Бақытжанова Айдана 201-топ 12апта семинары(эссе)



Дата28.11.2022
өлшемі19,4 Kb.
#53158
түріСеминар
Байланысты:
Бакытжанова 12-апта Антропонимика


Бақытжанова Айдана 201-топ 12апта семинары(эссе)
Ономастика (грек ономастіке – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады.
Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимикаантропонимикаэтнонимикаастронимиказоонимикатеонимикафитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады
Антропонимика (гр. anthropos – адам, опута ат) — адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын — антропонимді зерттейтін ономастиканын тармағы. Антропонимика сонымен бірге әдеби шығармалардағы антропонимдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердін аттарын зерттейді. Антропонимика халықтық және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби және диалектілік, ресми және биресми түрлерін ажыратып қарастырады. Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тән антропонимиконы (есімдер тізімі) қалыптасады.
Антропонимдердін жиынтығы антропонимия деп аталады.
Жеке адам есімдері басқа көптеген жеке атаулардай өздерінің дербестігімен ерекшеленеді: әр адамның жеке есімі бар. Есімдер тізілімі шектеулі. Жеке есімдер қайталап отыратындықтан, оларға қосымша атаулар беріледі.
Дамыған қоғамда адамның ресми атауларының өзіндік жүйесі болады. Мәселен, антикалық Римдегі есімдердің тұрақты жүйесі мынадай: адамның жеке есімі + ру тегі + жалған аты + ататек есімі + қосымша аты.
Үнді елінде бүл жүйе 3 құрамнан тұрады: гороскоптық есімі, жыныстык немесе діни секталық есімі, касталық есімі. Мысалы, Рабиндранат Тагордың есімі: Рабиндра (Күн құдайы), Натх (еркек), Тхакур (жер иеленушілер қастасынан) құралымынан тұрған.
Антропономия есімге қатысты хабарларды: адамның қасиетін, әкесі, руы, отбасымен байланысы, ұлты, кәсібі, қай жерден шыққан т.б. зерттейді. Теориялык антропономия белгілі этнос антропонимдерінің пайда болу, даму зандылыктарын, құрылымын, жүйесін, үлгілерін, тарихи қабаттарын, тілдердің антропонимиялық өзара байланысын қарастырады. Оның зерттеу әдістері ономастиканын басқа түрлеріндегідей (адам есімінін әлеуметгік сипаты, салт-әдет, дін мен моданын ықпалы т.б.).
Қолданбалы антропономия есімдерді нормаландыру мәселесін, есімдердін әртілде берілу тәсілдерін зерттейді. Антропонимиялық сөздіктер жасауға, азаматтық хал актілерін тіркеу (ЗАГС) орындарында ат тандауға, есімдердін даулы құқықтық мәселелерін шешуге көмектеседі. Антропонимия ономастикадан 20 ғасырдың 60—70 жылдарында бөлініп шықты, бірақ олардын бірқатар мәселелері бірге каралады. 60-жылдарға дейін "Антропонимия" термині орнына "ономастика" қолданылып келді.
Қорыта келе, Антропонимдер - кісі аттарын, фамилияларын, лақап аттарын және бүркеншік есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Кісі есімдерінің жалпы жиынтығын антропонимия десе, оларды зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады.
Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата - ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады. Қазіргі қазақ есімдері сан жағынан көп те мол болумен қатар, құрамы мен құрылысы жағынан да әр алуан өзінше бөлек дәстүрлі қазақ есімдері де көп кездеседі. Антропонимдер тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі болып саналады. Ол өз арнасын жалпы халық тілі қорынан алады да тіліміздің ішкі заңына сәйкес дамиды. Сөйтіп ол тілдегі сөздердің барлық салаларынан жасалады.Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени - тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді.
Mahabbat degen- ekі parasatty,
paıymdy adamnyń sana bıіgіnde jolyǵýy

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет