БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРи
Егеменді еліміздегі мектептерде қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын оқыту, оқушылардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады, жастардың өз отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Өйткені бейнелеу өнері бейнелеудің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, симметрия, өнердің даму заңдылықтарын оқытып үйретуді мақсат етіп ғана қоймайды, сонымен қатар қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқушыларға терең және жан-жақты таныстыруды міндет етеді.Бейнелеу өнерін мектепте оқыту оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлес қосады. Оқушылар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихында 1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д.Прейслердің «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік» атты сурет туралы оқулық жарық көрді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосқан Сурет Акакдемиясының суретші-педагогтары А.П.Лосенко және В.К.Шебуев көп еңбек сіңірді.
ХІХ ғасырдың басында орыс көркем академиясы Батыс Европа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі – О.А.Кипренский.
XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейдегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналды.
1834 жылы А.П.Сапожниковтың «Суретсалу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А.П.Сапожников әдістемесінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап сурет салудың негізін қалайды. 1804 жылы училище, гимназияларға орта мектептерде сурет пәні ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курс ашылып, Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды.
Сурет-бейнелеу өнері түрлерінің: графиканың, мүсіннің, сәндік-қолданбалы өнердің негізін құрайды. Сурет адамның қоршаған ортаны танып білуде және зерттеуде қажетті құралдарының бірі болып есептеледі.Оның көптеген түрлері бар,яғни, ол-техника, әдістері, жанрлар мен бағыттары және тақырыптарына байланысты ажыратылады.
Көркем қолданбалы өнерде кездесетін сурет, тұйық өрнек тәрізді композицияға сүйеніп салынады. Мұндай композициялық құрылымды құру жолында оқушы табиғи формалардан қолданбалы өнердің образын жасау үшін, жалпылау және қарапайымдау сияқты талаптарды орындайды. Бұл жұмысты орындау жолында, оқушыларға бейнелеу өнерінен алған білімі мен тәжірибесі көмектеседі. Сонымен бірге, бейнелеу өнерінің қағаз бетіне заттың көлемін, бейнеленетін нәрсенің шынайы бейнесін, кеңістік әсерін, сызықтық және кеңістік перспективасын, жарық пен көлеңке ережелерін шешу т. б. заңдылықтарын көркем композициянықұру кезінде қолданбайтынын естен шығармау керек. Қолданбалы өнер үйірмесінде немесе шеберханада нәрсені жазықтық бетіне әсерлі дақтармен ырғақты құрылым құрып бейнелейді.
Ағаш пен металды немесе басқа қолданбалы өнерде қолданлатын шикізаттардың кенеп пен бояудын көркемдік және технологиялық мүмкіндік қасиеттері мүлде бөлек.Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады. Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады.
Оқытушы оқушыларға қарап сурет салу арқылы,қол ептілігін дамытуды,күнделікті қоршаған ортадан табиғй өрнектерді байқап көре білу қабілетін тәрбиелеуі керек. Шығарманы толыққанды қабылдау үшін оқушылардың логикалық көркем ойлауын дамыту. Бұл үшін барлық сабақ немесе сабақтың үзінді бөлігі кейбір жекеленген кезеңдерге бөлінуі тиіс.
1. Оқушының өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.
Яғни, оқушыға шығарманы өзінің жеке басымен қабылдауы үшін 1-2 минут
беру керек. Оқушы тыныштықта көркем шығарма мазмұнына, бейнеге енеді.
Оқушының қызу сезім әрекеті оның ұзақ үнсіз қалуына жол бермейді. Олар
салынған суреттен көргендеріне байланысты өзінің сезімін дауыстап айтуға
кіріседі .
2. Оқушының қызу сезімдік қабылдауының дамуы.
Бұл жерде оқушының оқиғаны бастан кешіру үрдісін қызу сезім арқылы
көрсететін бет- әлпетін сақтап қалатын сұрақ қажет. Сұрақ олардың қызу сезім
кешкен сезім арнасына қосылып бірігіп кететіндей сұрақ болуы шарт.
3. Оқушылардың көркем ойлауын дамыту.
Бұл кезеңде оқушыларға суретшінің сурет салу барысында пайдаланған
мәнерлеу құралдарын ашу міндеті тұрады. Бұл жерде оқушының шығарманы
қабылдауын сауатты түрде бағыттау қажет. Сонымен қатар, суретшінің
оқушылар толғанысы, қуанышы қайғыруы , қорқынышы, қамығуы және т.б.
сезімдеріне әсер етуші мәнерлеу құралдарын ашуға көмектесетін сұрақтар
қажет.
4. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.
Мұғалім оқушылармен бірге көркемдік мәнерлеу құралдарын анықтап
болғаннан кейін олардың танымдық белсенділігін арттыру үшін материалистік
көзқарасын қалыптастыру мақсатында салынған сурет мазмұнына талдау
жасау кезеңін жүргізгені жөн.
5. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
Мұғалім салынған суретті қабылдау үрдісін қорытындылай келе суретші
жайлы, оның шығармашылығы жайлы қысқаша түсінік береді.
6. Салынған суретті қабылдауды қортындылау .
Оқушылар мұғаліммен бірлікте салынған суреттің мұратты мазмұнының негізгі
мағыналық міндетін айқындайды .
Суретші салған суреттерден автордың көңіл-күйін, ой-толғанысы мен оқиғаны
бастан өткізу әсерлері көрерменге бірден ашыла қоймайды. Алайда, оқушыға
әсерге толы, сезімді, қызықты шығармамен диологқа түсуді үйрету қажет.
Мемлекеттің негізгі мақсаты-ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау-қорғаныс күштерін нығайтып, ел азаматтарының бірлігін сақтау, рухы биік, өз ұлтының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз дәстүрі мен салт-санасын өзгеге айырбастамайтын саналы азаматтарды тәрбиелеп, қалыптастыру. Оның бірден-бір төте де сенімді жолы біреу-ақ, ол – жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбиелеу.
Қоғам мүшелерінің парасат деңгейі мен рухани биіктігі жоғары болған сайын мемлекет негізінің іргетасы да соғұрлым берік болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |