Балуан болсам білегімнен шық



Дата25.11.2023
өлшемі56,5 Kb.
#127880
Байланысты:
7-нұсқа оқу сауат ответсіз


1-мәтін
«Уықты – басқұр, ұлтты – дәстүр сақтайды» дегенді берік ұстанған жұртпыз. Шүкір, жаңа заманның жалына жармассақ та, әлі күнге қазақи болмысымызды бойымыздан түбегейлі өшіре қойғанымыз жоқ. Десе де, ел ішінде көнеден қалған кей құндылығымыз бен салт-дәстүр, жөн-жоралғы, түрлі ұлттық ойындар ұмыт болып бара жатқан сыңайлы. Соның бірі – тобық жасыру ойыны. Ертеректе оны ересектермен қатар қыз-жігіттер де ойнаған. Ойынның шарты бойынша тобық жасырар алдында бағалы сыйлықтарға, қымбат әшекейлерге серттескен.
«Тобық жасыру» көбінесе жақын араласатын адамдар өзара бас қосып, ет жеп отырғанда ойналады. Тобық ойнауды ниет еткен адам өзімен дәмдес біреуді ұнатып, оның адамгершілігі мен азаматтығын, уәде-сертіне қаншалықты беріктігін сынағысы келсе, мүжілген тобыққа белгі салып, беріп жатып: «Бармағыңның астынан немесе алақаныңнан аламын. Айтқан жерімнен сол мезетте алып берсең, уәдеге беріктігің үшін бір ат немесе бір алтын сақина беремін. Айтқан жерімнен алып бере алмасаң, айып төлейсің», – деп отырған адамдардың алдында бәстеседі. Осылайша уақыт өте күтпеген жерден, тобығын сұрайды.
«Бармағыңның астынан аламын» демекші, қазақ халқында ежелде «тобық жұту» ырымы болған. Дәстүрдің шарты бойынша тобық жұтушы жұтар алдында:
Батыр болсам – жүрегімнен шық,
Балуан болсам – білегімнен шық,
Шешен болсам – таңдайымнан шық,
Шебер болсам – қолымнан шық,
Жүйрік болсам – табанымнан шық,
Бақытты болсам – маңдайымнан шық, – деп серттесіп барып жұтады екен. Халық арасында тобық қасиетіне қарай әлгі адамның айтқан жерінен шығады деген түсінік болған. Дәстүрдің жастар мен балалар үшін басты мақсаты келешекке үміттендіру, жақсы адам болуға ұмтылу саналады.
Мұнымен қатар тобық тығу ойынына қатысты ел ішінде де түрлі қызықты жайттар кездеседі. Өткен ғасырда Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне «хабар-ошарсыз кетті» деген хабар келеді. Жігіт болса жау қолына түсіп тұтқында болыпты. Соғыстан кейін «тұтқында болдың» деген айыппен тағы сотталады. Туған жеріне тура 12 жылдан соң ғана оралып, жігіт қыздан сертін сұрағанда салиқалы қыз тобықты ұстата беріпті. Көп ұзамай екі жас қосылып, тату-тәтті өмір сүріп кеткен екен.
Екі оқиға да адамдардың сертке, уәдеге беріктігін аңғартады. Айтқан сөзімізден тез айнып кететін тұстар жиі кездесетін бүгінгі уақытта бабалардан қалған тобық жасыру ойынын қайтадан жаңғыртсақ, мәрттігіміз бен сертке беріктігімізді нығайта түсеріміз сөзсіз.
1. Мәтін бойынша «Тобық ойынын» ойнаушылар
A)Жігіттер тобы
B) Қыз-жігіттер
C) Тек қана ересектер
D) Жас балалар
2.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Тобық ойыны арқылы адамның уәдеге беріксіздігін аңғарған.
B) ТОбық жұту оыны ел ішінде бұзылмай сақтьалған.
C) Тобық ойынына қатысты түрлі қызықты ақпараттар бар.
D) Тобық жұтушы топ алдында «басымнан шық» деп айтады.
3.Мәтін мазмұнына лайықты тұжырым
A) Тобық жұту ойынының тәрбиелік мәні өте зор.
B) Тобық жұту ойыны ел ішінде сақталмай қалған.
C) Уәдеге берік адам тобық ойынын ойнай алады.
D) Тобық жұту ойынын тек қана ересектер ойнаған.
4.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты
A) Уәдеге берік емес адамдар баорын аңғарту
B) Тобьық ойынын ойнауға жұмылдыру
C) Тобық туралы арнайы зерттеулермен таныстыру
D) Тобық жұту ойыны туралы ақпараттандыру
5. Мәтіннің түйіні
A) Әр елдің салты басқа
B) Жақсы дәстүр жан семіртеді.
C) Ұсынған мойныңды алма кеспес.
D) Озығы бардың, тозығы бар.
2-мәтін
1. 1969 жылы Есік қаласының солтүстік-батыс жағында, атақты Есік қорғаны орналасқан маңда автобаза құрылысы жоспарланады. Мұндағы үш бірдей қорғандар жоспарланған құрылыс нысанының аймағына кіріп тұрған еді. «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану туралы» заңына сәйкес кез-келген құрылыс түсетін орынға алдын-ала археологиялық зерттеу жүргізілуі тиіс. Міне, осы мақсатпен Казақ КСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтына құрылыс пен археологиялық нысан жайлы келіп түскен хабар негізінде археологиялық зерттеу жүргізу үшін К.Ақышевтің басшылығымен экспедиция тобы құрылады. Бұл экспедиция К.Ақышев жетекшілік еткен Отырар археологиялық экспедициясының (№ 69 Бұйрық) сметалық негізінде Есік археологиялық отряды болып бөлініп, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтындағы археология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Бекмұханбет Нұрмұханбетов отряд жетекшісі болып тағайындалды (1969 жылдың 21 сәуіріндегі №54 Бұйрық) [2. 81 б.].
2. Есік қорғанындағы қазба жұмыстары 1969-1970 жж. екі маусым бойы жүргізілді (басты суреттегі фото - Ред).
3. 1969 ж. күз айларында басталған экспедиция барысында қорғандағы ортаңғы қабір ашылып, оның тоналғандығы анықталады. Қазба жұмысы тоқтатылып, археологтар бұл маусымды аяқтайды. Ал 1970 жылы сәуір айында экспедиция жалғасын тауып, қорғанның зерттелуін толық аяқтауға жұмылдырылған еді. Бұл маусымдағы экспедиция құрамында екі адам жұмыс істеген. Олар: отряд жетекшісі Б.Нұрмұханбетов пен аға лаборант А.Амандықов болды (№ 39 Бұйрық). Архивтік мәліметтер негізіне сүйене отырып зерттеу жұмысы 1970 жылдың 15 мамырында аяқталды дей аламыз. Алайда, 1969-1970 жж. Есік археологиялық отрядының мүшесі Ә.К. Ақышевтың айтуы бойынша Есік қорғанының зерттеу жұмыстары 22 сәуірде аяқталған.
4. Алтын адам қабірі анықталғаннан кейін толық тазартылып, барлық табылған олжа Алматы қаласына алынған. Ал экспедиция мүшесі Б.Нұрмұханбетов Есік қорғанын, Алтын адам қабірін толықтай тазалап, мұқият зерттеу үшін экспедицияны жалғастырған. Сол себепті де шын мәнінде экспедицияның аяқталуы жоғарыда көрсетілген 15 мамыр болып отыр.
6. Алтын адам қабірі анықталғаннан кейінгі әрекет
A) Алматыға апарады
B) Бірден зерттеу бастайды
C) Барлығын тазартады
D) Археологтар тағы да іздейді
7.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) К.Ақышев Есік қорғанын толықтай тазалайды.
B) Отырар қорғаны маңында автобаза құрылысы салынады.
C) К.Ақышевтің басшылығымен экспедиция тобы құрылады.
D) Алтын адам қабірі Алматыға жөнелтіледі.
8. Б.Нұрмұханбетовтың экспедиция жұмысын ары қарай жалғастыруының себебі
A) Зерттеуге көңілі толмағаны үшін
B) Сол жерге база салдырмас үшін
C) Тағы да Алтын адам табу үшін
D) Қорғанды мұқият зерттеу үшін
9.Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Жалғасқан жұмыс
2. Маусымдық жұмыстар
3. Археологиялық отрядтар
4. Тоналған қорған
A) 3, 4, 1, 2
B) 4, 1, 3, 2
C) 1, 4, 2, 3
D) 3, 2, 4, 1
10. Мәтіннің түйіні
A) Экспедиция – табысты жаңалықтар жаршысы
B) Мәдени ескерткіштер Алматы облысында жинақталған
C) Тарихи ескерткіштерді дұрыс қолдану және пайдалану
D) Ата-баба ескерткіштерін іүздіксіз іздеу қажеттілігі
3-мәтін
1. Қазақтардың ауа-райына байланысты болжамдары ерте заманнан бері табиғатқа етене жақын өскен, табиғаттағы болып жататын құбылыстарға назар аударып, тіршілік тірегі болған дәстүрлі шаруашылығын соған сәйкестендіріп жүргізген. Қазақ халқы ауа-райын алдын-ала болжауға адамнан бастап, жан-жануар, аң-құс, балық әртүрлі жәндіктердің қылықтары, сол сияқты табиғаттағы ағаш, өсімдіктер, табиғи құбылыстар және т.б. арқылы бақылаған. Қазақ халқында ерте кезден ауа-райын алдын ала бақылап, мал-жанын түрлі апаттарға бермейтін астроном – есепшілер де өте көп болған. Осындай есепшілерді әр ауыл, әр тайпа адамдары жиі іздеп барып, одан сол жылғы табиғатта қандай өзгерістер болатынын және жауын-шашының, ыстық-суықтың қай деңгейде болатындығын сұрап біліп, соған сәйкес мал-жандардың жағдайларын ерте бастан жасап, түрлі апаттардан сақтанып отырған. Қазақ ауа-райын болжаушылары ауа-райын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстап, оны атадан балаға мұра етіп қалдырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде ман-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген.
2. Жыл мезгілі қазіргі күнтізбе бойынша көктем, жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөлінеді. Бұл қазіргі кездегі күнтізбедегі топтастыру. Ерте кездегі қазақ есепшілері жыл мезгілін, яғни жыл он екі айды төртке бөлген. Бірақ әр мезгілдің атауы қазіргі мезгілдің атауынан өзгеше болатын. Жылтоқсан (көктем), Жазтоқсан (жаз), Желтоқсан (күз), Қыстоқсан (қыс). Жылтоқсан деп аталуы жыл сөзінің мағынасына байланысты айтылған. Көктемде – көктеуде (бірер ай), жазда – жайлауда (екі айдам астам), күзде – күзеуде немесе күзекте (бірер ай), қыста – қыстауда отыратын шаруашылық ыңғайына байланысты.
3. Халқымыз ертеден-ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс, тәсілдерін білген. Ауа-райын болжай алатын бұл халық қағидалары қой мінезін жетік меңгерген, қойдың ауа-райы өзгерісін сезу қасиеттерін терең анықтай алған қазақтың өмірлік тәжірибесінен, таным-түсінігінен туындап отыр. Қойдың мінез-құлқын мен әрекетіне қарап ауа-райын болжау қағидаларының көптеп кездесетіне қарағанда, өзге түліктерден бұрын қой қазақ жерінің климатын тез сезетін, қазақтың жері мен табиғатына әбден бейімделген түлік екенін байқатады. Кешкі уақытта малдың бәрі бағытта күйсеп жатса, келер күні сол жақтан боран тұрады. Жылқы – бір жылдық, қой – жарты жылдық, сиыр 2-3 күндік өзгеріс, құбылыстарды болжай алады. Жыл басы саналған, күн мен түннің теңелген күні, яғни 22-Наурыз Ұлыстың ұлы күніндегі бақылаулар мен болжамдар дәл келіп отырған.
11. Мәтін бойынша халқымыз жайлауда отырған уақыт
A) Бір айдан астам
B) Үш айдай
C) Бірер ай
D) Екі айдан астам
12.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Жылқы екі жылдық ауа райын біледі.
B) Қой климатты тез сезеді.
C) Халық күзеуде бір ай отырған.
D) Халық ауа райын ерте болжамаған.
13.Мәтін бойынша сұраққа жауап бере алатын сөйлем
A) Халықтық ауа райы болжамдары кітапқа жазылған.
B) Жылқы өзге түліктен бұрын климатты сезген.
C) Халқымыз ерте кезде жыл мезгілін қазіргідей бөлген.
D) Халқымызда астроном-есепшілер де көп болған.
14.Мәтіннің екінші азатжолына лайықты тақырып
A) Төрт түліктің ауа райын сезуі
B) Жыл мезгілдерінің топтастырылуы
C) Қазақ ауа райын болжаушылар
D) Ертен замандағы болжамдар
15.Берілген үзінді мазмұнының негізгі мәтін мазмұнынан айырмашылығы:
Құр мен шіл қар астын қорғаласа, кешікпей-ақ боран болады.
Бозторғай ұясын ойпаңға салса, жаз қуаң болады. Бозторғай ұясын қыраңға салса, жаз жауынды болады.
Дуадақ қыстап қалса, қыс жайлы болады.
Қамыс торғайы ұясын биікке салса, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.
Қызыл қаз саздан соғатын ұясының іргесін биік етсе, жаз жаңбырлы болып, су көтеріледі.
A) Құстардың әрекетіне қарап ауа райын болжау
B) Төрт түліктің ауа райын болжауы
C) Ертедегі қазақтың ауа райын болжауы
D) Қазақ жыл мезгілдерінің топтастырылуы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет