Рысбеков Т.З. - т.г.д., профессор,
М. Өтемісое атындагы БҚМУ-дың цүрметті ректоры
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
1941
жылы 22 маусымда ¥ л ы Отан соғысы басталған мезетте-ақ одақтың басқа аймақтары
тәріздес Батыс Қазақстан /Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан облыстары/өңірінде де соғыстың алғашқы
күні-ақ халық жиындары мен ереуілдер өтіліп, оған батысқазақстандықтар белсене қатысып, Отанды
қорғауға дайын екенін білдіріп, еріктілер тізіміне жазыла бастады.
Мәселен, соғыс басталған, яғни 22 маусым күні Ақтөбе қаласында өткен жалпы қалалық жиынға
20 мыңнан астам халық жиналса, Гурьев облысының Мақат кәсіпшілігінде - 1500 адам, Форт-
Шевченкода - 3000 адам қатысқан жиындар өтілсе, Батыс Қазақстан облысындағы іргелі білім
ордаларының бірі - Орал пединститутында жиын өтіп, Отан қорғауға қасық қаны қалғанша шайқасуға
ант қабылдап, студенттер В.Жевак, И.Афанасьев, А.Нестеренко, Д.Черняев, З.Мүқанов, Л.Ошибов, т.б.
тізімге бірінші болып жазылды.
Кейін мүндай жиындар өңірдің барлық өндірістік мекемелерінде, колхоздарда, оқу орындарында
өтілді. Жиынға қатысушылар үлкен жігерлілікпен, патриоттық сезіммен Отанын қорғау басты борышы
екенін сезіне отырып, тез арада майданға жіберуді талап етіп, әскери комиссариаттарға өз өтініштерін
білдіре бастады. Олардың қатарларында табиғатынан нэзіктілік пен батырлықты байқатқан ел басына
қауіп төнген уақытта Томирис, Бопай апаларындай жауға қарсы шығып, майданға аттануға өз
өтініштерін білдірген қазақтың қыздары да болды. Мәселен, Гурьев қаласында да соғыстың алғашқы
күндерінде 23 қыздан майданға жіберу туралы өтініш түссе, Ақтөбе қалалық әскери комитетке 25
маусымның өзінде-ақ 392 арыз түссе, оның 90-ы отбасын қүрған әйелдер болды, ал 27 маусымға дейін
Ақтөбе облысынан өтініш білдірген әйел-қыздардың саны 140-тан асқан.
Тіпті кейбір отбасылы қыз-келіншектер Отанын жаудан қорғауды бірінші кезекке қойып, өз
балаларын мемлекет қарауына қалдырып, өздері ер азаматтарымен бірге майданға баруға батыл шешім
қабылдады. Солардың бірі - Ақтөбе қалалық балалар бақшасының тәрбиешісі Т.А. Сидельникова
Отанын қорғауға эзір екенін, 3 жастағы баласын балалар үйіне қалдырып, өз еркімен Қызыл Армия
қатарына алуға өтініш білдірсе, Некрасов көшесі 66 үйінің түрғыны А.Р. Бучацкой радиодан Сыртқы
Істер Халық Комиссариатының орынбасары Молотовтың сөзін естігеннен кейін, Кеңес Одағының
азаматы ретінде күйеуімен бірге майданға аттанып, Отанын ақырғы демі біткенше қорғауға эзір екенін
айтып, өз еркімен өтініш жазды. Мүндай еріктілер қатары аймақта күн сайын артып отырды.
Дегенмен де, майданға аттанушылардың саны артқанымен оларды әскери іске үйретуде өзіндік
қиындықтар кездесті. Олардың ең бастысы - әскери басшы командирлерінің жетіспеуі болды. Соғыс
алдындағы сталиндік репрессияның өршіген кезеңінде әскер басшыларының 55 пайызы жазықсыз
қуғындаудың қүрбаны болды. Азамат соғысының от-жалынында шыңдалған 43 мыңға жуық Қызыл
Армия командирлері сталиндік лагерьлерде опат болды. Даңқты командирлер, эскери теоретиктер
репрессия түзағына ілініп,
қолбасшыларының қатары
сиреген
болатын.
Қорғаныс халық
комиссариатындағы Әскери Кеңестің мүшелерінен, небэрі 10-ақ адам жазықсыз жаладан аман қалды.
Міне, осындай орасан қиыншылықтарға тап болып, байырғы командалық корпусының қатары сиреген
Кеңестік Қарулы Күштер ¥ л ы Отан соғысына өте қиын жағдайда кірісті.
1941
жылға дейін қүрлықтағы әскер қатарының өзінде штат бойынша 66900 командир жетіспесе,
үшқыш-техниктер қүрамында кадр жетіспеушілігі 32,3%-ға дейін жетті. Сонымен қатар оқу-жаттығу,
даярлық үшін әскери қару-жарақтардың жетіспеушілігі байқалды. Кейбір қару-жарақ түрлерін қолдан
жасауға тура келді.
Сонымен қатар, жау әскерінің ел ішіне етене енуі жауынгерлердің эскери даярлығына да өз
кедергілерін тигізді. Уақыттың шектеулі болуына байланысты кейбір белгіленген оқу-жаттыгу
сағаттары толық орындалмай жауынгерлер соғыс даласына жіберіліп отырылды. Мәселен, бір ғана
Ақтөбе облысы бойынша 1924 жылы туылғандардан 186 адам, 1925 жылы туылған 11 адам эскери
даярлықсыз майданға аттандырылған.
Соғысқа аттанған жауынгерлердің арасында білімі таяз, тіпті сауатсыз адамдар саны да басым
болғаны байқалады. Мәселен, 1941 жылы 1 қыркүйектегі қүпия мәлімет бойынша, 1905-1918 жылдары
туылған эскери міндеттілердің арасында Ақтөбе облысы бойынша 920 сауатсыз, 1082 шала сауатты,
3981 орыс тілін білмейтіндер, Гурьев облысынан 2181 сауатсыз, 4324 шала сауатты, 5710 орыс тілін
білмейтіндер. Батые Қазақстан облысы бойынша 1850 сауатсыз, 3447 шала сауатты, 4544 орыс тілін
білмейтіндер болғаны анықталған.
Майдан даласында барлық бүйрық-нүсқау орыс тілінде берілетінін ескерсек, орыс емес үлт
өкілдеріне, оның ішінде орыс тілін білмейтіндер мен сауатсыздарға көптеген қиындықтар туғызғанын
байқауға болады. Орыс тілін білмеу, олардың үрысқа белсенді түрде араласуын шектей түсті, сонымен
қатар «үлы орыс» өкілдерінен жасақталған командирлердің бүйрыктарын да түсінбейтін кездері
болғаны белгілі. Мүның басты салдары соғыстың алғашқы кезеңінде адам шығынының көп болуына да
өзіндік себептерін тигізгені аян.
Осы себептен КСРО ХКК-нің 1942 жылы 24 тамыздағы № 1423 орыс тілін меңгермегендерге
орыс тілін оқуы туралы төңірегінде қаулысы шықты. Қаулыда орыс тілін меңгермегендерді 90
сағаттық бағдарлама көлемінде орыс тілін оқыту міндеттеліп, оқыту 1942 жылы 15 қыркүйектен бастап
республикалық ХКК мен облыстық атқару комитеттеріне мектептерде орыс тілін оқытуды
үйымдастыру, оларды маманданған жэне тэжірибелі мүғалімдермен жэне оқу-жазу күралдарымен
қамтамасыз ету міндеттелді. Орыс тілін оқудағы барлық шығындар жергілікті бюджет арқылы
жүргізілді. Осыған орай әскер қатарында мемлекет тарапынан шала сауаттылар мен сауатсыздарға
көңіл бөлініп, орыс тілін игеруге арналған оқу да үйымдастырылған. Осындай шаралар тылда да
атқарылды. Оқытуға мектеп мүғалімдерімен қатар жоғары сынып оқушылары да пайдаланылды.
Мәселен, Гурьев облысында 529 мүғалім мен оқушылар
217 сауатсыздарды, 4419 шала
сауаттыларды жэне 235 орыс тілін білмейтін әскери шақырылғандарды оқытты. Кейін тағы да 3959
сауатсыз жэне 6181 шала сауаттыларды оқытты.
Дегенмен де, бүл жүргізілген шаралар соғыс жылдарында майданға аттанған жауынгерлерді
толық сауаттандырып, орыс тілін өз мэнінде үйрете алмады. Оған уақыттың аздығымен қатар кәсіби
маман тапшылығы да өз әсерін тигізді.
Соғыс жылдарында халықтың барлығы бірдей Отан алдындағы борышын түсіне бермеді. 1941
жылдың 29 маусымындағы Директиваға сәйкес әскери міндеттілер 5 күн мерзім ішінде тіркелуге
міндетті, ал дәлелсіз келмегендер мобилизациядан бас тартып, қашқындар есебінде Соғыс
Трибуналының сотына берілді.
Халық арасында майданға барудан бас тартушылар, әскери қызметтен қашқандар да кездесіп
отырды. Олардың ішінде қарапайым халықтармен бірге, кейде комсомол, партия мүшелері де
кездескен жағдайлар болды. Мәселен, Шалқар ауданындағы комиссия төрағасы Хасановтың 1941
жылы
2 желтоқсандағы хабары бойынша кейбір партия мүшелері: Федосов,
Литовченко, Давыдов, Кургулин, т.б. майданға өз еркімен аттанудан бас тартқан.
Кейбір партияның жауапты қызметкерлері, ауылдық кеңестің төрағалары жалған тізімдер жасап,
өз жақын-жуықтарының туған жылдарын кемітіп, оларды әскери қызметтен босатылатын қүжаттар
әзірлеумен шүғылданғандықтары да анықталды. Ақтөбе облысы Ойыл ауданының № 21 ауылдың
кеңесінің торағасы Асауов Дэулет өзінің 1924 жылы туған ағасы Асауов Кенжеғалиды Қызыл Армия
қатарына барудан босату үшін оған 1926 жылы туған деген анықтама берсе, Ключевой ауданындағы
Маржанбүлақ ауылдық кеңесінің торағасы мен хатшысы Ташаев пен Делманов Қызыл Армия қатарына
шақырылуға тиісті адамдардың шаруашылық кітаптарындағы туған жылдарын өзгертумен жэне
жалған қүжаттар жасаумен айналысқан. Қызыл Армия қатарына шақыру алған кейбір азаматтар
түрғылықты мекен-жайын тастап, әскерге барудан қашып-пысып жүрген. Олар - дезертирлер
(әскерден қашқандар) өздерінің алыстағы жақындарын паналап жүрсе, кейбіреулері арнайы топ қүрып,
қарақшылық әрекеттермен айналысқан. Мэселен, Жүрын ауданының азаматы Спан Мүрзабаев әскер
қатарынан қашып келіп, 14 адамнан түратын топ қүрып, қарақшылық әрекеттермен шүғылданған.
Кеңес үкіметінің жүргізген саясатына қарсы өсек-аяң, алып-қашпа эңгімелер таратып, халықтың
кеңес үкіметіне, фашистік Германияны жеңетіндігімізге сенімсіздік козқарас қалыптасуына ықпал
ететін эртүрлі топтар да орын алған. Бүл топ майдан тылындағы еңбекшілердің еңбек етуіне, майданға
аттануларына кедергілерін тигізіп, халық наразылығының түтануына әрекеттер жасамақ болған. Ондай
топтар 1941 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ақтөбе облысының Байғанин, Шалқар, Родников,
Новоресей аудандарында тіркелген. НКВД үйымдары Орта Азия Республикаларының аудандарына,
Ауғанстан мен Иранға халықты көшірумен айналысқан контрреволюциялық топтарды қүрықтаған.
Наразы топтар, қашқындық әрекеттер одақтың, республиканың барлық аймақтарында орын
алғаны туралы бүрын жарияланбаған деректер сақталған. Қашқындармен күрес үшін арнайы топтар
«үштіктер» қүрылған. Олардың қүрамына аудандық комитеттің хатшылары, НКВД-нің аудандық
бастығы жэне аудандық әскери комитет торағалары енді. Мысалы, Ақтөбе облысында қашқындармен
күрес жүргізетін кеңестік-партиялық үйымның қүрамында
690 мүше болған. Мүндай арнайы
топтар барлық аймақтарда қүрылды. Бүл топтардың негізгі міндеттеріне аудан орталықтары мен
қалаларда айына кемінде екі рет, ауылдық жерлерде айына, бір рет түрақты тексеру жүргізу жүктелді.
Осындай шаралар нәтижесінде, біріншіден, жалған қүжат жасаушылар тосқауыл болса, екіншіден,
әскерден қашушылардың саны азая бастаған.
Соғыс басталғаннан - 1942 жылдың 1 қыркүйегі аралығында әскерден қашқандардың
республикада 2206 оқиғасы тіркеліп, оның Ақтөбе облысында 289-ы, Гурьев облысында 44-і, Батыс
Қазақстан облысында 81-і тіркелгені анықталған.
Соғыс жағдайындағы жаңа міндеттерге сәйкес жергілікті советтерге тиісті нүсқау-тапсырмалар
беріп, олардың жүмыстарында өзгерістер пайда болды. Сонымен бірге Советтер жүмысындағы
демократиялық формалары туралы принциптер өзгерген жоқ. Бүл негіздер Одақтың жаңа
Конституциясымен бекітілген болатын, олар Советтер мен оның жергілікті органдарының Отан соғысы
кезеңіндегі барлық жүмысына тірек жэне негіз болды.
Жергілікті кеңестер міндетін айқындау мен қызметін жандандыруда үлкен маңызы бар күжат
1942 жылдың 18 наурызында қабылданды. Осы қаулы шешімдерінің орындау барысын қадағалау үшін
облыстық атқару комитеті
1942 жылдың сәуір мен маусым айы аралығында Орал қалалық
Кеңесі атқару комитетінің, Жәнібек, Теректі, Фурманов, Шыңғырлау жэне Жымпиты аудандық
кеңестері жүмысын тексеруді үйымдастырды. Тексеру мақсаты - аудандық атқару комитеті
жүмыстарының жайын анықтау, соғыс кезінде төменгі буындарға басшылық жасау сияқты маңызды
істің қалай жүргізіп жатқанын бақылау еді.
¥ л ы Отан соғысы жылдарындағы кеңес органдары қызметінде Қызыл Армияға бүкілхалықтық
көмек үйымдастыру, майдан мен тыл арасындағы байланысты күшейте түсу жүмыстары басты
бағыттың бірі болды. Соғыс басталысымен-ақ тиісті мекемелер мен үйымдарға еңбек үжымдары мен
жекелеген азаматтардан хат, өтініштер, жиналыс пен митингі қаулы-қарарлары келіп түсе бастады, бүл
қүжаттарда олар майданға жеке қорларымен көмек беру ниеттерін білдіріп жатты. Кеңес органдары
баспасөз бен радио арқылы, белсенділер мен үгітшілер күшімен облыс жүртшылығы Қызыл Армияға
жылы киім мен елде қорғаныс қорын қүрудың саяси жэне экономикалық маңызы туралы үгіт-насихат
жүмыстарын үйымдастырды.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап 1942 жылдың аяғына дейін елдің қорғаныс қорына Батыс
Қазақстан облысы еңбекшілерінен келіп түскен қаржылай жэне басқаша көмек түрі: миллион 545 мың
сом қаржылай көмек, 486 алтын, 20 кг, 972 гр күміс, 541 гр платина, 1900,5 тонна астық, 22,3 ц май, 19
т пішен, т.б. бүдан басқа облыс еңбекшілері майдан жауынгерлеріне Жаңажылдық, май мерекесіне
жэне революцияның 24 жылдығына сыйлықтар жинауды үйымдастырып, майданға 30 вагоннан астам
сый-сәлемдемелер жіберді.
1942
жылғы Мемлекеттік Әскери заемның орасан табыспен өтуі советтік патриотизмнің тамаша
көрінісі болды, заемға жазылу бүрын-соңды болмаған қысқы мерзімде жэне тамаша нәтижемен
аяқталды. Облыс бойынша 31,415 мың сомға әскери заемға жазылу жүргізілді.
Облыс еңбекшілері барлығы бір кісідей жүмылып, майданға нақты көмек корсету жолында
ерлікпен еңбек етті. Олар ауыл шаруашылық жүмыстары бойынша жоспарды орындап қана қоймай,
Тамбов колхозшыларының патриоттық бастамасы бойынша республикада бастаған патриоттық
қозғалысқа да үлестерін қоса білді. «Қазақстан колхозшылары» деген атпен жасақталып жатқан танк
колоннасы мен әскери үшақ эскадриласы қүрылысына облыстан 52928 мың сом аударылды. Бүл істе
Зеленов, Тайпақ, Орда жэне Шыңғырлау ауданы еңбекшілері белсенділік танытып, басқа аудандармен
салыстырғанда қаржыны көбірек жинады.
1942
жылғы астық өнімдерін жинауға майдангерлердің эйелдері, үй шаруасындағы әйелдер,
колхозшы-эйелдер де белсене қатысты. Олар өздерінің ерлері мен балалары майданда жаумен қалай
шайқасса, еңбекте өздерінің солай күш жүмсайтынын мэлімдеді. Олар өз сөздерінде түрды, еңбекте
ерліктің үлгісін, норманы орташа алғанда 120-130%-ғаасыра орындады.
Қала мен облыс көлемінде халық жасақтарының батальоны мен жауынгерлік жасақтар
үйымдастырыла бастады. Жайық пен Еділ бойынан Чехиядағы Вятоваға дейін даңқты әскери жорықты
басынан өткізген 152-ші арнайы атқыштар бригадасы қүрылды. Смоленск мен Белоруссия жерінде
ерлікпен шайқасқан 101-ші арнаулы үлттық қазақ атқыштар бригадасы да біздің облысымызда
қүрылды.
Жау қолында қалған территориялардан көшірілген өнеркәсіп орындары мен адамдардың
кейбіреуі Орал қаласына орналастырылды. Олардың жалпы саны 14 өндіріс орны мен мекемелер
болды. Солардың ішінде Ленинградтан көшірілген К.Ворошилов атындағы заводты ерекше атауға
болады. Соғыс жылдарында майданды қару-жарақпен қамтамасыз етіп, жеңіске зор үлес қосқаны үшін
завод үжымы Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл туын екі рет иемденді, ал
конструкторлары Н.Н.Шамарин, В.Д.Горбунов жэне Г.И.Жигарь өнертапқыштық бастамалары үшін
бірінші дәрежелі сталиндік сыйлықтың иегерлері болды.
Достарыңызбен бөлісу: |