Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министірлігі



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі45,35 Kb.
#94971
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ
ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Университеті


<<Мәдени және әлеуметтік жұмыс >>кафедрасы
<<Мәдениет және Өнер>> факультеті


Кейс
Тақырыбы: Қазақстан азаматтық және саяси текетірес жылдарында
Орындаған:Асанова А
Тобы:МӨ-22-13К1
Қабылдаған:Мукашева А
Шымкент 2023
Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялықкомитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш»партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.
1. жылы 1(14) қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верныйқаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.
1. жылы жазға қарай кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, АқмолаАтбасарҚостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семейқаласында құлатылды. 
Ақ гвардияшылар коммунистерді, белсенді кеңес қызметкерлері мен оларды жақтаушыларды қатаң жазалады. Мәселен, К. Сүтішев, И. Дубынин, П. Калюжная, Г. Ыдырысов, К. Шұғаев, И. Салов және т.б. көптеген адамдар қаза тапты. ӨскеменКеңесінің басшысы Яков Ушановты кеменің оттығына тірідей жағып жіберді.
Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады.
22 шілдеде Жетісу облысы атқару комитетінің қаулысымен Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Алайда облыстың біріккен қарулы күштері ақ гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир И. Мамонтовтын қайтыс болуына байланысты Абакумов станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.
1918 жылы жазда Кеңес өкіметі ҚазақстандаЖетісудың басым бөлігінде, Сырдарияоблысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.
Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.
«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.
«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].
Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.
Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.
Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтайжиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.
Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.
1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.[4].
1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді».[5]. Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресейүкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.
Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында саяси жағдай әр түрлі еді. Алаш қайраткерлерінің басқа саяси күштерге қатынасы да түрліше қалыптасты. Бөкейханов пен онын айналасындағылар бұл жағдайларды толықтай есепке алды. Семейде Кеңес өкіметі құласымен осында келген Ә.Н. Бөкейханов жаңа жағдайда қимыл жасау тактикасы туралы нұсқау берді. Облыстар мен уездердегі өз әріптестеріне тапсырыс берген нұсқауларының мәтіні Алаш көсемінің мәселеге әр қырынан келгендігін көрсетеді. Мәселен, Орынбордағы Торғай облыстық Алаш комитетінің басшысы Сейітқазым Қадырбаевқа жіберілген жеделхатта былай делінеді: «24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Басқа облыстарда да тізе қоса отырып жұмыс істейміз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Олардың мүшелері земстволық мекемелерден құралсын. Уездік бөлімдер 3—5 адамнан тұрады, олардың біреуі қазақ милициясына қатысты істерді жүргізеді. Екіншісі ақша қаражатын жинаумен айналысады. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды.
Алашорда саясат және мәдениетсаласындағы қазаққа қатысты істерді жүргізеді. Қазақ халқы үшін Алашордадан басқа өкімет жоқ. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Семейлік жігіттер Алтайгуберниясындағы ұрыстан жеңіспен оралды... Дутовпен және Ахмед-Закимен (Валидимен) байланысыңыздар, Түркістандыбольшевиктерден азат ету үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бұл мәселеде Алашорда Дутовпен және Ахмед-Закимен бірдесе әрекет етеді.
Әлімхан (Ермеков. — авт.), Ахмет(Байтұрсынов. — авт.) және Мырзағазы (Есболов. — авт.) Омбыдағы Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуде. Большевиктер құйыршықтарына ешқандай аяушылық болмасын! Алашорда төрағасы Әлихан (Бөкейханов)».[6].
Алаштың Орал облыстық комитетінің басшылығына Ә. Бөкейханов қосымша мынадай ұсыныс жасады:«... он жетінші, он сегізінші жылдардың салығын жинауға дереу кірісіңіздер, атты милицияға адам тартыңыздар, бірінші кезекте еріктілерді алыңыздар... милиция құрамын жасақтау жеделхатты алған күннен бастап үш апта ішінде аяқталуға тиіс».[7]ОмбыЗайсанӨскемен, Көкпекті, ҚарқаралыПавлодарПетропавлКөкшетауАқмола, Атбасар, Баянауылдағы Алаш комитеттеріне келетін болсақ, олар мұнымен қоса қазақ халқынын өкілі міндетін мойнына алып, «Сібірлік уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.[8].
Алайда ұлттық автономия идеясы большевиктер тарапынан кеңестік тұғырнама мен таптық принцип тұрғысында ғана қолдау тапты. Басқа саяси күштердің бәрі бұл идеяның шешімін Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының еркімен байланыстырды.
Алашорданың Батыс бөлімшесі белсенді қызметкерлерінің Ревком мүшесі болуына, сондай-ақ басқа да жауапты қызметтерге қойылуына жол берілмесін».[32].
Екі оттың (Кеңестер мен ақтар қозғалысының) ортасында қалған Қазақстан мен Татарстанжәне Башқұртстан ұлттық-демократиялыққозғалысының көсемдері 1919 жылдың басынан бастап Кеңес өкіметі жағына амалсыз өту туралы шешімге келді. Ол туралы башқұрт ұлттық-демократиялық қозғалысының басшысы, Азамат соғысы кезінде көрнекті мемлекет қайраткері болған, кейін көрнекті шығыстанушы-ғалым атанған Зәки Валиди Тоған былай дейді: «... 1919 жылы ақпанның басында, Күлгін ауылына тоқтағанымызда, бізге Қазақстаннан екі өкіл келді... Бұл екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыновтан хат алып келді және Кеңестер жағына өтумен байланысты іс қалай болып жатқаны жайында келіссөз жүргізді...
Мен Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановқа хат жаздым... Онда мына төмендегілерді айттым: «Жақын күндері кеңестер жағына өтпекпіз... Сіздер олардың жағына өту амалсыз шара екенін білуге тиіссіздер. Оған бізді Колчакка деген шексіз өшпенділік итермелеп отыр... Біз өзіміздің ұлттық принциптерімізге, Алашорда үкіметімен келісімдерімізге адал күйімізде қаламыз. Өздеріңіз білесіздер, Кеңестермен бейбіт келісімге қол жеткізуге сенім жоқ, олардын айтқан сөзіне сенуге болмайды».[26].
Алашорда көсемдерінің амалсыз Кеңес өкіметі жағына шығу қажеттігі жөнінде Зәки Валидимен ниеттес болғаны айқын байқалады.
Ұлттық қозғалыс көсемдері трагедиясыныңмәні, басқа түскен қос ауыртпалықтың қайсысының қасіреті аздау көрінгенін амалсыз тандауында жатыр.
Сол кездегі елдегі аса күрделі саяси жағдай Алаш қайраткері А. Байтұрсыновтың көздеген ойының жүзеге асуын аса күрделендіріп жіберді. Солай бола тұра, оның көрсеткен үлгісі босқа кетпеді. Кеңес өкіметі қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құруға әзірлік жасау жөнінде шешімге келді. Ә.Т. Жангелдин кейін айтып кеткендей, большевизм жағының және Алашорданың өкілдері, яғни тең дәрежедегі ұлттық қайраткерлер ұсынған бұл органды Мәскеу оң қабылдады. 1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ. - К.Н.) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» («Казревком») құру туралы декретке қол қойды.
Казревком құрамына С. Меңдешев, А. Байтұрсынов, С. Пестковский (төраға), кейінірек Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, В. Лукашев, К. Сидоров және басқалар енгізілді.
Казревком төрағасының орынбасары ретінде А. Байтұрсынов «Жизнь национальностей» («Ұлттар өмірі») газетіне «Революция және қазақтар» деген мақала жариялап, онда Алаштың басшылығы мен белсенділерінің саяси табансыздық танытуының себептерін түсіндіруге тырысты, ол қазақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылысының өзгешелігінен, жергілікті жерлердегі кеңестік басшылардың саяси мәдениетінің төмендігінен және қазақ интеллигенциясы большевизмнің мәнін жете түсінбеуінен болғанын айтты. «Осы жолдарды жазып отырған мен де қазақ интеллигенттерінің өкілімін. Жоғарыда айтылғандай, қырғыз (қазақ) ұлтының саяси басшылары патша үкіметіне қарсы күресті. Патшалық кезінде қазақтардың басынан не кешкенін басқадан гөрі біз жақсырақ білеміз.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатұлы баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының
Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды.
Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған.
1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В. И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. В. Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады.
Көріп отырғанымыздай, Ревкомның бұл шешімі Алаш көсемдері аңсаған қазақ қоғамындағы ұлттық келісім мен ауызбіршілік идеясын қабылдамай, өлкедегі ұлттық-мемлекеттік құрылыстың тапты принциптерін негіз етіп алған. Бұл «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен кетуге мәжбүр болғандығын көрсетеді.
Алаш қайраткерлері 19—20-жылдары саяси аренадан кетсе де, Қазақстанның мәдениетімен ғылымын және халық шаруашылығын дамыту ісіне елеулі үлес қосты.
Кеңес өкіметі бірнеше мәрте жариялаған рақымшылыққа (1919, 1920 жылдар) қарамастан, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері XX ғасырдың 20—30-жылдарында буржуазиялық ұлтшылдар және халық жаулары деген жаламен репрессияғаұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет