«Айрақты кен орнын игеру жобасы»,
«Айрақты кен орны үшін «Рұқсат етілген шығарындылар нормативі», «Қалдықтарды
басқару бағдарламасы», «Өндірістік экологиялық бақылау жобалары»жобаларының
«Қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ)» бөлімдері бойынша ашық жиналыстар арқылы
қоғамдық тыңдаулар хаттамасы.
1.Аумағында қызмет жүзеге асырылатын немесе аумағына ықпал көрсетілетін
әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың) жергілікті атқарушы органының атауы:
Жамбыл облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
2.
Қоғамдық тыңдау пәні:
«Айрақты кен орнын игеру жобасы», «Айрақты кен орны үшін «Рұқсат етілген шығарындылар
нормативі», «Қалдықтарды басқару бағдарламасы», «Өндірістік экологиялық бақылау
жобалары» «Қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ)» бөлімдері
(қарастырылатын жобалық материалдардың толық, нақты атауы)
3.Атына қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдар жіберілген қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның немесе облыстың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы:
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің
«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК.
4.Аталған қызметтің орналасқан жері:
Әкімшілік тұрғыдан Айрақты кен орны Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы Талас
ауданының шегінде, Тараз қаласынан солтүстікке қарай 170 км және Үшарал-Кемпіртөбе азот-
гелий газы кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде орналасқан. Географиялық
тұрғыдан ол Мойынқұм құмдарының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, олар қаралып
отырған ауданда Шу мен Талас өзендері аралығын алып жатыр, оңтүстік-батыстан Үлкен
Қаратаудың тармағы болып табылатын Кіші Қаратаудың тау бөктеріндегі жазығы шектеседі.
Ең жақын елді мекен - Ойық ауылы Таспас өзенінен оңтүстікке қарай 70 км жерде орналасқан.
Қазіргі уақытта кенорын аумағында қорғалатын нысан болып табылатын құнды мәдени
ескерткіштер тіркелмеген.
(белгіленген қызмет учаскесі аумағының толық, нақты мекенжайы, географиялық координаттары)
Достарыңызбен бөлісу: |