Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет288/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   870
Тораптағы ортаға тартылыс

Торапқа  мүше болудың жеке тұлғаларға тигізетін әсері сол торап мү- 

шесінің  тораптан  қандай  орын  алатынына  байланысты.  Тораптан 

орын алудың маңызды шарты -  ортаға тартылыс.

Ортаға тартылыс тораптағы бір адамның басқалармен тура неме- 

се жанама  байланыстарының санын білдіреді;  байланыс саны неғүр- 

лым көп болса жеке адамның ортаға тартылысы соғұрлым жоғары бо- 

лады (Faris, Robert & Felmlee, 2011).

Адамдар тораптағы орталық орынға қалай және не себепті ие болга- 

нына қарамастан, сол орнын ұстап тұру олардың әлеуетін көтереді. Егер 

Падма өз тобындағы ең танымал қыз болса ол курстастарының кейбірін 

мүлде  елемеуі  мүмкін,  себебі  оның  басқа  достары  көп.  Оның тораптан 

орталық  орынды  иемденуі  онымен  дос  болғысы  келетіндердің  қата- 

рын  көбейтеді.  Падмаға  онымен  дос  болғысы  келетіндер  әңгіме-дүкен 

құру, алдағы емтихандарға көмектесу, концерт билеттерін беру сияқты 

ұсыныстар жасайды. Сөйтіп, ол өз әлеуетін арттыруға көмектесетін түрлі 

ресурстармен жарақтануға мүмкіндік алады.

Тораптағы  орта  үғымы,  әсіресе  білім  беру  мекемесінде  болагын 

қорлаудың  және  физикалық  агрессияның  себептерін  түсінуде  пай- 

далы  (Faris,  Robert  &  Felmlee,  2011).  БАҚ  көбінесе  зорлық-зомбылық 

жасайтын  маргиналданған  тұлғаларды  жиі  көрсетсе  де  әлеуметтік 

зерттеулер бүларда  басқа  адамдарды қорлауға  қажетті ресурстардың 

аздығын, қолжетімділік деңгейі төмендігін, сондықтан айтарлықтай 

қауіпті  еместігін  түсіндіреді.  Керісінше,  тораптан  орталық  орынды 

иемденген тұлғалардың басқаларға зорлық-зомбылық жасауға айтар- 

лықтай мүмкіндіктері бар, өйткені бүл адамдар өздері қалаған нәрсе- 

лерінің көпшілігіне қол жеткізе алады, алайда олар ондай іс-әрекетке 

мүқтаж  емес.  Қорыта  келгенде,  физикалық  агрессия  тораптан  орта-

Әлеуметтік желі - жеке 

адамдардың арасындағы 

қатынастардың жиынтығы.

Ортаға тартылыс -  адамның 

басқалармен тікелей немесе 

жанама байланыстарының 

санын білдіреді.

лық  орынды  иемденушілер  арасында жиі кездеседі және жеке тұлға- 

лар  ең  басты  үстанымдарға  (және  бәсекелестікке)  ұмтылған  сайын 

арта түседі (Faris, Robert & Felmlee, 2011; Gould, 2003).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет