Баяндама «Қазіргі отбасындағы еңбек және гендерлік рөлдердің бөлінуі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі»


Жасыратыны жоқ, осы кезге дейін отбасындағы зорлық-зомбылық ашық айтылмай келді



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі24,67 Kb.
#15042
1   2
Жасыратыны жоқ, осы кезге дейін отбасындағы зорлық-зомбылық ашық айтылмай келді. Бұл жағдай әлеуметтік проблема ретінде қарал­майтын. Ал Ішкі істер министрлігінің ақпаратына қарасақ, елімізде жыл сайын 10 мыңнан астам зорлық-зомбылық фактілері тіркеледі. Мы­са­лы, 2008 жылы 715 әйел мен 129 бала қазаға ұшыраған екен. Бірақ, тұр­мыс­тық зорлық-зомбылық фактілерінің ба­сым көпшілігі тіркелмейді. Сарап­шы­лардың айтуынша, ресми статис­ти­каны қорықпай, ең кемінде, төртке көбейтуге болады. Өкініштісі, зорлық-зомбылыққа ең көп ұшырайтын адамдар - сол құқық бұзушы­ның ең жақыны, жанашыры, бірге тұратын отбасы мүшелері. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген мұндай адам дене, психикалық, моральдық зардаптан бөлек қорғансыздық сезімде болып, тығырыққа тіреледі. Оның санасында «мемлекет менің құқығымды қорғай алмайды» деген түсінік пайда болады. Сонымен бірге, әрине, отбасында көрген қиянаттың «жарасын» жазу қиын.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақ­стан негізгі демократиялық құнды­лық­тар мен институттарды бекітті. Еліміздің Конститу­циясында адамның денсаулығына, оның ар-намысы мен абыройын кемсітуге бағыт­тал­ған іс-әрекеттерден, оның ішінде тұрмыс­тық зорлық-зомбылықтан қорғау жөнін­дегі нормалар бар. Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алуға қатысты халық­аралық құқықтық құжаттар ратифика­циядан өтті.

Қолданыстағы заңнама бойынша тұр­мыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыс­тық және әкімшілік жауапкер­шілік көздел­ген. Азаматтық кодексте әр адамға өзінің құқығын сотта қорғауға мүмкіндік береді. Дегенмен, мойындауымыз керек, бұл заңдардың барлығы, бір жағынан, тұрмыс­тық зорлық-зомбылықты жедел түрде алдын алуға, екінші жағынан, жәбір­ле­нушілерге қауіпсіздік жағдайларын жасау­ға, оларға медициналық, психо­логиялық, құқықтық және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсетуге мүмкіндік бермеді. Полиция орган­да­ры адам «таяқ жемейінше» және құ­қық бұзушының іс-қимылында әкім­шілік құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталмайынша, ара түсуге құ­қығы болған жоқ. Ал, мұндай құқық бұзу­шылық белгілері болғанымен де, жә­бірленушіге қажет­ті қауіпсіздік пен әлеу­меттік көмек қамтамасыз етілмей келді.

Сондықтан 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын­дағы ген­дерлік теңдік стратегиясы мен Елбасы­ның ІV Қазақстан әйелдер фо­ру­мында қой­ған міндеттерін іске асыру жөніндегі шара­лар жоспарына сәйкес Үкімет Мәжіліс­ке «Тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң жобасын енгізген болатын.

Осы заң жобасын қарайтын жұмыс тобының жетекшісі ретінде айтарым, Парламентте тұрмыстық зорлық-зомбы­лық­қа қатысты екі заң жобасы қаралды. Біріншісі, жаңа айтып өткен­дей, Үкімет енгізген «Тұрмыстық зор­лық-зомбылық­тың алдын алу туралы» заң жобасы. Оны талқылау барысында басқа заңдарға түзетулер енгізбейін­ше, бұл негізгі заңның жұмыс істемей­тіндігіне депутаттардың көзі жетті. Басқаша айтқанда, бұл негізгі заңды басқа қолданыстағы заң актілерімен атап айтқанда: Қылмыстық істер жүргізу, Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекс­терімен, ішкі істер органдары, қару айна­лымы туралы заңдармен және тағы басқа заңдармен сәйкестендіру қажет болды. Сондық­тан, екінші, яғни қолданыстағы заңдар­ға түзетулер енгізуді көздейтін ілеспе заң жобасы қажеттілігі сезіледі. Осы­ны ескеріп, біз негізгі заң жобасын Үкіметке кері қайтаруға құқымыз болған. Бірақ, оның әлеуметтік маңыздылығын, көптеген үкіметтік емес ұйымдардың өтініштерін ескере отырып, бір топ депутаттар Парла­мент қабырғасында «Қазақ­стан Республика­сының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық­тың алдын алу және жолын кесу мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» жаңа екінші заң жобасын әзірлеп, Мәжіліс қарауына енгізді.

Айта кету керек, депутаттар үкіметтік заң жобасының мазмұнына елеулі түзету­лер енгізді. Атап айтқанда, заңда жәбір­ленуші, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның ішінде, күш көрсету, психо­логиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылық түсініктері берілген. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасы-тұрмыстық қатынастарға берілген түсі­ніктер өзгертілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық деп отбасы-тұрмыстық қаты­нас­тар аясында бір адамның басқаға (басқа­ларға) қатысты дене зардабын және (неме­се) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) түсініледі. Ал, отбасы-тұрмыстық қатынас­тар деп - неке-отбасылық қатынастағы адамдар, жеке тұрғын үй, пәтер немесе өзге де тұрғын үй-жай шегінде бірге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар шеңбері айқындалған.

Заңда тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүргізетін субъектілер­дің құзыреті егжей-тегжейлі ашып көрсе­тіл­ген. Оларға Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Президент жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, ішкі істер органдары, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдар, көмек көрсету жөніндегі ұйым­дар жатқызылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өз ерекшеліктері бар. Себебі, мұнда бір-біріне жақын, бір үйде тұратын адамдардың арасындағы қарым-қатынас­тар туралы сөз болып отыр, яғни қауіп-қатер төндіруші мен әлеуетті жәбірленуші әрдайым бірге.

Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылық­тың алдын алу жөніндегі заңдар келесі міндеттерді көздейді: шұғыл түрде тұр­мыс­тық зорлық-зомбылықтың жолын кесу; жәбірленушіге қауіпсіздік жағдайларын жасау; жәбірленушіге көмек түрлерін көрсету (ақпараттық, құқықтық, психоло­гиялық және т.б.) және құқық бұзушыға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану.

Осы міндеттерді орындау мақсатында полиция қызметкерлеріне жаңа құзыреттер беріліп отыр. Оларға құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізу, хаттама толтыру немесе қорғау нұсқамасын шығару үшін құқық бұзушыны ішкі істер органда­ры­на жеткізу және құқық бұзушының жәбір­­ле­ну­шіге қатысты іс-әрекетін шектей­тін қорғау нұсқамасын шығару құқығы жатады. Мұндай шара жәбірленушінің арызының негізінде қолданылады. Ол бойынша құқық бұзушыға бір ай мерзімге жәбірленушіні іздеуге, соңына түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға жазбаша түрде тыйым салынады. Сондай-ақ 48 сағатқа дейін әкімшілік ұстау (жәбірленушіден аластату), құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы сотқа жүгіну құқығы бар. Бұл шара қорғау нұсқамасы сияқты, бірақ бір жылға дейінгі мерзімді қамтиды және бірқатар қосымша шектеу­лерден тұрады. Сонымен қатар тергеу кезінде күдіктінің немесе айыпталушының құқығын шектеу де полиция құзыретіне жатады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдікті немесе айыпталушыға жәбір­ленушінің арызы бойынша оны іздеуге, соңына түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға жазбаша түрде тыйым сала алады. Қорғау нұсқама­сын, мінез-құлқына белгіленген ерекше талаптарды және қылмыстық жауапкер­шілікке тартылып жатқан адамдарға қойылған шектеулерді бұзғаны үшін қатаң жауапкершілік немесе қатаң бұлтартпау шаралары көзделген.

Соңғы уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық проблемасымен айналысатын түрлі үкіметтік емес ұйымдардың саны мен белсенділігі артып келеді. Негізінен Алматы, Павлодар қалаларында шоғырланған үкі­мет­­тік емес ұйымдармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қиянат көрген адам­дар­ға түрлі көмек көрсету бойынша үлкен жұ­мыстар атқарылып жатыр (кон­суль­­та­циялық және психологиялық көмек­тер, тұр­ғын-жай беру және т.б.). Олар бұл проб­ле­мамен әбден таныс және олардың тәжіри­бесі мен білімдері, әлбетте, заңдар­дың маз­мұ­нын жақсартуға едәуір көмегін тигізді. Де­путаттардың ұсынысымен бюджет қар­жысы есебінен көмек көрсету ұйымдарын (дағдарыс орталықтарын) құру мүмкіндігі пайда болды. Үкімет біздің келтірген дәлел­демелерімізбен келісіп, нәтижесінде олар заңда көрініс тапты. Тұрмыстық зор­лық-зомбылықтан жәбір көрген адамдарға мем­лекет есебінен арнайы әлеуметтік қызмет­тер көрсетілетін болады. Денсаулық сақ­тау, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері қазіргі таңда осындай әлеуметтік қызмет түрле­рі­нің стандарттарын әзірлеуде. Одан кейін тегін және ақылы қызмет түрлерінің тізімі бекіті­летін болады. Басқаша айтқанда, көмек көрсету ұйымдары мемлекеттік те, мемле­кеттік емес те болуы мүмкін. Мемле­кет­тік емес ұйымдар бюджет қаржысы есебі­нен мемлекеттік қолдауға үміттене алады.

Заң жобасын әзірлегенде біз әрбір адам­ның бостандығы басқа адамның бос­тандығы басталатын жерде аяқталады де­ген тұжырымға сүйендік. Басқаша айтқанда, полицейлер құқық бұзушының тек жәбір­ленушіге қатысты құқықтарын шектеуге құқылы. Бұл ретте қорғау нұсқамасы - ол уақытша (он күнге) және аудандық ішкі істер бөлімі бастығының немесе оның орынба­са­рының деңгейінде қабылданатын шара. Оның үстіне бір тәулік көлемінде ол жөнінде прокурорға хабарла­ма беріледі. Құқық бұзушыға жәбірленушіні іздеуге, соңына түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға жазбаша түрде тыйым салынуы мүмкін.

Егер он тәулік қорғау нұсқамасы аз бол­са және жәбірленуші ол мерзімді ұзартқысы келсе, онда оның арызы бойын­ша және про­курордың рұқсатымен ол 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Егер құқық бұзушы белгіленген талаптарды орындамаса, онда полиция қызметкері хаттама толтырып, істі сотқа жолдауға құқылы. Ал, сот бір жыл көлеміндегі тиісті шектеулерді белгілей алады. Мысалы, түрлі жанжалдар тек отбасында ғана бола бермейді ғой. Көрші де, бірге оқитын азаматтар да бір-біріне қауіп туғызуы мүмкін. Біреу біреуден қорқуы мүмкін. Мұндай жағдайларда соттар құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап­тар белгілеу мүмкіндігіне ие бола алады.

Полиция қызметкерлері жаңадан беріл­ген құзыреттерді асыра сілтеп пайдала­нуына жол бермеу үшін аталған шаралар­ды қай кезде қолдану керек екендігін нақты көрсе­тіп жаздық. Полиция қызметкері жағдайды бағалап, қауіптің бар-жоғын, туа бастаған жанжалдың деңгейін анықтауы керек. Бірақ, ең маңыздысы, шара қолдану үшін жәбірле­ну­шінің арызы болуы тиіс.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу мәселесінде ең маңыздысы құқық бұзушыны жазалау емес, отбасын қолдау және сақтау. Жазалау шараларынан гөрі алдын алу шараларын қарастыру, құпиялы­лық, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу сияқты прин­цип­тер басшылыққа алынды. Сондық­тан, тиісті мемлекеттік органдардағы зорлық-зомбылықтың алдын алумен айналысатын қызметкерлер отбасы және адам психо­ло­гиясын жақсы білетін, тәжіри­бесі мол аза­мат­тар болуы қажет. Әрине, бұл ретте біздің құқық қорғаушылардың алдында күрделі міндеттер пайда болады. Оларды ойдағы­дай шешу үшін Ішкі істер министрлігіне са­палы нұсқамалар жазып, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, психологиялық курс­тарды ұйымдастыру қажет болады. Бірақ, қазірдің өзінде полиция органдарында ма­ман­дандырыл­ған, яғни әйелдерге, бала­лар­ға қарсы жасалған қылмыстармен айналы­сатын құрылымдар бар. Жасөспірімдер мен отбасына қатысты істерді қарайтын арнайы мамандан­дырыл­ған соттар да құрылып жатыр.



Әрине, бұл жаңа заңның іс жүзінде орын­далуына талдау жүргіземіз. Мүмкін, кейін оның кемшілік тұстары да анықтала­тын шы­ғар. «Көш жүре түзеледі» деген бар ғой. Сон­дықтан, келешекте осы саладағы заңна­маны жетілдіруіміз әбден мүмкін. Сонда отандастарымыздың құқықтары барынша қорғалып, отбасында, қоғамы­мыз­да зор­лық-зомбылық емес, татулық пен береке сән-салтанат құрады деген сенім бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет