Бас сүйек күмбезінің топографиялық анатомиясы, шекарасы,бөлімдері



Дата15.11.2023
өлшемі19,23 Kb.
#123698

Бас сүйек күмбезінің топографиялық анатомиясы, шекарасы,бөлімдері.
Бас сүйек күмбезі аймағының топографоанатомиялық ерекшеліктері.
Бассүйек, сrаnium, бір-бірімен өзара шемір-шектік, сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады.
Негізгі қызметі: мидың қорабын, беттің әлпетін құрап қана қоймай, асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін, көздің шарасын, мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше.
Бассүйек топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай екі топ сүйектерден: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады.
1. Ми сауытының сүйектері — саvіtas сrапі, деп аталу себебі, мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл топ сүйектерге: маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады.
2. Бет сүйектері — оssа fасel, беттің негізін, түр-әлпетін құрайтындықтан бет сүйектері деп аталынады. Бет сүйектер тобына: жоғарғы, төменгі жақ сүйектері, таңдай кеңсірік, мұрын, көзжас, төменгі кеуілжір және меншікті бет сүйектері жатады.
Шүйде сүйегі
Шүйде сүйегі — оs оссіріtаlе, ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстаукелген жақ сүйек. Шүйде сүйегінің төменгі, артқы жағында ми сауытын омыртқа өзекшесі мен жалғастырушы шүйделік үлкен тесік fоrатеп таgпит, бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгегі, sulcuz sinus sітgоіdіеиs, орналасқан.
Төбе сүйек
Төбе сүйек, оs рагіеtаlе, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын қүраушы жұп қабыршақтық сүйек. Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің псшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.
І.Алдыңғы немесе мандайлық қыры, таrgоfrontalis ,тісшеленіп, тәждікжік,
Sutura coronalis арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан.
2.Артқы шүйделік қыры, таrgо occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, Sutura lamboieda, шүйде сүйегі мен шектелген.
3. Сагитальды қыры, margo sagitalis ол сагитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақ-тық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген.
4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық қыры, margo sguamaso, басқа қырларына қарағанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы самай сүйктің қабыршақтық бөлігі мен байла-нысқан.
Маңдай сүйек
Маңдай сүйегі, os frontale. Ол бас сүйектің негізі мен қақпағын және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы күрделі сүйектердің қатарына жатады. Орналасуына және атқаратын қызметіне қарай төрт бөліктен: қабыршақтық, жұп көз және тақ мұрын бөлігінен тұрады.
1. Маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігінің, sguamo frontalis сыртқы беті дөңес, тегістеу, ми сауытына қараған беті ойыс, бүдырлау келген.
а) сыртқы бетінің fасіеz ехtеrпа, дөңестеу және тегістеу болып келген, сыртқы бетінің ор-талық бөлігінде құрсақтық даму кезінде екі жақгық қабыршақтық бөліктің бір-бірімен жіктер арқылы бітіскендіктен ересек адамдарда әлсіз байқалатын метопикалық жіктер — sиtиrа теtаtоріса, орналасқан. Сыртқы бетініңтөменгі бөлігі, көз үстілік бөлігіне — раrz sиргаоrbitalis, ұласып, екі жағында айқын байқалатын көз шарасының жоғарғы жиегін — таrgо cillaris құрайды. Көз шарасының жоғарғы жиегінен жоғарырақ, доға тәрізді иіліп орналасқан, қас үстілік доғалар — таrgоsupercilliaris, айқын байқалады. Қас үстілік доғадан жоғарырақ қабықшалы бөліктің алдыңғы бетінде мандай сүйектің дөңесі — іиЬет ітопіаіе, төменірек қасүстілік доғаның аралығында, ойыстау келген кеңсірік үстілік жазықтық — glabella, орналасқан.
Көз шарасының жоғарғы жиегінің ішкі қапталында, тұрақсыз көз шарасының жоғарғы тілігі —incisuara supraorbitalis, кейбір кезенде, көз шарасының жоғарғы тесігше, ұласуы ықти-мал. Бұл тіліктің ішкі қапталында маңдай сүйектік — sulcus frontalis, орналасқан. Көз ша-расының жоғарғы жиегі, латеральды бағытта сүйірленіп, бет сүйектік өсіндіге — рrосеssиs zygomatcus, ұласады. Бет сүйек өсіндінің тісшеленген ұштары — processus zygomatcus, ол бет-сүйектің маңдайлық өсіндісі мен маңдай бет-сүйектікжіктер, sиtиrа frопtоzуgomatіса, арқылы бірігіп, көз шарасының бүйір қабырғасын құрауға қатысады. Бетсүйектік өсіндіден сыр-тында жоғары және латеральды бағытта самайлық сызықша — Ііпеае tетроrаlіz, айқын орналасқан. Негізгі міндеті: маңдай сүйегінің қабыршақтық бөлігінің сыртқы бетін, самайлық бетінен бөліп тұру.
Сына сүйектің кіші қанаты, alaе тіпоrеz, ол сына сүйектің денесінің жоғарғы бетінің алдыңғы бүрыштарынан бүйір қапталына қарай, қанат тәрізді созылып, өзара бірігіп орналасқан жалпақ табақша. Кіші қанаттың негізінде дөңгелек тәрізді келген көру нерві өзекшесінің, сапаlіз оtiguz, тесігі орналасқан. Көру нервінің өзекшесінің, сапаlіз оtiguz , ұзындығы 5-6 см-дей. Бұлөзекше арқылы II жүп көру нерві, көздік артерия мен вена қантамырлар өтеді. Сонымен қатар, кіші қанаттың көз сауытына және көз шарасына қараған беттері ажыратылады. Кіші қанаттың көз шарасына қараған төменгі беті мен бұлсүйектің үлкен қанатының аралығында көз шарасын ми сауытымен өзара жалғастырушы көз шарасының жоғарғы саңылауы, fissura orbitalis superior, орналасқан.,
Кіші қанаттың алдыңғы қыры қалыңдау және тісшеленген. Ол тор сүйектің горизонталді табақшасымен және маңдай сүйектің көз бөлігінің артқы қырымен өзара жіктері арқы-лы бірігіп, ми сауытының ортаңғы ойысын құрауға қатысады. Артқы қыры сүйірленіп, сына сүйектің сүйір алдыңғы өсіндісін, processus clinoideus anterior, құрайды. Бұл өсіндінің негізгі қызметі: гипофиз безі ойысының бүйір қабырғасын құраумен қатар, түрік ершігі маңындағы қуысталған қойнауды, sіпuz caernosus, құрауға қатысумен қатар, ми қатты қабықшасы табақшасының бекитін орны болып саналады.
3. Сына сүйектің үлкен қанаты, аlае тajіоrеz, денесінің бүйір қапталынан сыртқа қарай бағытталынып, ми сауытының ортаңғы ойысы мен қақпағын құрауға қатысушы жал-пақ табақша.
Бұл сүйектің үлкен қанатының бес беттері, үш қыры ажыратылады:
а) Ми сауытына қараған жоғарғы беті, fасіеs сеrеbrаlіz, ойыстау болумен қатар, ми сауыты-ның ортаңғы ойысының қабырғасын құрауға қатысады. Ол мидың төменгі бетімен беттесіп орналасқандықтан, бұл бетте ми қатпарының саусақтың ізі тәрізді батыңқылары, аралығындағы мидың көтеріңкілері және артерия қанта-мырларының салалары айқын байқалады. Сына сүйектің денесінен басталар жерінде жақын тұрақты үш жұп тесіктер: дөңгелек тесік, fоrаmеп rоtипdит, сопақша тесік, (fоrатеп spinosum, қылқанды тесік, fоrатеп sріпоsит, орналасқан.
Самай сүйек
Самай сүйек, оs tетроrlе, ми сауытының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысушы, қүрылысы күрделі жұп сүйек Бүл сүйектің құрылысының күрделі болу себебі: терең қабатында есту, тепе-тендік органдардың және ішкі үйқы артерияның, бет ми нервінің және дабыл-жұтқыншақ атты өзекшелер орналасқандықтан. Қабыршақтық бөліктің ми сауытына қараған беті, pars sguamosa, ойыстау және бұдырлы келген. Бұлбетте: ми қатпарының саусақ іздеріне ұқсап орналасқан батыңқылары, аралығындағы ми көтеріңкілері, ортаңғы ми қабықшасы артериясының жүлгесі, sulgus arteriosi айқын байқалады.
Сонымен қатар, қабықшалы бөліктің екі жиегі немесе жиектері ажыратылады.
а) Алдыңғы-төменгі қыры немесе сына сүйе-гімен шектесетін жиегі, таrgо sрһепоmosa. Ол тісшеленіп сынасүйектің қабықшалы бөлігімен сына-қабықшалы жік, sutura shpenosguamosa, арқылы байланысқан.
ә) Жоғарғы-артқы жиегі немесе төбе сүйе-гімен шектесетін жиегі, таrgо pariietalis алдыңғы және төменгі жиегіне қарағанда ұзындау және жұқалау келген. Ол төбе сүйегі мен қабықшатүы жік, sutura parietosphenoidalis, арқылы шектелген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет