«Қазақстан тарихы» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі «Қазақстан тарихы»



Pdf көрінісі
Дата14.02.2023
өлшемі236,31 Kb.
#67849


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі 
1.«Қазақстан тарихы» пәні және оның міндеттері. Тарих, жеке тұлға, мемлекет. Тарих 
және өркениет. Ұлттық тарихтың құндылықтары. 
2.«Қазақстан тарихы» пәнінің басты мақсаты мен міндеттері. Тарих және тарих 
ғылымының тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы 
түсінік қалыптастырудағы рөлі. 
3.Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда және Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық 
жағдай - XX ғасыр басындағы тәуелсіздік үшін күрестің алғы шарттары. 
4.Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар: Қазақ зиялыларының 
қалыптасуы, әлеуметтік құрамы, білімі және қызметі (XX ғасыр басында) 
5.Ресей империясындағы түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының 
өзара ықпалдасуы. 
6.Қазақтардың Ресейдің І-ІІ мемлекеттік Думаларының жұмыстарына қатысуы. 
7.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу әрекеттері. 
8.Ғасыр басындағы қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, жеке тұлғалары. 
9.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. 1916 жылғы 25 маусымдағы 
жарлық. 1916жылғы көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және 
негізгі кезеңдері. 
10.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға 
ықпалының ерекшелігі. 
11.Қазақ комитеті және ұлт мемлекетінің идеялары. Шілдедегі Жалпы қазақ съезі және 
оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы. Желтоқсандағы 
Жалпы қазақ съезі. Большевиктердің билікке келуі. Алашорда билігі және Түркістан 
автономиясының Қоқандтағы билігі. 
12.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Азаматтық қарсыласу жылдарындағы 
Қазақстан. Қазан революциясының 100 жылдығы және оған қазіргі әрқилы көзқарастар. 
13.Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. 
14.Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары. 
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына 
біріктірілуі. 
15.Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. "Кіші Қазан" идеясы. 
Қазақстанды индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыс-
тартыстар. 
16.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен 
отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқаны. Халық 
наразылығы мен көтерілістері. 
17.Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. «Бесеудің хаты». 
Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты. Аштықтың демографиялық салдарлары. 
18.Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт 
мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану амалдары және оның ұлыдержавалық 
астарлары. XX ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер. 
19.Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру мен бөлу. Тоталитарлық басқару 
жүйесі. 30-шы жылдардың «үлкен» репрессиялары (қуғын-сүргіндер), оның ауқымы мен 
ауыр салдарлары. 
20.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы- 
қазақтардың рухани қасіреті. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің 
біржақтылығы. 
21.Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті. 
Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы. 


22.Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және 
жанқиярлық ерліктері. Қазақстандықтардың партизан қозғалысына, Еуропадағы 
қарсыласу қозғалысына қатынасуы. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар. 
23.Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры – қазақстандықтар қасіреті. Фашистердің 
«Түркістан» легионын құру әрекеті. М. Шоқай және басқалар туралы бұрмаланған аңыз 
бен шынайы шындық. 
24.Соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігі. Соғыс жылдарындағы 
ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі. 
25.Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ахуал. Республика өңіріндегі ядролық 
сынақтар және олардың зардаптары. 
26.Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың 
күшеюі. Тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру. Е.Б.Бекмахановтың, 
Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «саяси қателерді» көру әрекеттері. 
27.Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Қазақстан Ғылым Академиясының 
құрылуы. 
28.Хрущевтік «жылымықтың» қоғамдық салаға әсер етуі: партиялық шешімдердегі 
үрдістік ерікті (волюнтаристік) іс-әрекеттер. 
29.Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Н.Хрущевтің реформасы және оның 
тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. 
30.Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. 
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, экологиялық және 
демографиялық зардаптары. 
31.Л.Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі. 1965-1966 жж. 
экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. 
32.КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақсатнның қосқан үлесі. Өндірістегі өзін-өзі 
басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Әкімшіл басқарудың 
аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. 
33.Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі 
табысының төмендеуі. Орталық жүргізген этнодемографиялық саясатының келеңсіз 
тұстары. 
34.Экономикалық дағдарыстар. Арал қасіреті.Семей ядролық сынақ полигоны. Өнеркәсіп 
өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы. 
35.60-80ж. Қазақстандағы мәдениет пен ғылым. Орталықтың ұлттық саясаты. 
36.Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері. Одақтық республикаларда туындаған 
ұлттық шиеленістер. Экономикалық дағдарыс. 
37.Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері. Экономикалық тәуелсіздікке жету 
шараларының жартыкештігі. 
38.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы қызметінен босатылуы. 
1986 жылдың желтоқсан оқиғасы және оқиғаны әділетсіз бағалау. 
39.Қазақстанда ұлт-азаттық сананын өсе түсуі. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі 
туралы Декларация. 1991 ж. тамыз бүлігі және КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның 
ыдырауы. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. ТМД-ның 
құрылуы. 
40.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. "ҚР Тәуелсіз 
мемлекеті туралы" Қазақстан Республикасының Атазаңы. 
41.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. ҚР-рәміздері - туды, 
елтаңбаны, әнұранды бекіту. Қарулы күштер, ұлттық валюта және ұлттық қауіпсіздік. 
42.Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Коституциясын қабылдау. 
Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. 
43.Биліктің үш тармағы: Президент, Парламент және Үкімет-мемлекеттік саяси жүйені 
құрамдас бөлімдері. Президенттік институтты енгізу. 


44.Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы: "Қазақстан -2030" Астананы Алматыдан 
Астанаға көшіру. Құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы 
қауіпсіздік қызметтері және т.б.) құрылуы. 
45.ҚР Президенті К.К.Токаевтың еңбектері мен жолдаулары, идеялары мен мақалалары 
және олардың мазмұны. 
46.Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі және өтпелі кезеңнің қиыншылықтары. 
Экономикалық қайта құру. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. 
47. "Қазақстан - 2020" бағдарламасы. 
48.XXI ғасырдағы экономиканың Қазақстандық үлгісі. ЭКСПО-2017. 
49.Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер.
50.Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері. Білім беру моделі. 
Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы. 
51.Жоғарғы оқу орындарының инновациялық қызметке көшуі және ғылым мен басқаруды 
дамытудың жаңа көзқарастарын қалыптастыру. "Серпін-2050". 
52.Этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы: Қазақстандағы көші-
қон, демографиялық үрдістер. 
53.Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы. 
54.Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және рухани жаңарулар: қоғамдық-саяси 
дамудағы алға басулар. 
55.Қазіргі Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың дамуы. 
56.Ұлтаралық келісім мен татулық - Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен 
демократияны нығайтудың негізі. 
57.Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және Азаматтық қоғамның Қазақстан 
Республикасындағы дамуы. 
58.Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы желтоқсандағы 
азаматтық және саяси құқықтар туралы заң және оны жүзеге асыру. Адам құқықтары 
жөніндегі Комиссияны құрылуы және оның қызметі. 
59.Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы. Қазақстандық бірегейлік пен 
бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің 
іргетасы. 
60.Президент К.К.Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (01.09.2022ж.). 
61.ҚР жастар саясаты және жастар істері бойынша саясаттың негізі бағыттары. 
62.Жастарға әлеуметтік- экономикалық жағдайлар мен кепілдіктер туғызу. ҚР-ның жастар 
саясаты туралы «Қазақстан -2020» даму бағдарламасы. 
63.Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы. 
64.Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетаным қалыптастыру саясаты. 
65.Қазақ тарихын зерттеудегі жаңа көзқарастар. 
66.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. 
67.Тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас 
жүйесін, 
фольклор
, дәстүр, әдет-ғұрыптар, мемлекеттік тілде гуманитарлық толық бағалы 
қорлар жинағын құру. 
68.Тәуелсіздік толғауы» және «Ұлы Дала елі» 
69.Қазақ мемлекеттігі туралы ойлар мен толғамдар ғалымдар тұжырымдарында. 
70.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихындағы ежелгі түрік (түркі) рухани мұраларын 
зерттеу. 
71."Халық тарих толқынында" атты бағдарламасының жаңа тарихи сананы 
қалыптастырудағы маңызы 
72.Тарихи құндылықтар тұрғысынан жаңа тарихи дүниетанымның қалыптасуы мен 
патриотизмді тәрбиелеу. 
73.Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда "Қазақ хандығының 550 жылдығының" аталып 
өту маңызы. 


74.Қ.К.Токаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті 
мәселелердің көтерілуі және Қазақ халқының қалыптасуының алғышарттарына жаңа 
көзқарас. 
75.Ауызша тарих айту дәстүрін, шежіренің және жазбаша тарихнаманың жаңаша 
тарихнамалық бағалануы. 
76."Мәңгілік ел" - ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. 
77.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі және негізгі басымдық мақсаттары. Оның 
елдің дамуына әсер ететін рухани күшінің мәні. 
78.Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі «Тәуелсіздік. Келісім. болашағы бір тұтас ұлт» 
атты ХХІV сессиясында қабылданған "Мәңгілік Ел" патриоттық актісінің тарихи маңызы. 
79. Қазақстан - әлем мойындаған ел. 
80.Қазақстан Республикасының мақсатты бағыты - халықаралық қатынастардағы ұлттық 
қауіпсіздікті нығайту, қауіп-қатерлерді азайтуға ұмтылу. 
81.ҚР сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызметі. 
82.Қазақстан Республикасының бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссиясы. Қазақстанның 
2010 жылғы желтоқсандағы ЕҚЫҰ Саммитіне төрағалық етуі. Қазақстанның БҰҰ 
Қауіпсіздік Кеңесінде сайлануы - Қазақстан 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ 
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі. 
83.Еуразия идеясы дамуы ҚР Президенті Қ.К.Токаевтың заманауи түсінігінше. 
84.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Токаевтың кітабының мазмұндық мәні. 
85.«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ұлттың жоспары 
«100 нақты қадам» негізінде - Стратегия-2050 мақсаттарына тікелей жол. 
86.Адами капиталдың сапасын жақсарту және 
институционалдық трансформация

қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - үшінші модернизация 
(жаңғыруының) басты басымдықтары. 
87.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі идеялары - «Болашаққа 
көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту (модернизациялау)» 
88.«Болашақ басты: рухани жаңғыру» - «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту 
(модернизациялау)» - қазіргі қазақстандық қоғамның жаңа түрін жаңғырту. 
89.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен 
ауыстырудың жаһандық стратегиялық маңыздылығы - қоғамдық сананы жаңғыртудың 
мақсатты жоспары. «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы. 
90.Рухани жаңғыру - өзіндік ұлттық кодты, ұлттық ерекшелік, ұлттық сәйкестілікті сақтау 
мен тәуелсіздік бағдарламасының ең маңызды басымдылығы. 
91.Ұлы даланың жеті қыры. 
92.ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019-2020 жылғы Қазақстан халқына жолдауы. 
93.Ел президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы. 
94.Қазақстанның жаңару жолындағы жасап жатқан саяси реформалары. 
95.Қазақстандағы білім беру жүйесі.Білім саласындағы реформалар. 
96.Кредиттік оқыту жүйесі.Цифрлы Қазақстандағы қашықтықтан оқыту мәселелері. 
97.ҚР жастары.Қазақстан жастар альянсы.Жасотан жастар 
қанаты.Жастардың,студенттердің еріктілер одағы. 
98.Қазақтың ұлттың болмысы, мәдениеті. 
99.Қазақстан мәдениеті жаһандық кеңістікте. 
100. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, «Ұлттық қоғамдық сенім 
кеңесі». 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет