Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері



Дата13.04.2023
өлшемі0,77 Mb.
#82529

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері

1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде


Қылмыстық құқық дегеніміз - адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеудің алдын алуға, тұлғаға қылмыстық қиянат келтірілгенде оны одан қорғауға бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.
Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау,
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:
  • Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді.
  • Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап

3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.
4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек
5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында қай тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.
6. Гуманизм принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындаудан тұрады.
7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.
Қылмыс дегеніміз - қылмыстық кодекс нормаларында жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты, қоғамға қауіпті әрекет ( іс-әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстың басты белгілері:
  • оның құқыққа қайшылығы
  • қоғамға қауіптілігі
  • кінәлілігі
  • жазаланатындығы

Қылмыстың санаттары

Қасақана жасалған қылмыс

Абайсызда жасалған қылмыс

Онша ауыр емес қылмыс

Екі жылдан аспайтын мерзімге

Бес жылдан аспайтын мерзімге

Ауырлығы орташа қылмыс

Бес жылдан аспайтын мерзімге

Бес жылдан астам мерзімге

Ауыр қылмыс

Он екі жылдан аспайтын мерзімге

Аса ауыр қылмыс

Он екі жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасына

Қылмыстың санаттары

Қылмыс құрамының элементтері

Элементтердің қажетті белгілері

Элементтердің факультативті белгілері

1. Қылмыс объектісі

Қылмыстың заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастары

Қосымша объектіні құрайтын қоғамдық қатынастар; қылмыс заты

2. Қылмыстың объективті жағы

Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік

Қоғамға қауіпті зардап; әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс ; қылмыс жасау тәсілі; уақыты; орны; жағдайы; құралы мен қаруы;

3. Қылмыстың субъектісі

Адам болуы; есі дұрыс; белгілі жасқа толуы (он алтыға, кейбір қылмыстар үшін – он төрт жасқа)

Лауазымды адам; туыстық қатынасы бар адам; тек ер адам; тек әйел адам; тек ҚР азаматы.

4. Қылмыстың субъективті жағы

Кінә (абайсыздық немесе қасақаналық)

Мотив; мақсат; эмоционалдық жағдай (аффект).

Қол сұғушылықтың топтық объектiсiне қарай қылмыстарды он алты топқа бөледi:
1) Жеке адамға қарсы қылмыстар,
2) Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар;
3) Адамның жəне азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар;
4) Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
5) Мемлекеттiң конституциялық құрылысына жəне қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
6) Меншiкке қарсы қылмыстар;
7) Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
8) Коммерциялық жəне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;
9) Қоғамдық қауiпсiздiкке жəне қоғамдық тəртiпке қарсы қылмыстар;
10) Халықтың денсаулығына жəне адамгершiлiкке қарсы қылмыстар;
11) Экологиялық қылмыстар;
12) Көлiктегi қылмыстар;
13) Мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;
14) Басқару тəртiбiне қарсы қылмыстар;
15) Сот төрелiгiне жəне жазалардың орындалу тəртiбiне қарсы қылмыстар;
16) Əскери қылмыстар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет