Ыбырай Алтынсарин
Шохан Уәлиханов
философиясы
Амандық Таңат
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық
философиясы
Ш. Уәлихановты терең толғандырған қазақ халқының
тағдыры, оның жаппай сауаттануы, қазақтарды
жалпыадамзаттық құндылықтар мен прогреске қосудың
жолдары туралы маңызды мәселелер көрнекті қазақ
ойшылы Ыбырай Алтынсарин үшін де басты мәселе
болды. Зұлымдықпен, әділетсіздікпен және азғындықпен
күрес идеялары екі ойшылдың да философиялық
көзқарастарына тән.
Ыбырай Алтынсарин
1841-1889
Ыбырай Алтынсариннің жоғары өнегелілік пафосқа толы
шығармашылық мұралары - әлемді философиялық түсіну мен
гуманистік бағыттың жарқын үлгісі. Ы. Алтынсарин өзінің
қалыптасуы барысында шығыстанушы В.В. Григорьевтің, К.Д.
Ушинский бастаған педагогикалық қозғалыстың әсерін сезінді. Ол
халықтың болашағы ең әуелі балалардың жаппай сауат алуына
байланысты деп қарады. Өзі құрастырған “Қазақ хрестоматиясын”
“ғылыми, әрі байыпты басшылыққа негізделген, қажетті танымдар
мен пайдалы мағлұмат бере алатын ”жол нұсқаушы ретінде
бағалады
Шоқан Уәлихановтың
философиясы
Шоқан Уәлихановтың аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан қысқа,
бірақ шығармашылық мұрасы мол өміріндегі аяқталған немесе
аяқталмай қалған көптеген еңбектері арасынан таза философияға
арналған қандай да бір дүниені табу қиын. Қазақтың атақты ғалымы әрі
зерттеушісі философия тақырыбына арнайы тоқталмаған сияқты.
Дегенмен, Шоқан әртүрлі халықтардың тарихы мен дінін зерттеп
этнографиялық және әдеби материалдарды сараптағанда философия мен
дүниетаным тақырыптарын айналып өтпеген. Оның
шығармаларындағы, әсіресе, қалың оқырманға беймәлім қолжазбалар
мен күнделігіндегі түсініктеме мен тұжырымдамалардан Шоқан
философиясы, оның дүниетанымы мен көзқарасы, құндылыққа
жетелейтін бағдар-бағыты жайында әжептеуір мағлұмат алуға болады.
Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов
1835 - 1865
Осы тұрғыдан алғанда, Шоқан Уәлихановтың көшпенді қауымның діни
наным- сенімі, салт-дәстүрі және мифологиясына арналған еңбектері
айрықша мәнге ие. Бұлардың қатарында «Қазақтардағы шамандықтың
қалдығы», «Қырдағы мұсылмандық туралы», әсіресе, күнделік – жазбалар
сияқты құнды еңбектер бар. Шоқан күнделік-жазбаларында өзінің
саяхатын жазғандай суреттеп жатпайды. Ол мұнда өзі кездестірген
тайпалардың мәдениеті мен тұрмысы, діни сенім-нанымы және
дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы, әртүрлі халықтар арасындағы
өркениет айырмашылығы жөнінде ой толғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |