Басқарылытын тізбекті реакция. Ядролық реактор. Термоядролық синтез жəне оның жүруінің шарттары Ядролық реактор



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі189,79 Kb.
#92406
  1   2   3


Басқарылытын тізбекті реакция.Ядролық реактор. Термоядролық синтез жəне оның
жүруінің шарттары
Ядролық реактор, атомдық реактор – атом ядросы бөлінуінің басқарылатын тізбекті
реакциясын жүзеге асыратын құрылғы. Оның негізгі бөліктеріне: ядролық отын
(мысалы, уран не плутоний), баяулатқыш, шағылдырғыш, суытқыш), бақылау жəне өлшеу
приборлары жатады. Ядролық реактор атом ядроларының бөлінуіне себепші
болатын 
нейтрондардың 
энергетикалық 
спектріне 
қарай: 
шапшаң
(нейтрондардың 
энергиясы 
100 
кэВ-тан 
жоғары), 
жылулық 
не 
баяу
(нейтрондардың энергиясы 
~
0,025 эВ) жəне аралық (нейтрондардың энергиясы 1 эВ-тан
бірнеше кэВ-қа дейін) нейтрондар реакторы болып, ал баяулатқыштағы ядролық отынның
таралу сипатына сəйкес гомогенді жəне гетерогенді ядролық реактор болып ажыратылады.
ядролық реактор кейде пайдаланылатын баяулатқышына (мысалы, графит, бериллий,
ауыр су, т.б.) не суытқышына (мысалы, сұйық металл, т.б.) қарай да бөлінеді. Өзін-өзі
қуаттайтын 
тізбекті 
реакция 
уран-графитті 
ядролық 
реакторда 
Э.Фермидің
басшылығымен 1942 ж. 2 желтоқсанда АҚШ-та алынды. Еуропадағы мұндай ең алғашқы
ядролық реактор 1946 ж. КСРО-да И.В. Курчатовтың басшылығымен жасалды.
Атомдардың ядроларын бөлетін немесе біріктіретін реакциялар арнайы қондырғыларда
орындалады. Ондай қондырғыларды атомдық (ядролық) реакторлар немесе атомдық
(ядролық) бомбалар деп атайды.
Атом реакторларындағы ядролық реакциялар басқарылатын жолмен іске асырылады,
ал атом бомбаларында басқарусыз жарылыс түрінде орындалады.Ең бірінші қолдан
басқарылатын ядролық реактор АҚШ-тың Чикаго қаласының іргесінде Э. Фермидің
басшылығымен 1942 жылдың 2 желтоқсанында іске қосылды. Екінші реактор, бұдан үш
жыл өткен соң, КСРО-да Москва түбіндегі Серпухов қаласында И. В. Курчатовтың
басшылығымен салынды.Тізбекті реакция үздіксіз орындалуы үшін ядролық материалдың
(уран, плутоний) белгілі бір массасы болуы керек. Егер ядролық отынның массасы аз
болса, онда нейтрондар өз жолында жеткілікті мөлшерде жарылатын ядроларды
кездестірмейді де, сыртқы ортаға тарап кетеді. Сөйтіп, ядролық тізбекті реакция жүрмей
қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет