Қазақстанның рәміздері,әнұраны,ту және елтаңбасы



Дата22.11.2022
өлшемі3,44 Mb.
#51774
түріПрезентация
Байланысты:
Құқық Умирзакова К 2

  • Презентация

Орындаған:Умирзакова Кундыз
Қабылдаған:Алимкулова Акмарал
Тобы 1601-11
Қазақстан Республикасының рәміздері

Жоспар:

  • 1.Қазақстан Республикасының әнұраны
  • 2.Қазақстан Республикасының
  • Елтаңбасы
  • 3.Қазақстан Республикасының
  • Туы

1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер:Елтаңба,Ту,Әнұраны бекітілді.
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Шәкен Ниязбеков
1992 жылы
4 маусым
Елтаңба
Жандарбек Мәдібеков
Шот-Аман Уалихан
1992 жылы
4 маусым
Әнұран
Сөзі:Ж.Нәжімединов
Н.Назарбаев
Әні:Ш.Қалдаяқов
2006 жылы
7 қаңтар
Ту
Қазақстан Республикасының әнұраны 1956 жылы жазылған,толықтырулар және енгізулермен өлеңді мемлекеттік әнұран деңгейіне жеткізген “Менің Қазақстаным”әйгілі әні.2006 жылы 7 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының әнұраны болды.ҚР тұңғыш президенті әнұран мәтініне түзетулер енгізгеннен кейін авторы болып көрсетілді.
ҚР-ның мемлекеттік елтаңбасынын негiзi — шаңырақ. Ол- елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шанырак - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберінің Қозғалыстағы суретi iспеттi, Шанырак- киіз үйдің күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасынын бейнесі. Тұлпар- дала дүлділі, ер-азаматтын сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңіске деген жасымас жiгердiң, кажымас қайраттын, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандықка ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - казак поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздык киялдың, талмас талаптың, асыл мұраттын, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол Өлмес емiрдiн бейнесi. Бiр шанырактын астында тату-тәтті өмір сүретiн Қазақстан халқының есiп өркендеуін, рухани байлыгын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбанын тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының авторлары - Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
Мемлекеттік Елтаңба
Туға,мөрге,металл ақшаға,мемлекеттік ғимараттарға
Республика Президентінің жұмыс бөлмесінде,Парламент мәжілістері өтетін залда
Орталық және мемлекеттік мекемелерде,Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің үйіне орнатады
Мемлекеттің шекарасындағы бағанаға салынады
Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi, тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста Ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолак ернектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашык аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халкының бiрлiк, ынтымак жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлык халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштык пен жақсылықтың нышаны болган. Геральдика (гербтану) тiлiнде көк түс және оның түрлі ренкi адалдык, сенімділік, үміт сияқты адамгершiлiк касиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "кек" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшін қасиетті ұғым. Түркi және әлемнiн өзге де халыктарындагы кек тустiн мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халкынын жана мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп корытуга болады. Нұрға малынган алтын күн тыныштык пен байлыкты бейнелейдi. Күн козгалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенің бастауындай, билiк, айбындылык бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған кыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, казак халкынын жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Мемлекеттік ту
Парламенттің,Үкіметтің,министрліктердің мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына
Республика Президентінің
сарайына
Әскери адамдар Отанға адал ант берген кезде
Қазақстанның шет елдегі елшілектерінің ғимараттарына орнатылады
Ұлттық мерекелер кезінде

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет