессиялық  қауіпсіздік  деген  кең  мағынасында  -  мемлекеттік  кепілдіктер  мен 



халықтардың  және  ҧлттардың  рухани  әлеуметін  қорғаудың,  сондай  -  ақ  діни  сенім 

еркіндігіне  қауіп  тӛндірушілік  пен  дінаралық  келісімге  бір  мезгілде  қарсы  тҧрушылық 

әрекеттерінің жҥйесі.[2] 

 

Біріншіден,  Қҧдайға  қҧлшылық  ету  және  белгілі  бір  діндердің  ережелеріне  сәйкес 



ырым  -  жораларды  сақтау  ҥшін,  ҧлтына  қарамастан,  Қазақстанның  әрбір  азаматының  діни 

толық  еркіндігі  мен  бостандығын  алдағы  уақытта  да  қамтамасыз  ету  ҥшін  мемлекеттің 

кепілдігі мен қолдауы қажет. 

 

Екіншіден,  Қазақстан  зайырлы  мемлекет  ретінде  конфессияаралық  қақтығыстарға 



қарсы әрекет ететін шаралар қолдануы керек. 

 

Ҥ



шіншіден, мемлекет ҧлттық қауіпсіздікке, қазақстандық азаматтардың ӛмірі мен сау - 

саламаттылығына  қатер  тӛндіретін  діни  экстремизмнің  кез  келген  кӛрінісімен  мақсатты 

тҥрде және нәтижелікпен кҥрес жҥргізіп, оны жҥзеге асырады. 

 

Сонымен,  еліміз  зайырлы  мемлекет  ретінде  дін  істеріне  мемлекеттің  араласпауы, 



осыған сәйкес мемлекеттің тікелей басқару процестеріне діннің де араласпауы принциптерін 

ҧ

станады. 



 

173


 

Дей  тҧрғанмен,  мҧның  ӛзі,  конфессиялық  қҧрылыс  пен  мемлекет  дамуының 

мәселелерінен  мемлекет  сырт  қалады  немесе  сырт  қалуға  тиіс  еместігі  сияқты,  діндер 

адамдар мен діннің ӛзі де қоғам мен мемлекет ӛміріндегі қоғамдық, керек болса саяси мәнді 

рӛл атқармауы керек дегенді де мҥлде білдірмейді. 

 

Жалпы,  Қазақстан  формалды  тҧрғыда  ғана  зайырлы  мемлекет  емес,  шынымен  іс 



жҥзінде  Қазақстан  халқының  тӛл  табиғаты  мен  рухы,  сана  -  сезімі  дінге  деген  тарихи 

кеңшілікте қалыптасқан.[4] 

 

Тҥпкі  мақсатымыз  діни  мемлекет  қҧру  емес,  керісінше,  экономиканың  жетістіктері 



мен адам шығармашылығының еркіндігіне негізделген демократиялық және азаматтық қоғам 

болып табылатын, біздің қоғамның транзиттілігі дейтіннен бастау алады. 

 

Сондай-ақ,  Қазақстандағы  діни  экстремизм  қаупі  жай  ғана  болжал  еместігі  тағы  бар. 



Атап  ӛткендей,  негізгі  қауіп  ең  алдымен,  шырқы  бҧзылған  сырттың  әсерінен  болуы  және 

ондай  қауіпті  нақты  тҧлға  танытып,  экстремизм  элементтері  қазірдің  ӛзінде  бой  кӛрсетіп 

отырған Еуразияның тӛңірегіміздегі аймақтарынан бастау алуы мҥмкін. 

 

Қазақстан  демографиялық  және  мәдени  тҧрғыдан  Еуропа  мен  Азияны  қосады.  Осы 



себептен,  ол  Еуразиялық  ӛркениеттің  бір  бӛлігі  болып  саналады.  Бҧл  орайда  Еуразиялық 

кеңістікте  екі  ірі  әлемдік  діндердің  шекарасының  ӛтетіндігін  баса  айту  қажет,  бҧл  екі  ірі 

этнос:  тҧран  және  славяндық  діни  ҧстанымды  кӛрсететін  ислам  және  христиан  діні. 

Қазақстанның қазіргі кезгі дамуының табиғи жолы  оның тҥрік  - ислам әлеміне қадам басуы 

секілді  болып  кӛрінеді.  Алайда,  біздің  шығыс  кӛршілерімізге  қарағанда  елімізде  тек 

мҧсылман мәдениеті тҥрлерінің басым болуы мҥмкін емес. 

 

Қазақстан  тәуелсіздікке  кол  жеткізген  шақта  қиын-қыстау  кезеңге  тап  болды. 



Коммунистік  идеологияның  қҧлдырауы  нәтижесінде  пайда  болған  идеологиялық  кеңістікті 

діни  идеялар  толтырды.  Белгілі  діни  қайта  ӛрлеу  кезінде  елімізді  тҥрлі  жаңа  конфессиялар 

жаулап, қоғамға ӛз әсерін тигізе бастады. 

 

Жалпы, Қазақстандағы дәстҥрлі діндер ӛздерінің жаңадан пайда болған жақтастарына 



басымдық  кӛрсетпейді,  ӛйткені  олардың  пікірінше  діни  таңдауды  әр  адам  ӛзі  ҥшін  жасауы 

тиіс.  Ал,  дәстҥрлі  емес  ағымдар  мен  деноминацияларға  келсек,  олардың  басым  кӛпшілігі 

дҥниетанымдық  кеңістікті  ӛздерінің  «керемет»  идеологияларымен  толтырып,  белсенді 

психологиялық шабуыл арқылы отандастарымызды қатарларына тартуда. Елімізде ежелден-

ақ  сіңіскен  Ислам  дінінің  тамырына  балта  шаппақ  болып,  ӛздерінің  «жаңа  діндерін» 

орнатпақ  әрекеттерін  жҥргізуде.  Олар  тіптен  тҥрлі  клубтар,  мәдени-спорттық,  сауықтыру 

орталықтары  ретінде  ашылып,  бостандықты  теріс  бҧрмалап,  қоғамда  тартыстар 

алғышарттарына жағдай туғызып отыр.[3], [5] 

 

Мҧндай  деноминациялардың  басым  бӛлігі  протестанттық  бағытты  ҧстанатын 



секталар.  Олар  біздің  еліміздің  азаматтарын,  оның  ішінде  қаракӛз  қазақ  бауырларымызды 

тура  жолдан  тайдырып,  саналарын  бҧрмалауда.  Мҧндай  әсердің  ең  негізгі  нысаны  жастар, 

студенттер,  содан  кейінгі  қатарда  Бҧқаралық  Ақпарат  Қҧралдары  қызметкерлері,  саяси 

тҧлғалар, студенттік жатақханалардың шаруашылық жҧмыскерлері. Жастардың тоталитарды 

культтардың  шырмауына  тҥсуінің  алғышарттары  мынадай:  жанҧя  жағдайындағы 

кҥйзелістер,  ӛтпелі  кезеңдегі  психологиялық  ахуал,  болашақ  ӛмір  алдындағы  ҥрей, 

айналадағы  ортамен  қарым-  қатынастағы  мәселелер,  ӛз  елінің  тарихын,  дінін,  рухани 

мҧрасын толық білмеуден туатын тәрбиенің жоқтығы, Ислам діні туралы білімнің таяздығы. 

Біздің елімізде мектеп шіркеуден бӛлек болғанымен, сектадан ажыратылмаған. Және жастар 

ҥ

шін басқа дінге ӛтудің ең қауіпті  орынның бірі университет болып отыр. Қазіргі таңда бҧл 



қҧбылысқа  дәлел  болатын  айғақтар  ӛте  кӛп.  Оқу  орындарында,  мәдениет  сарайында, 

кинотеатрларда  батыс  миссионерлерінің,  гурулардың  уағыздары  ӛткендігі,  арнайы 

дҥкендерде  сектанттық  әдебиеттің  таратылуы,  шет  тілдерді  ҥйрету  мақсатымен 

миссионерлердің  шақыртылуы  секілді  жайттардың  мемлекетімізде  орын  алғандығы 

тіркелген.  Секталардағы  жастар  ӛмірге,  жанҧяға  деген  қызығушылықты  жоғалтып,  Отанға 


деген  патриоттық  сезімнен  жҧрдай  болады.  Осының  ӛзі,  бізді  қатты  алаңдатуы  тиіс.  Осы 

себептен де бҧл жҧмыс бҥгінгі таңда аса ӛзекті мәселе. 

 

174


 

Осындай  кӛпконфессионалды  Қазақстандағы  конфессияаралық  келісім  де  баса 

назар  аударарлық  мәселе.  Кӛптеген  деноминациялардың  бір  территорияда  бейбіт  ӛмір 

сҥруі  ҥшін  мҧқият  жасалған  саясат  қажет.  Және  бҧл  елбасымыздың,  Парламенттің 

тарапынан  жасалып  отырған  саясат.  Біздің  елімізде  айтарлықтай  ірі  конфессияаралық 

қақтығыстар  орын  алмаған,  мҧның  ӛзі  біздің  басымдылығымыз.  Әрине  бҧл  орайда  бізде 

барлығы  тыныш  деп  те  айта  алмаймыз,  ӛйткені  жерімізде  секталардың  болуының  ӛзі 

белгілі  қауіп  тӛндіреді.  Сондықтан  болашақта  халқымыз,  оның  ішінде  билік 

басындағылар  жаңа  діни  бірлестіктердің  әрекеттерін  заңды  тҥрде  қатаң  бақылауға  алып, 

ғылыми  негізі  бар  конфессионалды  саясат  жҥргізуі  тиіс.  Мысалы,  кӛптеген  секталар 

коммерциялық  ҧйым  жамылғысы  астында  әрекет  етеді,  енді  бірілері  кҥмән  туғызбайтын 

атаулармен  аталып,  қайырымдылық  қор  ретінде  қызмет  кӛрсетеді.  Осының  барлығы 

бірлестіктерді тіркеу кезінде ескерілуі қажет. 

 

Әдебиет


тер 1.Я. Трофимов «Религия в Казахстане» - 10-

25 б. 


 

2.Габов Ю.А., Кист В.Е. «Тоталитарные секты и нетрадиционные культы» 2004 – 30 б. 

3.

 

Қ.Жолдыбайҧлы – Дін мен Діл. – 59 б.  



 

4.

 



Мҧртаза  Бҧлҧтай,  Дін  және  мәдениет.  «Қазақстан-Заман»  халықаралық,  қоғамдық-

саяси, танымдық газет, №22(429), 30.05.2003 ж. және «Инфо-Цес» газеті, №40, 1.  

 

5.

 



Мҧртаза Бҧлҧтай, Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары, «Дала мен Қала» газеті,  

 

№5, 04.02.2005 ж.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет