Бағдарламасы негізінде әзірленді 2010 ж. «20» тамызда кафедра отырысында ұсынылған №1 хаттама. Кафедра меңгерушісі Исимбеков Ж. М. 20 ж



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі134,54 Kb.
#9842

Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Биология және экология кафедрасы

                                                      

 

Ботаника пәнінен



5В080100 – Агрономия мамандығының студенттеріне арналған

       


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Павлодар


 

Кегль 14,

буквы

строчные,



кроме

первой


прописной

Мамандықтың мемлекеттік жалпыға

міндетті білім беру стандарты және типтік

бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу

бағдарламасын бекіту парағы 

        

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/31

БЕКІТЕМІН 

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________

Құрастырушы:

 _________   б.ғ.к., аға оқытушы Мадиева Қ.М.

                       

Биология және экология кафедрасы  

Ботаника пәні бойынша 

5В080100 – Агрономия мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Жұмыс   бағдарламасы   мамандықтың   Мемлекеттік   жалпыға

міндетті   білім   беру   стандарты   3.08.359   және   РОӘК-ң   2006

жылғы 22 маусымындағы хаттамасымен бекітілген оқу типтік

бағдарламасы негізінде әзірленді 

2010 ж. «20»  тамызда кафедра отырысында ұсынылған № 1

хаттама. 

Кафедра меңгерушісі     ______  Исимбеков Ж.М.     20__ж. «____» ________

Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010ж. «25» 

тамыз № 1 хаттама 

ОӘК төрағасы  ___________ Бүркітбаева Ұ.Д. 

20__ж. «_____»___________



КЕЛІСІЛГЕН 

ХТжЖФ   деканы   ____________

 Ахметов   Қ.Қ.

 

20__ж.



«_____»_____________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А.  

20__ж. «_____»_______

            

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған  

20__ж. «___»______________  №____ хаттама 



1 Пәннің  мақсаты  -  ағзалардың өсімдік формаларының көптүрлілігін

тірінің   ұйымдасу   деңгейіне,   эволюциялық   және   онтогенетикалық   даму

сатыларына, адам тіршілігі мен биосферадағы өсімдіктің роліне байланысты

зерттеу; арнайы агрономиялық пәндерді тиімді меңгеру және оқып, білу үшін

ғылыми негіз жасау.

 

Пәннің міндеті  -  студенттерге ботаниканың негізгі бөлімдері: өсімдік

морфологиясы және анатомиясы, өсімдіктің көбеюі, флорография негіздері,

өсімдік   систематикасы   негіздері,   геоботаника,   өсімдіктер   фитогеографиясы

элементтері   мен   экологиясы   бойынша   білім   беру;   ауылшаруашылық   және

басқа өсімдіктер тобының түр құрамын, онтогенез және филогенез деректерін

ескеріп, өсімдік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысын

зерттеу;   өсімдіктер   мен   оларды   қоршаған   орта   арасындағы   өзара

байланыстарды зерттеу; ауылшаруашылық мәдени өсімдіктерінің тіршілігін

басқару   әдістерін   өнімділігін   арттыру   мақсатында   зерттеу;   өсімдіктердің

маңызы мен оларды қорғау жолдарын белгілеуді үйрету.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде: 

–  Өсімдік   әлемін   жер   биосферасының   құрамдас   бөлігі   ретінде,

өсімдіктердің   көптүрлілігін,   өсімдіктердің   морфологиялық   ұйымдасуын,

өсімдіктердің шығу тегі мен олардың құрлықта тіршілік етуіне байланысты

анатомиялық-морфологиялық

 

дифференциациясын,



 

автотрофты,

гетеротрофты   және   симбиотрофты   ағзаларды,   олардың   зат

айналымындағы   және   жердегі   энергияның   өзгерісіндегі   ролін,

ауылшаруашылық өсімдіктер топтарын  (азықтық, тағамдық,  бау-бақшалық,

т.б.) жөнінде түсінік болу;

– осы пәнді оқу барысында әрбір шәкірт - өсімдіктердің көптеген және

әртүрлі  морфологиялық   және   анатомиялық   белгілерін   ажырата   білу.

өсімдіктерді анықтай білу.

-

өсімдіктердің   өсуін,   дамуын,   гүлдеуін,   жеміс   беруін,   көбеюін



бақылау,   олардың   даму   барысын   басқару,   бақылау   нәтижелерін   суретте,

сызбада, фотографияда, кестеде, сондай ақ сипаттамаларда көрсете білу.

-

ботаникалық   материалды   жинап,   өңдеп,   өсімдіктердің



систематикалық   топтары   бойынша   гербарий   жасау,   оны   монтаждау,

ботаникалық коллекция даярлау практикалық машықтарын иемденуі қажет;



2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған

білім, икемділік және машықтар қажет: мектеп курсынан биология, экология,

химия т.б.



3 Постреквизиттер 

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар

 

келесі


пәндерді   меңгеру   үшін   қажет:

  өсімдіктер   систематикасы,   өсімдіктер

физиологиясы.  


4 Пәннің мазмұны 

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары 

4.2 Пән тақырыптарының мазмұны 

1 тақырып. Ботаниканың пәні, мәндеттері, әдістері мен даму 

тарихы. Өсімдіктердің адамдар өміріндегі маңызы. Өсімдіктер әлемін 

қорғау.

Ботаника   ғылымы   туралы   жалпы   түсінік,  мазмұны.  Ботаниканың

биологиялық   ғылымдар

 

жүйесіндегі   орыны,   оның   басқа   ғылымдармен



байланысы.   Ботаниканың   мақсаты,   міндеттері   мен   әдістері.  Өсімдік

ағзаларының   айналуының   филогенетикалық   жолдары.   Өсімдіктердің

табиғаттағы   және   адамдар   өміріндегі   маңызы   мен   көптүрлілігі.   Жасыл

өсімдіктердің ғаламдық маңызы.   Ботаниканың дамуының негізгі сатылары

мен келешегі.   Өсімдік әлемін дұрыс пайдалану және қорғау. Ботаниканың

негізгі салалары. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер.  

р/с


Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-

қатынастық сағаттар саны 

дәріс


тер

зертха-


налық

практи-


калық

(сем)


СӨЖ

1

Ботаниканың пәні, мәндеттері, әдістері мен



даму   тарихы.  Өсімдіктердің   адамдар

өміріндегі   маңызы.   Өсімдіктер   әлемін

қорғау.

1

4



2

Өсімдік   цитологиясы   негіздері:   өсімдік

клеткасының   құрылысы,   оның   химиялық

құрамы мен қызметі. Митоз, амитоз, мейоз.

2

3

4



3

Гистология негіздері: өсімдік ұлпаларының

классификациясы,   олардың   құрылымы,

өсімдік   мүшелерінде   орналасуы   және

қызметі 

2

3



8

4

Тамыр және тамырлар жүйесі



2

2

4



5

Өсімдіктің   вегетативті   мүшелері.  Өркен

және   өркендер   жүйесі.     Жапырақ   пен

сабақтың морфологиясы және анатомиясы.

2

3

16



6

Өсімдіктердің   генеративті   мүшелері   және

олардың   құрылымы  (гүл,   гүлшоғыры,

жеміс, тұқым мен өскіндер).

2

3

16



7

Өсімдіктердің көбеюі: жынысты, жыныссыз

және  вегетативті. Гаметофит пен спорофит.

Өсімдіктердің даму циклі.

4

1

8



         БАРЛЫҒЫ :

15

15



-

60


2 тақырып. Өсімдік цитологиясы негіздері: өсімдік 

клеткасының құрылысы, оның химиялық құрамы мен қызметі. Митоз, 

амитоз, мейоз.

Өсімдік   жасушасын   зерттеу   тарихы   мен   жалпы

сипаттамасы.  Цитоплазманың   физикалық   қасиеттері   мен   химиялық

құрамы,   оның   субмикроскопиялық   құрылымы.   Өсімдік   клеткаларының

органеллалары.  Клеткадағы   органикалық   және   минералдық   заттардың

жинақталуы   және   шоғырлануы   формалары.  Клетканың   қорлық     заттары.

Алмасудың   соңғы   өнімдері.  Клетка   қабықшасы.   Клетка   қабықшасының

қызметі   мен   маңызы.   Қабықшаның   химиялық   құрамы   мен   молекулалық

ұйымдасуы. Плазмодесмалар. Клетка аралықтар. Саңылаулар және олардың

түрлері.


3  тақырып.  Гистология   негіздері:   өсімдік   ұлпаларының

классификациясы, олардың құрылымы, өсімдік мүшелерінде орналасуы

және қызметі.

Ұлпалардың   анықтамасы,   жалпы   сипаттамасы   және   жіктелу

принциптері.     Ұлпалардың дамуы және орта шарттары арасындағы өзара

байланыстар. Түзуші, жабындық, фотосинтездеуші, қорлық, ауалық, сорушы,

арқаулық, өткізгіш ұлпалар, олардың дамуы, өсімдік денесінде  орналасуы,

құрылысы, қызметі және маңызы. Өткізгіш шоқтар және олардың түрлері.



4 тақырып. Тамыр және тамырлар жүйесі.

Тамырдың   анықтамасы,   оның   шығу   тегі,   қызметі.   Тамырдың

морфологиялық   және   анатомиялық   құрылысы.   Тамырдың   төбелік

меристемасы. Тамырдың алғашқы және соңғы ұлпаларының түзілуі. Тамыр

оймақшасы.   Тамырдың   аймақтары.   Тамырдың   бұтақталуы.   Өсімдік

тіршілігіндегі   қосалқы   тамырлардың   ролі,   тамырлар   типі.   Тамырлар

жүйесінің орналасуы мен кө

5  тақырып.  Өсімдіктің   вегетативті   мүшелері.  Өркен   және

өркендер   жүйесі.     Жапырақ   пен   сабақтың   морфологиясы   және

анатомиясы.

Өсімдіктің вегетативты органдары жөніндегі түсінік. Өркен мен оның

бөліктерінің   анықтамасы   мен   жалпы   сипаттамасы.   Буын   және

буынаралықтар.   Бүршіктер,   олардың   жіктелуі,   бүршіктен   өркен   дамуы.

Өркеннің   төбелік   өсуі.   Жылдық   және   қарапайым   өркендер.   Өркеннің

бұтақтануы.  Акротония,   мезотония,   базитония.   Дихотомиялық,   жалған;

моноподиальды және симподиальды бұтақтану. Өркендер жүйесінің түзілуі.

Сабақтың   анықтамасы,   жалпы   сипаттамасы   және   негізгі   атқаратын

қызметтері. Дара жарнақты және қосжарнақтылар класының шөптесін және

сүректі   өсімдіктері   сабақтарының  анатомиялық   және  морфологиялық

құрылысы.  Жапырақтың   морфологиялық   құрылыс.  Жапырақтардың

анатомиялық құрылысы. Жапырақтың өткізгіш жүйесі. Жапырақтың дамуы.

Жапырақтың тіршілік ұзақтығы.

6 тақырып. Өсімдіктердің генеративті мүшелері және олардың 

құрылымы (гүл, гүлшоғыры, жеміс, тұқым мен өскіндер).

  Өсімдіктің   генеративтік   мүшелеріне   жалпы   сипаттама.  Жыныссыз,

вегетативті   және   жынысты   көбею,   олардың   биологиялық   мәні.   Гүлді


өсімдіктер жер үсті өсімдіктерінің эволюциясының жоғарғы сатысы.  Гүлдің

анықтамасы, құрылысы, дамуы және оның қызметі. Тостағанша – гүлдің өсі.

Симметрия түрлері.  Гүл диаграммасы және формуласы.  Андроцей. Гинецей.

Мегаспорогенез   және   микроспорогенез.   Гүлдің   тозаңдануы   мен   ұрықтануы.

Гүлдің шығу тегі туралы болжамдар және оның эволюциясының бағыттары.

Гүл және тозаңдану. Гүлшоғының сипаттамасы және жіктелуі. Жемістердің

анықтамасы,   түзілуі,   құрылысы,   жіктелуі   және   биологиялық   мәні.

Апокарпты,   синкарпты, паракарпты және лизикарпты жемістер.  Тұқымның

құрылысы.  Жемістердің және тұқымдардың таралуы.

7  тақырып.  Өсімдіктердің   көбеюі:   жынысты,   жыныссыз   және

вегетативті. Гаметофит пен спорофит. Өсімдіктердің даму циклі.

Өсімдіктердің   көбеюі.   Өсімдіктің  репродуктивті   мүшелеріне   жалпы

сипаттама.  Жыныссыз,   вегетативті   және   жынысты   көбею,   олардың

биологиялық   мәні.   Өсімдіктердегі   спора   түзілуі   мен   жыныстық   процесс.

Өсімдіктердегі әртүрлі споралылық. Гаметафит пен спорофит. Даму циклында

гаметофиті басым өсімдіктердің көбеюі (Мүктәрізділер бөлімі) даму циклында

спорофиті   басым   өсімдіктердің   көбеюі

 (Плаун   тәрізділер,

Қырықбуынтәрізділер,   Папоротник   тәрізділер,   Жалаңаштұқымдылар,

Жабықтұқымдылар).



Әдебиет: [1-27]

4.3 Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі

1) 2 тақырып. Өсімдік цитологиясы негіздері: өсімдік клеткасының 

құрылысы, оның химиялық құрамы мен қызметі.  Зертханалық жұмыс №1.

Өсімдік жасушасының құрылысы.  

Өсімдік   жасушасының   құрылысын   пияздың   шырынды   қабығының

және   пеларгонияның   эпидерма   клеткалары   мысалында   зерттеу.   Қабығын,

цитоплазманың қабырғалық қабатын, ядро мен ядрошықты, клетка шырыны

мен вакуольды байқап көру.

2)  3  тақырып.  Гистология   негіздері:   өсімдік   ұлпаларының

классификациясы, олардың құрылымы, өсімдік мүшелерінде орналасуы

және қызметі. Зертханалық жұмыс №2. Түзуші ұлпалар.

Элодеяның   төбелік   бүршігінің   ұзына   бойы   кесіндісі   препаратында

алғашқы   түзуші   ұлпаның   дамуымен   және   асқабақ   сабағының   көлденең

кесіндісінде   камбий   соңғы   меристемасының   құрылысымен   және  бузина

перидермасы феллогенін танысу. 

Зертханалық жұмыс №3. Жабындық ұлпалар.  

Алғашқы   жабын   ұлпасын   құртқашаш,

 пеларгония,

хлорофитум 

жапырағы эпидермасын зерттеу, осы өсімдіктердің

устицалық аппарат құрылымының ерекшеліктерімен танысу.

Картоп   түйінінің,   бузина   сабағының   анатомиялық

кесіндісін микроскоп арқылы зерттеу және олардың өлі және

доформацияланған эпидермасы  мен перидермасын табу.

Зертханалық жұмыс №4. Механикалық ұлпалар.

Қызылшаның жапырағы тілшесінің көлденең кесіндісінде механикалық

ұлпа-колленхиманы   және   қазтамақ     сабағының   ұзына   бойы   және   көлденең


кесіндісінде  –   механикалық   ұлпа-   склеренхиманы   зерттеу.   Алмұрттың

піспеген   жемісінің   жұмсағынан   жасалған   препаратта     склереидтер

құрылысымен танысу. 

Зертханалық жұмыс №5. Өткізгіш ұлпалар.

Өткізгіш ұлпалар – ксилема мен флоэманы асқабақ сабағы, папоротник-

орляк   тамырсабағы,   қарағай   сүрегі,   жүгері   мен   қарабидай   сабақтарының

радиальды   кесіндісінен   жасалған   тұрақты  препараттарда   зерттеу.   Өткізгіш

шоқтарды талдау: биколлатеральды, коллатеральды, концентрлі.



3) 4 тақырып. Тамыр және тамырлар жүйесі. Зертханалық

жұмыс   №

6.  Дара   жарнақты   өсімдіктердің   алғашқы

анатомиялық құрылысы.  

Дара   жарнақты   өсімдіктердің   алғашқы   анатомиялық

құрылысымен   құртқашаш   тамырының  тамыр   түктерінің

аймағының   мысалында   танысу.   Орталық   цилиндрді,   алғашқы

қыртысты, эпиблеманы табу.

Зертханалық   жұмыс  №7.  



Қос   жарнақты   өсімдіктердің

соңғы анатомиялық құрылысы.

Асқабақтың   жас   тамырының   көлденең   кесіндісінен   жасалған   тұрақты

препаратта   камбий   қабатының   әрекетінің   басталуымен   танысу,   жетілген

тамырдың клденең кесіндісі препаратында оның соңғы құрылысымен танысу.



4)  5  тақырып.    Өсімдіктің вегетативті мүшелері.  Өркен және

өркендер   жүйесі.     Жапырақ   пен   сабақтың   морфологиясы   және

анатомиясы.

Зертханалық   жұмыс   №8.  Қарағай   мен   жабықтұқымды   сүректі



өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысы.

Қарағай, қайың, жөке ағашы сабақтарының ұзына бойы және көлденең

кесіндісі   тұрақты   микропрепараттарында 

жалаңаштұқымды   шоқсыз

анатомиялық   құрылысын   зерттеу,   сондай   ақ   қарағай,   қайың,   алма   ағашы,

шырша, терек, үйеңкі көпжылдық діңдерінің кесіндісмен танысу.

Зертханалық жұмыс №9. Шөптесін қос жарнақты (зығыр, кирказон)

және   дара   жарнақты   (жүгері,   қарабидай)   өсімдіктердің   сабағының

анатомиялық құрылысы.

Зығыр   мен   кирказон   сабақтары   мысалында  шөптесін   қос   жарнақты

өсімдіктердің   сабағының   анатомиялық   құрылысын   зерттеу.   Ұлпалар   мен

олардың   кешенін   бөліп   қарастыру.  жүгері,   қарабидайдыың   сабақтарының

көлденең   кесіндісі   мысалында  шөптесін   дара   жарнақты   өсімдіктердің

сабағының анатомиялық құрылысын зерттеу. 

Зертханалық жұмыс №10. Жапырақтың морфологиялық құрылысы.

Тірі бөлме өсімдіктерінде және гербарий үлгілерінде тілшелі, отырмалы,

қынапты жапырақтар мен олардың жүйкеленуін зерттеу. Жапырақ тақтасының

кең   тараған   түрлері   қарапайым   тұтас   жапырақтар   және   қарапайым   бөлінген

жапырақтармен танысу; сондай ақ күрделі жапырақтар түрлерімен, жапырақ

тақтасы шетінің тілінуімен танысу.

Зертханалық   жұмыс   №11.

 Жапырақтың   анатомиялық



(микроскопиялық) құрылысы.

Құртқашаш,   жүгері,   камелия,   қарағай   жапырақтарының

микроскопиялық құрылысымен танысу. Жапырақтағы ұлпалардың орналасуы

мен ерекшеліктерін анықтау.

5)  6  тақырып.  Өсімдіктердің генеративті мүшелері және олардың

құрылымы (гүл, гүлшоғыры, жеміс, тұқым мен өскіндер).

Зертханалық   жұмыс   №12.  



Гүлдердің   әртүрлілігі   мен

құрылымы. 

Әртүрлі өсімдіктердің: магнолия, сарғалдақ, аскөк, алма

ағашы,   қырыққабат,   сексеуіл,   картоп,   жалбыз,   лалагүл,

бидай гүлінің құрылымын зерттеу.  Зерттелген гүлдердің формуласы

мен диаграммасын құрастыру.

Зертханалық   жұмыс   №13.  



Гүлшоғырының   құрылыс   мен

жіктелуі.

Гүлшоғырын морфологиялық талдау принциптерін және

графикалық суретінің ережелерін білу.  Гүлшоғырдың негізгі

түрлерін   зерттеу.   Жолжелкен,   мойыл,   жоңышқа,   сәбіз,   бидай,   сүттіген,

күнбағыс,   алма   ағашы   гүлшоғырларын   талдау.  

Гүлшоғыры   сызбасын

құрып, оны суреттеу.  

Зертханалық   жұмыс   №14.  Жемістер,   олардың   құрылысы   және



жіктелуі.

Жемістердің   ең   басты   типтерін   талдау,   келесі   өсімдіктердің: бұршақ,

жұмыршақ, көкнәр, меңдуана, мақта, қарақұмық, сарғалдақ, магнолия, бүлдірген,

бидай, үйеңкі, шомыр, картоп, шие, таңқурай, алма ағашы, қиярдың жемістерінің

құрғақ және ылғалды материалдарын қолданып, оларды зерттеу.

Зертханалық   жұмыс   №15.  Қос   және   дара   жарнақты   өсімдіктердің



тұқымдарының құрылысы.

Үрмебұршақ,   бұршақ,   бидай,   жүгері,   тары   тұқымдарына

морфологиялық   талдау   жүргізу.   Олардың   пішінін,   ішкі   құрылысы   мен

ұрығының құрылысын зерттеу.



6) 7 тақырып. Өсімдіктердің көбеюі: жынысты, жыныссыз және

вегетативті. Гаметофит пен спорофит. Өсімдіктердің даму циклі.

  Зертханалық   жұмыс   №16.  Көкек   зығыры   мүгі   мен   қылқан

жапырақты ағаш Кәдімгі қарағайдың даму циклдері.

Көкек   зығыры   мүгі   мен   кәдімгі   қарағайдың  гербарий   үлгілерін

қарастыру.   Әдістемелік   нұсқауды   қолданып,   зерттелген   өсімдіктердің

сипаттамасын құру, қарағай мен көкек зығырының гаметофиті мен спорофитін

табу. Зерттелген өсімдіктердің даму циклдерін суретке салу.



Әдебиет: [1-9]

4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны 

4.4.1 

СӨЖ мазмұны 

СӨЖ түрі


Есеп беру

нысаны


Бақылау түрі

Сағатқа


шаққан

дағы


көлем 

1

Дәріс сабақтарына дайындалу 



Сабаққа қатысу

15 


2

Практикалық сабақтарға 

Жұмыс

Сабаққа қатысу





дайындалу (сабақ тақырыбы 

бойынша материалды меңгеру,  

тапсырмаларды шешу және т.б.)

дәптері


3

Зертханалық жұмыстарға дайындалу

(сабақ тақырыбы бойынша 

материалды меңгеру, есеп беру 

шаблонын дайындау)

Есеп беру

шаблоны

ЗЖ рұқсат алу



15 

4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына 



кірмеген материалды меңгеру  

Конспект


(және т.б.)

Коллоквиум

(және т.б.)

15 


6

Семестрлік тапсырмаларды орындау

(рефераттар, глоссарий) 

Реферат,


глоссарий

СТ қорғау

10

7

Бақылау шараларына дайындалу 



1 МБ, 2 МБ

(тестілеу)

5

       Барлығы:



60

4.4.2   Студенттердің   өздігінен   оқуына   бөлінген   тақырыптардың

тізімі 

1) Ботаника тарихы.

Ботаниканың   адамның   тәжірибелік   әрекеті   мен   сұраныстарының

әсерінен  сондай ақ қоғамдық формациялар ауысуымен, мәдениет, білім, ғылым

өркендеуімен байланысты дамуы.

Р.Гук,   М.Мальпиги,   Н.Грю,   К.Линней,   И.В.Гете,   М.Шлейден,  Т.Шванн,

Ч.Дарвин, Э.Страусберг, Ф. Ван Тигем, Э.Джеффри еңбектерінің маңызы.



2) Митоз, амитоз, мейоз.

Өсімдік   клеткаларының   көбею   типтері.   Митоз,   амитоз,

мейоздың   анықтамасы.   Жанама   және   редукциялық   бөліну   сатыларының

сипаттамасы және олардың мәні . 



3) Онтогенез пластидтердің өзара айналымы.

Пластидтердің   шығу   тегі,   олардың   жеке   дамуы   мен   өзара   айналымы.

Лейкопласттардың   хлоропласттар   мен   хромопласттарға,   хлоропласттардың

хромопластқа, лейкопластқа айналуы. Пластидтердің көбеюі.



4Меристемалардың цитологиялық сипаттамасы.

Жарық және электронды  микроскопиялауда төбелік меристемалардың

сипаты. Біртекті, мөлдір, жұқа түйіршікті цитоплазма, көп мөлшерде рибосома

мен митохондрий болуы, меристемада ақуыз және басқа заттардың қарқынды

алмасуын көрсетеді.

5) Трахеальды элементтер эволюциясы мен елек тәрізді түтіктердің

гистогенезі. 

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде трахеидтер пайда болуы. Трахеидтердің

түтіктерге айналуы және эволюция барысында түтіктер мен трахеидтердің  түр

өзгерісі. Селагинелла, қырықбуындар және кейбір папоротниктердің түтіктердің

пайда болуы. Жабықтұқымды өсімдіктердің түтіктерінің пайда болуының мәні.

Елек   тәрізді   түтіктердің   онтогенетикалық   дамуы.   Жолсерік

клеткалардың елек тәрзді түтіктер арқылы ассимилянттар өткізуіндегі ролі. Қос

жарнақты   өсімдіктерде,   кейбір   папоротниктерде   және   дара   жарнақты

жабықтұқымдылардың елек тәрізді түтіктерінің тіршілік ұзақтығы.

6) Өскіндердің құрылысы мен дамуы.


Тұқымдардың өну шарттары. Жер асты және жер үстінде өсу, өскіндердің

дамуы.   Бидай,   тары,   жүгері,   үрмебұршақ,   бұршақтың   әртүрлі   жастағы

өскіндерінің   құрылымы.  Өскіндердің  мүшелерінің  даму  реті,  ұрық  түбірінен

басты тамырдың дамуы, бүйірлік және қосалқы тамырлардың пайда болуы мен

даму реті, сабақша мен тұқым бөліктерінің гипокотиль мен эпикотилдің дамуы.

Әртүрлі өсімдіктердің өскіндерінің айырмашылықтары.



7) Тамырдың метаморфоздары.

Тамырдың   түр   өзгерісінің   себептері.   Микориза   және   бактериялармен

бірлесіп тіршілік ету. Тамырлар:  сіңіретін, қор жинайтын, ауалық, тыныстық,

жүретін, бағана тәрізді, олардың сипаттамасы.



8) Жапырақтың орналасу диаграммасы.

Жапырақтың   орналасу   диаграммасын   құру   принциптері.   Кез   келген

өсімдіктің   өркендерін   барлық   түйіндерін   олардың   жапырақтарымен   бірге

шартты сызбамен көлденең жазықтықта 4-ке бөлу.



9) Сабақтың алғашқы құрылымын эволюциялық күрделілендіру.

Ван   Тигем   бойынша   стеланың   анықтамасы.   Остік   мүшелердің

анатомиялық   құрылысындағы   эволюция   бағыттары   туралы   стела   теориясын

жоғарғы   сатыдағы   өсімдіктердің   тамыры   мен   өркендерінің   эволюциялық

қалыптасуы туралы теломдық теорияның ұстанымдарымен келістіру  Стелдер

типтері   (гаплостела,  актиностела,   сифоностела,   диктиостела,   эустела,

атакостела) және олардың эволюциясы.

10) Өркендер метаморфоздары.

Жер   асты   өркендері:   тамырсабақ,   столондар,   түйнектер,   пиязшықтар,

түйнек пиязшық. Каудек теориясы. Жер асты арнайы өркендері және олардың

бөліктері: мұрттар, кладодиялар, филлокладиялар, тікенекті мұртшалар.



11) Бөлме өсімдіктерінің вегетативті көбеюі.

Бөлме   өсімдіктерінің   вегетативті   көбеюін:   өну   бүршігі   арқылы,

қалемшемен, бұталарды бөлу арқылы және басқа да тәжірибелік мысалдар

келтірумен сипаттау.



12) Апокарпты және ценокарпты гинецейлердің шығу тегі мен и

эволюциясы.

Апокарпты және ценокарпты гинецейлердің анықтамасы және олардың

шығу   тегі.   Көпжемістілер,   раушангүлділер,   толстянкалардағы   жеміс

жапырақтарының   эпидермальды   қабаттарының   болуы.

 Тозаңқаптың

эволюциясы.   Ценокарпты   гинецейдің   эволюциясы.   Синкарпты,  паракарпты

және лизикарпты гинецейлердің сипаттамасы. 

13) Тұқымдар мен жемістердің таралуы.

Тұқымдар   мен   жемістердің   жел   арқылы  (анемохория),   сумен

(гидрохория),   жануармен  (зоохория),   адаммен   (антропохория),   құмырсқамен

(мирмекохория) таралуы.



Әдебиет: [1-27]

5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1. Андреева И.И., Родман А.С. Ботаника. - М: Колос, 2003.

2. Бавтуто   Г.А.,   Ерей   Л.М.   Практикум   по   анатомии   и   морфологии

растений. - Минск: Мот.издания, 2002.

3. Серебрякова   Т.И.,   Воронин   Н.С.,   Еленевский   А.Г.,   Батыгина   Т,Б.,

Шорина Н.И., Савиных   Н.П.   Ботаника   с   основами   фитоценологии:

Анатомия и морфология растений.-М.:ИКЦ «Академкнига», 2006г

4. Коровкин,       О.       А.       Анатомия   и   морфология   высших

растений:[словарь  терминов].-М.:Дрофа,2007.-268 с. 

5. Дүрмекбаева,   Ш.   Н.   Өсiмдiктер   морфологиясы   мен

анатомиясының   практикумы:   оқу  

  құралы.-

Көкшетау:Келешек-2030,2008.-100 б.  

6. Каденова   А.Б.   Лабораторный   практикум   по   морфологии   и   анатомии

растений. - Павлодар: ПГУ, 2004.

Қосымша:

7. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. Биология. Т.2. Ботаника.: Оникс 21 век.

2004.

8. Бекмуратова     С.   Т.   и   др.   Тесты   для   контроля   знаний   студентов   по



ботанике.-Алматы: Қазақ университетi,2003.-134с.

9. Каденова   А.В.,   Камкин   В.А.   Тесты   по   ботанике.-   Павлодар,

Павлодарский   Государственный   университет   им   С.   Торайгырова:

Кереку,2007.

10.

Красная книга Павлодарской области (под ред. К.У. Базарбекова).-



Павлодар: ПГУ, 2003. 

11.


Г.П.Яковлев,   В.А.Челомбитько   Ботаника   Санкт-Петербург:

СпецЛит. СПХФА, 2003.    

12.

Разживин     А.   А.,   Базарбеков   К.У.   Нематоды   растений



Казахстана.Отряд 

Афеленхида.-Павлодар,2002.-84с.-(Фауна

Казахстана;Т.24.Вып.1.Круглые черви


Мамандық(тардың) жұмыс оқу

жоспарынан көшірме 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32



5В080100 – Агрономия мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Ботаника

Оқу


нысаны

Пәннің көп еңбекті

қажет етуі 

Семестр бойынша

бақылау

нысандары  



Семе

стр


Семестр бойынша студенттердің

жұмыс көлемі 

кре-

дит-


тер

академиялық

сағат 

кре


дит

тер


Аудиториялық сабақ 

(ак. сағат)

СӨЖ

(ак. САғат)



Бар-

лығы


ауд СӨЖ емт сын

КЖ



КЖ

бар-



лығы

дәр пр.


зер

т

бар



лығы

ОСӨ


Ж

Орта білім

база-

сындағы  



іштей 

2

90



30

60

1



-

-

-



1

3

90



15

-

15



60

30

Кафедра меңгерушісі ______  Исимбеков Ж.М. 20__ж. «___» ________



Кафедра меңгерушісі ______  Альмишев У.Х.   20__ж. «___» ________

Жұмыс оқу жоспарының

келісу парағы  

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/35



2010- 2011 оқу жылына арналған 

Ботаника 

пәнінің жұмыс оқу бағдарламасының келісу парағы 

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Шығарушы  

кафедра

Кафедра

меңгерушісінің

А.Ж.Т. 

Қолы

Келісу күні

1

2

3

4

Агрономия



Альмишев У.Х.

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    • КЕЛІСІЛГЕН
  • 4 Пәннің мазмұны
  • 4.2 Пән тақырыптарының мазмұны
    • Ботаника
    • пәнінің жұмыс оқу бағдарламасының келісу парағы
    • КЕЛІСУ ПАРАҒЫ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет