«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



Дата03.04.2022
өлшемі25,75 Kb.
#29698

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша

мемлекеттік емтихан сұрақтары
1. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.

2. Ұлттық тарихтың басымдықтары. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж.).

3. Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы (5 маусым 2013 ж.). Тарихты оқыту мен зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру.

4. Джадидтік - ресей мұсылмандарының ағартушылық идеологиясының кезеңі. Мұсылмандық білім жүйесін модернизациялау.

5. Жәдидтіктің ағартушылық ойларының Қазақ Даласына ықпалы.

6. Ресей империяның түрік-мұсылман халықтарының бірігуіндегі «Иттифак-эль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі.

7. Қазақ зиялыларының Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.

8. Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің пайда болуы, эволюциясы және сабақтастығы (ежелгі дәуірден Қазақ хандығының құрылуына дейін).

9. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары мен кезеңдері. 10. Қазақстан жерінде ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғасырдың басындағы жерді пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформаларының зардаптары.

11. Қазақстандағы XIX ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы мәдениет және рухани-идеологиялық процестер.

12. ХХ ғ. басындағы қазақ ағартушылары Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров , М. Дулатов, А. Байтұрсынов және т. б.

13. Санжар Жаппарұлы Асфендияровтың тарихи еңбектері және оның маңызы.

14. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсері. Қарқаралы петициясы.

15. Қазақстандағы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық баспасөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап» және т.б.).

16. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ өлкесі.

17. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.

18. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы.

19. ХХ ғ. басындағы саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-улемия» және т.б.

20. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы (1917 ж.).

21.Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәні.

22. Қазақстандағы Қосөкімет және оның ерекшеліктері.

23. 1917 жылдың шілдедегі I жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы.

24. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.

25.1917 жылғы желтоқсанындағы ІІ - ші жалпы қазақ съезі. «Алашорда» өкіметінің құрылуы.

26. 1917 жылы қарашадағы ІV-ші мұсылмандардың төтенше съезі. «Түркістан» автономиясының құрылуы. Мұстафа Шоқайдың қызметі.

27. Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

28. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі қарама-қайшылықтары.

29. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекет құру идеясын күйретуі.

30. «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық республикасы» құрылуы. (26 тамыз 1920ж)

31. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық және оның салдары.

32. Қазақстандағы жер-су реформасының мақсаты және нәтижелері.

33. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері.

34. ЖЭС-тің сипаты және қиыншылықтары.

35. Қазақ жерлерінің Қазақ Кеңестік Автономдық Социалистік Республикасы (ҚКАСР) құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж).

36. ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері, мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.

37. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.

38. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптары.

39. 1928 жылғы тәркілеу саясаты және оның саяси-экономикалық салдары.

40. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны.

41. Қазақстандағы 1929-1931 жылдардағы көтерілістер.

42. Сталиншілдік және Голощекиншілдік геноциді: қазақтардың аштан қырылуы.

40. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны.

41. Тұрар Рыскұловтың мемлекеттік және саяси қызметі.

42. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымындағы теориялық-саяси мәселелер.

43. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. Әлеуметтік-экономикалық, этнодемографиялық және саяси жағдай.

44. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін-қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы (1937-1938 жж).

45. Қазақстандағы ГУЛАГ.

46. Эмиграциядағы Мустафа Шоқайдың саяси қызметі-түркі халықтарының рухани жаңаруына қосқан үлесі

47.1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.

48. Қазақстанға өзге ұлт өкілдерін күштеп қоныстандыру.

49.Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстанның майдан арсеналына айналуы.

50. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майданындағы ерліктері.

51. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерліктері.

52. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлт саясаты. Қазақстандағы депортация.

53. Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.

54. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары.

55. ХХ ғ ІІ жартысындағы қоғамдық өмірдегі адам құқын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б. еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру.

56. 1940-1950 жылдардағы білім беру, ғылым, мәдениет.

57. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.

58.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары.

59. 1960-1980 жылдардағы КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі.

60. 1958 жылғы Теміртау оқиғасы.

61. Л.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. 1965 - 1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы.

62.Кеңестер Одағы тұсындағы экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары.

63. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты (1971-1985жж.).

64.ХХ ғасырдың 60-70 жж. экологиялық дағдарыстар.

65. Қазақстандағы мәдениет пен ғылым (1960 жылдардың ІІ-жартысы мен 1980 жылдардың І-жартысы).

66. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі.

67. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Қазақстандағы экологиялық жағдай.

68. ХХ ғ ІІ жартысындағы ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы.

69. КОКП ОК сәуір Пленумы (1985 ж.) бағыттары. Қайта құру.

70. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі, себептері және оның тарихи маңызы.

71.1985-1990 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал.

72. Тоқырау кезеңіндегі экономикалық дағдарыс. КСРО-нің құлауы (1990-1991 жж).

73. 1986-1991 жылдардағы тәуелсіз ұйымдар мен партиялар, қозғалыстар және олардың қызметі мен бағдарламалары.

74. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуының себептері мен қорытындылары (1979-1989 жж.).

75. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы.

76. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі. Президенттік басқарудың енгізілуі.

77.1980 жылдардың екінші жартысында КСРО-да жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы және көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

78. 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР Егемендігі туралы» декларацияның жариялануы және ондағы негізгі мәселелер.

79. 1991 жылғы тамыз бүлігі.

80. 1991 жылы 1 желтоқсандағы Қазақ КСР Президентіне сайлау өткізу және оның қорытындылары

81. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Конституциялық Тәуелсіздігі туралы заңның қабылдануы. Заңда көрсетілген мәселелер.

82.1991 жылғы Алматы декларациясы. ТМД -ның құрылуы

83.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қабылдау, тарихи маңызы.

84. Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.

85.Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.

86.Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.

87. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау (1993 жыл 28 қаңтар, 1995 жыл 30 тамыз)

88. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту .

89.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.

90. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы.

91. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан-2030. (Алматы, желтоқсан 1997 ж.)

92. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

93. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

94. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі.

95. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік реформалары және әлеуметтік жаңаруы.

96. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.

97. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайлары және оның тарихи маңызы.

98. Н.Ә.Назарбаевтың «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы ролі.

99. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары.

100. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен тарихи маңызы.

101. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.

102. Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы.

103. Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.

104. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы.

105. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп бағыттылығы.

106. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы Саммит – дүниежүзілік маңызы бар оқиға.

107. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық модель» даму жолының құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлары.

108.Тәуелсіз Қазақстан Республикасында индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.

109.Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.

110. Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы.

111. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қызметі.

112. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шараларының мәні.

113. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты.

114. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым - Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбаты (2014ж.).

115.Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида.

116. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәні.

117. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі.

118. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы.

119. Қазақстан Республикасында үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығы.

120. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі негізгі қағидаларын: соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамалары.

121. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайлары және оның тарихи маңызы.

122. 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі.

123. 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні мен мазмұны.

124. «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауы (2019 жыл, 2 қыркүйек).



125. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласының мәні мен мазмұны. (2020 жыл 9 қаңтар)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет