Бағдарламасы Орфография және пунктуация практикумы



бет1/2
Дата05.03.2023
өлшемі128 Kb.
#71646
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Орф. пункт. силлабус


Оқу бағдарламасына қосымша (Syllabus)
2021-2022 оқу жылына арналған
білім алушылар үшін пәннің бағдарламасы
Орфография және пунктуация практикумы



1. Негізгі мәліметтер

Институт

Педагогикалық институт

Мамандық

5В02301- Қазақ филологиясы

Курс

2

Семестр

4

Оқыту нысаны

күндізгі

Бағд.

нег.

Пән циклы

КП

Компонент

Таңдау

Кредит саны

5

Сағаттар саны

150

Бағдарламаның жетекшісі

Досова Алма Төлегенқызы

Кеңес уақыты
(БОӨЖ )

1- апта

2- апта

3- апта

Дүйсенбі, бейсенбі
15.00-16.00

Дүйсенбі, бейсенбі
15.00-16.00

Дүйсенбі, бейсенбі
15.00-17.00

2 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы.

Постреквизиттер

Қазіргі қазақ тілінің құрамалас сөйлем синтаксисі.

3 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Болашақ ұзтаздың тіл ғылымының салаларымен байланысты сауатты жазу ережелерінің бағдарламалық материалдарын студенттерге тиянақты да жүйелі үйрететін іскерліктерін шыңдау.

Оқытудың нәтижесі

Курсты ойдағыдай аяқтағаннан кейін білім алушылар:
- емле ережелерінің ережесін біледі;
-тыныс белгілерін практикада дұрыс қолдана алады.



4 Оқытудың әдістемесі мен технологиясы

М.Жанпеисованың блоктық-модульдік білім беру технологиясын қолдану (Жобалық технология, Интерактивті оқыту технологиясы, Проблемалық оқыту технологиясы және т.б.)

4 Академиялық сабақтардың бөлінуі

Барлығы

Дәріс

Тәж.

БОӨЖ

БӨЖ

Емтиханға дайындық

Бақылау нысаны

5 кредит 150 сағат

5

45

10

75

15

Емтихан

5 Пәннің мазмұны

«Орфография және пунктуация практикумы» пәнінің мазмұны мынадай бөлімдерден тұрады:
- орфография және пунктуация теориясының өз алдына жеке сала екендігі;
- жоғарғы оқу орнында орфография және пунктуацияны оқытудың міндеттері, мазмұны, принциптері;
- орфографиялық ережелер және олардың тармақтары;
- орфография ережелерін іске асыруға арналған құралдар, олардың құрылымы;
- тыныс белгілерінің құрамы, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналары, қолданылу ережелері.



6 Курс саясаты

Барлық бақылау түрлері тек қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда бір рет қана қайта тапсырылады. Білім алушы сабаққа кешікпеу керек, себепсіз сабақтан қалмау керек. Семинар, БОӨЖ сабақтарына белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда, тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау керек. Өздік жұмыс тапсырмалары белгіленген мерзімде тапсырылуы керек. Сабақ барысында оқытушының рұқсатысыз ұялы телефонды қолдануға тыйым салынады. Барлық тапсырмалар уақытында тапсырылмаса, қайта тапсыру үшін бір апта уақыт беріледі, бағасы 0,8 коэффициентке төмендетіледі. Практикалық сабақтан белгілі бір себеппен қалған студент міндетті түрде белгіленген уақытта қайта тапсыруы керек.

7 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., Рауан, 199ж. -284б.
2 Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. А., 1974.
3Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. -А., Ана тілі, 1991. -128б.

Қосымша

4 Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А., 1965.
5 Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері А., 1968.
6Жолымбетов Қ. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері А., 1975.
7Уәлиев К., Алдашев А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. А., 1988.
8Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының арнаулы курсы бойынша методикалық құрал. А., 1988.
9Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар. А., 1994.
10Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
11Мұсабеков Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. А., 19917
12Мұсабеков Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А., 1959.
13Ысқақов А., Хасенов Ә. Тыныс белгілері. А., 1951.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет