Қолданбалы курс
Жалпы білім беретін мектептің
10-11-сыныптарына арналған
Химия және экология курсының бағдарламасы (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
«Табиғатпен байланыс балаларға тек эстетикалық тәрбие беріп қоймайды, сонымен қатар, баланың бойында адамгершілік көзқарасы дамыйды, дұниетанымы кеңейтіледі және алған әсері толықтырылады»
К.Д. Ушинский
Түсінік хат Курстың оқыту бағдарламасы 34 сағатқа 10-11-сынып оқушыларына есептелген. Химия пәнінің оқулығының тараулары бойынша негізделген бағдарлама. Бағдарлама аудан көлемінде аудандық әдістемелік кабинетімен таратуға ұсынылған ( хаттама№3 9 қаңтар 2012 жылы) . Бағдарлама авторы: жоғары санатты химия-биология пәнінің мұғалімі В.Бакитова
Қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешуде ең маңызды рөлді білім саласы атқарады. Жер бетінде өмір сүретін адам жас күнінен бастап қоршаған ортаға қамқорлықпен қарамау қандай зардабтарға әкелетінін білу керек; қоршаған ортаның ластану себебінен қандай арурулар пайда болатыны; генетикалық ауытқулар; өсімдіктермен жануарлырдың өлімдері; жердің құнарлығының төмендеуі; ауыз су қорының азаюы т.б. Бұны тек біліп қоймай, сонымен қатар, бұл жағдайдағы өзініңде жауапкершілігін сезіну қажет. Бірақта , бүгінгі мектеп түлектерінің денсаулықты, адамзатты, биосфераны сақтау мәселелері бойынша білімдері тайыз және жалпы экологиялық мәселелер туралы білімдері төмен.
Химия пәнін экологияландырудың негізгі мақсаты -бүгінгі оқушыларды қоршаған ортаны ластану мәселерін шешуде белсендіктерін арттыру . Қазіргі заманда экологиялық мәселелерді шешуде жаңа бағдарламалар еңгізілуде. Ең тиімді әдістердің бірі-бұл экологиялық мәселе бойынша есептер шығару.
Оқу үрдесінде бұл әдістерді пайдалану теориялық материалды дәлелдеп күнделікті өмірде тиімді пайдалануда ықпал тигізеді. Сұраққа жауап алуда оқушы міндетті түрде табиғатты қорғау мәселелермен байланысып осы алған білімді күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік алады.
Бұл бағдарлы курстың бағдарламасы табиғатта, тіршілікте кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі организмге тигізетін зиянын сабақтастық ұстанымымен оқып білуді үйретеді.