ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы
Білім беру бағдарламасы:«6В01509» Химия-Биология ЕСЕП Психология-педагогикалық іс-тәжірибе (іс-тәжірибе түрі)
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
«№4 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
( іс-тәжірибе өту орны)
Білім алушы«2 курс, ХБ-201 _____________Алмас Нурсерик
(курс, топ) (Ф.И.О.)
Мектеп директоры_________________Кузенбаева Айнур Жакуповна
(Ф.И.О.)
Сынып жетекшісі _________________ Мухаметова Толкин Болыскановна
Болыскановна
(Ф.И.О)
___________
(Баға)
Семей – 2024 ж
Мен, Сәбитова Арна Айтбекқызы 01.04.2024-.04.2024 ж.ж. аралығында 2-курстағы психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибемді Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткіздім. Іс-тәжірибе басталмас бұрын университеттегі іс-тәжірибе жетекшіміз Исатаева Ж.А конференция өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бірінші күні мектеппен толық таныстым. Яғни мектептің оқу тәрбие жұмыс бағыттарымен таныстым. Оқу тәрбие жөніндегі орынбасарымен кездестім Бекітілген сынып оқушыларымен танысып және олардың сабақтарына қатыстым.Сынып жетекшісімен, сынып журналының құрылымымен, сыныптың сабақ кестесінің мазмұнымен, мұғалімнің күнтізбелік тақырыптық жоспарымен және мектеппен, мектептің паспортымен таныстым. Маған 9 «Б» сыныбы берілді.Сынып жетекшісі Мухаметова Т.Б маған мектептің ішкі тәртібі туралы түсіндіріп өтті Оқу кабинеттерімен, актовый залымен, кітапханамен, спортзалмен, психолог кабинетімен, әлеуметтік педагогпен, медициналық кабинетпен танысу барысында мектепке экскурсия жүргіздім. Санитарлық гигиеналық талаптармен танысып шықтым
9 «Б» сыныбының сабақтарына қатысып, бақылау жасадым. Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, бақылау жасауды үйрендім.Пән мұғалімдерінің сабақтарына жалпы дидактикалық, психологиялық талдау жасауды меңгердім. 1 пән мұғалімінің сабақ жоспарымен таныстым. Сабақ барысында оқушылардың өзін - өзі ұстауын, өзара қарым - қатынастарын, пән мұғалімімен қарым-қатынасын бақыладым. Сабақтарға қатысып, оқушыларды бақылап, жалпы психологиялық талдау жасадым.
Мектептегі практикалық жұмыс маған педагогикалық қызметтің барлық аспектілерін білуге және оқу процесін ұйымдастыру, әртүрлі оқу пәндерін оқыту негіздері, оқытудың әртүрлі әдістері мен әдістерімен танысу туралы идеяларымды едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Менің алдымда педагогикалық қызмет туралы тұтас түсінік қалыптастыру; педагогикалық шеберлікті қалыптастыру негізі ретінде педагогикалық қабілеттерді (коммуникативті, дидактикалық, креативті және т. б.) дамыту міндеттері тұрды; заманауи психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар мен пәндік әдістемелер туралы білімді тереңдету және бекіту; оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын меңгеру.
Екі апта бойы ерте барып оқушыларды түгендеп, сыныпішілік кезекшілікті қадағалап отырдым.Оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Маған тапсырылған сынып оқушыларымен жақын танысып, тез тіл табысып кету үшін танысу жұмыстарын ұйымдастырдым. Оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болдым. Оқушылардың көңіл-күйін бақыладым. Оқушылардың сабақ үлгеріміне көмектесуге тырыстым. Сабақ арасында үзілістерде бос уақыттарымда оұушыларға әртүрлі ойндар ойнаттым Оқушылармен жақсы сөйлесіп,
Өзіме бекітілген 7 «Б» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ.Тәжірибе уақытында сынып жетекшінің қызметін атқарып, үйрендім. Сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жұмыстарын өткізе отырып,сыныппен тығыз қарым-қатынаста болдым. Сәуір айының 2-і «Ұлы Дала мұрагерлері» атты ашық тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға қазақстандық патриотизм идеясын дамыту. Аталардың батырлық дәстүрін, тарихын, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту, мақтаныш сезімдерін ояту және оларға құрметпен қарау. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.Екінші тәрбие сағатын 9-ыншы сәуір күні өттім тақырыбы: Экологиялық проблемалар түрлері,Нәзік планета. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты Табиғатқа деген сүйіспеншілікті, оны сақтауға және қорғауға дайындығын ояту, онда болып жатқан заңдылықтарды түсіну.Тәрбие сағаты балаларға қызықты әрі түсінікті өткізілуі үшін алдын ала жоспар құрып, тақырыпқа байланысты бірнеше ойындар ұйымдастырып, тапсырмалар орындаттым. Тәрбие сағатын өткізу барысында оқушылардың тақырыпқа қызығушылықтарын арттырып, уақытымды үнемді пайдаланып, ойымдағыдай өткіздім. Оқушылар да өте белсенді болды.Тәрбие сағатында әртүрлі қызықты ойындар ойнаттым.Жұмыс барысында психологиялық жұмыстың практикалық дағдыларының жетіспеушілігімен байланысты кейбір қиындықтар туындады.
Мен оқушылардан социометриялық әдіс арқылы Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтадым.Социометриялық әдіс — саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялықәдістерді қолдану.Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды,жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары,ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді.
Социометрия нәтижесі: Нәтижесінде, сыныптың орташа санынан жоғары бөлігі бастапқы категорияларға жататыны анықталды. Социометрия мен социограмма көрсеткіштері бойынша алтауы «танымал», он бірi «қалаулы», төртеуi «қабылданған» санатына кірсе, бiр оқушы «оқшау» санатына кірді. Өзара таңдаулар бойынша сыныпта бірнеше микротоптар бар екендігі анықталды, олар «танымал» және «қалаулы» оқушылардың маңайында құрылған. Бірақ, өзара таңдаулардан микротоптардың бір-бірімен араласатыны байқалады. Жалпы, сыныптың толыққанды біріккен қарым-қатынас деңгейі орташа, беделдік, топтық бөліністер байқалмады.
Тәжірибеден өту барысында негізгі міндеттер сәтті іске асырылды:
Білім беру процесінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу.
Психологиялық диагностика мен түзетудің әдістері мен құралдарын игеру.