Autodesk Maya бағдарламасы — Windows, MacOS, Linux операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын үш өлшемді компьютерлік графика бағдарламасы. Алғашқыда Alias Systems Корпорациясы арқылы құрастырылды, кейін ол Autodesk Корпорациясы иелігіне көшті. Бұл бағдарлама бейне ойындар, анимацияланған бейне фильмдер, визуалды эффектілерден құралған интерактивті 3D қосымшалар құрастыру үшін қолданылады. Өнімнің атауы ретінде Хинди тілінде иллюзия ұғымын білдіретін Санскриттің Maya (मायाмая) сөзі алынған.