Бастауыш сыныпта математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану 195 8



Pdf көрінісі
Дата20.02.2017
өлшемі308,92 Kb.
#4581

Бастауыш сыныпта математика сабағында сын тұрғысынан 

ойлау технологиясын пайдалану 

195 

8.

 



Горбунова Г. А.  Основы  дизайн  -деятельности  в  дошкольном  возрасте  //  Искусство  и 

образование. - 2011. - № 4. - С. 88-93. 

9.

 

Бритвина  Е.В.,  Кошкинова  Г.Н. Развитие  дизайнерских  умений  младших  школьников.  – 



Павлодар, 2012. – 46 с. 

 

 



 

УДК 371 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СЫН 

ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ 

 

Исенеева Н.С. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың 

әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны 

меңгеру.  Осыған  орай,  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында 

«Білім  беру  жүйесінің  басым  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсетілген.Жаңа  педагогикалық 

технология  –  мұғалімнің  кәсіби  қызметін  жаңартушы  және  сатыланып 

жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  –  сабақта  оқушылардың  қызығушылығын 

арттыра  отырып,  өз  ойыңды  еркін  және  зерттей  талпындырып,  тұжырым  жасау. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  –  ой  қозғай  отырып,  оқушының  өз  ойымен 

өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін  талдап,  салыстырып,  реттеп, 

сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау 

өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – 

оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен 

еркін  сөйлесуге  ,  пікір  таластыруға,  бір–бірінің  ойың  тыңдауға,  құрметтеуге, 

өзекті  мәселенішешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  жеңуге  баулитын 

бағдарлама.  Оқушы  –  ізденуші,  ойланушы,  өз  ойын  дәлелдеуші.  Мұғалім  – 

әрекетке  бағыттаушы,  ұйымдастырушы.Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  – 

әлемнің  түкпір–  түкпірінен  жиылған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі. 

Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. 

Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. 

Мақсаты  барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан 

қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға 

сабақтарда  үйрету.  Біздің  елімізде  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты, 

"Сорос-Қазақстан"  қоры  арқылы  келген  бұл  технология  орыс  және  қазақ 

тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. 

"Сыни  тұрғысына  ойлау"  ұғымын  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып, 

оның  неге  қатысты  екенің  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя 

білу,  салыстыра  алу,  сол  идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап 

зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. 

Сын  тұрғысына  ойлау  деңгейіндегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға,  жоғары 

сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың 



Исенеева Н.С. 

196 


да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы 

шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 

Сын  тұрғысына  ойлау  жобасының  әдіс-тәсілдері  өқушыларды  тынымсыз 

ізденімпаздылыққа    баулиды.  Баланың  еркін  де  терең  ойлауына,  үздіксіз  жұмыс 

жасауына  жол  ашады.  Оқушының  ізденісі  жеміссіз  болмақ  емес.  Дәстүрлі  білім 

беру  кезіңдегі  оқушыны  сын  тұрғысынан  ойлайтын  оқушымен  салыстырғанда 

нәтижесі жақсы болды. 

Сын  тұрғысынан  ойлау-  оқу  мен  жазуды  дамыту  бағдарламасы.  Оқушыны 

мұғаліммен,  сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің 

ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып, 

қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. 

Сын  тұрғысынан  ойлауды  үйрету  үшін  мына  төменгі  шаралар  орындалуы 

шарт: 

1)

 



Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек: 

2)

 



Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру: 

3)

 



Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау: 

4)

 



Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау: 

5)

 



Кейбір  оқушылар  түсіп  қалған  қолайсыз  жағдайларды  әжуаға 

айналдырмау: 

6)

 

Оқушылардың  бір-бірінің  жауабына  жасаған  сынының  дәлелді,  дәйекті 



болуын талап ету: 

7)

 



Сын тұрғысынан ойлауды бағалау: 

Ал оқушылардан осыған байланысты: 

-

 

сенімділікпен жұмыс жасау: 



-

 

бар ынтасымен оқуға берілу: 



-

 

пікірлерді тыңдау, құрметтеу: 



-

 

өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет: 



Тек сонда ғана олар: 

-

 



мен осы мәселе туралы не ойлаймын? 

-

 



Осы  мазмұннан  алған  ақпарат  менің  бұрынғы  осы  мәселе  туралы 

білетініме сәйкес пе? 

-

 

Осы ақпаратты үйрене  отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? 



-

 

Маған  бұл  жаңа  ойлар,  идеялар  қаншалықты  әсер  етті?  деген  сауалдар 



төңірегінде ойлауға үйренеді. 

Сыни  тұрғыдан  ойлауын  шыңдау  жеңіл  міндет  емес.  Дегенмен  сын 

тұрғысынан  ойлауды  дамытатын  оқыту  жағдайлары  мен  әдістері  бар.  Сын 

тұрғысынан    ойлау  тәжірибесі  болуы  үшін  мүмкіндік  пен  уақыттың  қажеттілігі 

оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды 

мадақтау,  пікірлерін  дұрыс  қалыптасуға  көмектеу,  сын  тұрғысынан 

қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды біртіндеп сыни 

пікірлерін  дұрыс  айтуға,  мәселені  нақтылы  шешуге  үйрету.  Сын  тұрғысынан 

ойлауды  дамыту  бағдарламасы  бойынша  стратегиялардың  құрылымы,  сабаққа 

дайындық  оқыту  барысында  қолданылатын  үй  жұмысы  ретінде  берілетін 

стратегияларға бөлінеді. 

"Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту"  технологиясын 

қолдану  арқылы  оқушылар  тыңдаушылардан  белсенді,  ізденуші,  ойланушы 

дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. 

Ой салу- ұстаз тарапынан, ойлану-шәкірт тарапынан, ойланту- (ойлауы жетіспей 


Бастауыш сыныпта математика сабағында сын тұрғысынан 

ойлау технологиясын пайдалану 

197 

жатқан  оқушыға  түрткі  жасап  ойлантуға,  ізденіс  жолына  алып  келу)  ұстаз 



тарапынан бір шешімге келу- оқушы тарапынан жүзеге асады. 

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, 

ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. 

Математиканы 

оқытудың 

мазмұнын 

жүзеге 

асыру 


үшін 

жаңа 


технологияларды  тиімді  пайдалану  қажет.  Математика  сабағында  оқушылар  өз 

бетінше  жұмыс  жасай  дағдыларын  дамыту,  баға  жетпес  құндылықтардың  бірі. 

Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру 

мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет. 

Математика  сабағында  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясының  әр  түрлі 

стратегияларын  қолдана  отырып,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  факторы  -  есептерді 

шығара  білу,  шапшаңдылық  дағдыларын  ұйымдастыра  отырып,  оқушылардың 

құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. 

Оқу  және  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  жаңа  буын 

оқулықтарының  талаптарын  жүзеге  асыруда,  оқушылардың  білім  деңгейін 

көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада 

дұрыс  шешім  қабылдауға  көмектесетін  бірден  –  бір  тиімді  технология.  СТО 

технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық  қызметінде, оқушы мен 

мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін 

байқайды.  Бұл  бағдарлама  басқа  технологиялардан  өзінің  құрылымы  мен 

ерекшеленеді.  Сабақ  жоспарының  құрылымы  үш  кезеңнен  тұрады.  Әр  кезеңнің 

өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 – нен асады. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  турлы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеті  ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 

жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 

бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқыту және 

тәрбие  берудегі  жаңа  технологиялар  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 

халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  делінген.  Бұл 

міндеттерді  шешу үшін мектеп ұжымынан мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы 

барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру  өзгерістерге    батыл  жол  ашарлық  жаңа 

тәжірибеге,  жаңа  қарым-қатынасқа  өту  қажеттігі  туындайды.  Сондықтан  да  әр 

мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті әдіс-тәсілдер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана 

білуі  керек.  Еліміздің  дамуына  үлес  қосатын  әлеуметтік  өркениетке  көтерілетін, 

парасатты, денсаулығы мықты азаматтар тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі 

таңдағы мерейлі міндеті. 

Бастауыш  сыныптарда  компьютермен  жұмыс  істеу  тиімді.  Технологиялық 

құралдардың  бірі  екендігін,  оның  көмегімен  сабақты  қызықты,  тартымды  етіп 

түрлендіруге  болады.  Компьютермен  өткен  сабақ  баланың  көңіл-күйін  көтеріп 

нашар  деген  оқушының  компьютермен  жұмыс  істеуде  қызығушылық  қабілетін 

арттыруға  мүмкіндік  береді  және  шеше  алмаған  жауапты  мұғалімнің  көмегімен 

шешуге  тырысады.  Мұндай  сабақтар  оқушылардың  білімін,  мүмкіндігін 

толығырақ  бағалауына  және  оны  түсінуге,  жаңаша  шығармашылық  тәсілдермен 

жұмыс істеуге, ізденуіне сан алуан әдіс тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз. 

Оқушыларды  білім  деңгейін  арттыру  дегеніміз  білім  сапасының  арттыруы. 

Демек  білім  сапасы  дегеніміз  не?  В.  Панасюк  мектептегі  білім  сапасы  –  оқу, 

тәрбиелік,  әлеуметтік,  психикалық  және  дене  қабілеттерінің  аспектілерінде 

тұлғаның  әлеуметтік  қажеттіліктерін  қанағаттындыратын  қасиеттер  жиынтығы 

деген анықтама береді. 

Математика сабағында оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім 

сапасының  көтеру  мақсатында  қазіргі  заман  талабы  шығармашылық 


Исенеева Н.С. 

198 


мүмкіндіктерді іске асыратын жаңа технологиялардың бірін қолданады. Ол «Оқу 

мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы. Дэвид Клустер сыни тұрғыдан 

ойлау былай деп анықтайды: 

 



СТО – бұл өзіндік, жеке ойлау; 

 



СТО – сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады; 

 



СТО  –  адам  өзіндік  шешім  табатын  және  негізделген  мысалдармен 

бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады; 

Сабақ барысында төмендегі мәселелерді шешуге тырысу керек: 

 



Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту; 

 



Ой – толғанысқа белсенді араласу; 

 



Білімді игеруге жауапкершілікті арттыру; 

Математика сабағында СТО-ның бірнеше стратегияларын қолдануға болады: 

«Ассоциация», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «жұпта, топпен, жеке 

жұмыс», «Кең ауқымды дәріс». 

Мысалы,  «7  саны  мен  цифры»  тақырыбыен  өткенде  «Кең  ауқымды  дәріс» 

стратегия бойынша элементтерін қолдансақ: 

1-

 

Кезең «Ой қозғау» 



а) қызығушылықты ояту: сұрақтар қойылады. 

1. Сан дегеніміз не? Цифр дегеніміз не? 

Тапсырма: - білетін мәліметтер айту; 

-жұппен талдау, содан кейін кіші топта; 

-топбасшының сөз алуы; 

2-кезең Жаңа материалды меңгеру 

б) мағынаны ашу: дәріс бойынша. 

Тапсырмалар орындату. 

3-кезең. Ой-толғаныс. Осы сабақтан алған ойлары туралы «он минуттық эссе» 

жазады, немесе сабақтың қорыту кезеңі өтеді. 

Математика пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологисының тиімділігі 

-белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды: 

-мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; 

-бір-біріне құрметпен қарауға; 

-  бір-бірінің  пікірін  тыңдау,  сыйлауға  ынтымақты  қарым-қатынастың  негізі  

қаланды; 

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; 

-өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; 

-өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; 

-достарының  ойын  тыңдап,  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып, 

қиындықты шешуге көмектесуге дағдыланады; 

-өзіне  деген  сенім  артаы,  оқу  просесіне  белсене  қатысады,  пәнге  деген 

қызығушылығы артады. 

Қорытындылай келе, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары 

оқушылардың танымдық-шығармашылық ойларын дамытуда тиімді әдісінің бірі. 

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 

2.

 



Ибраева С. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту // Информатика. Физика. 

Математика. -2001. -№4. - 12 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет