Бекзат саттарханов



Дата24.11.2022
өлшемі2,12 Mb.
#52309

БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ
Орындаған:Жәкуда Әлішер
  • Бекзат Саттарханов

1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар. Ол бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлсіз болған. Сондықтан "Бекзат даңқты боксшы болады" дегенге сол кездері ешкім сенбеген.1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы No18 орта мектепте білім алды. Бұдан соң, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университінің заң факультетін бітірді.

Қазақстандық бокс мамандары Бекзат өте жас болғандықтан, оны Сидней Олимпиадасына жібергісі келмейді. Бірақ 2000 жылдары бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған бапкер Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзіндегі жалынды байқап, ел намысын қорғауды жас боксшыға сеніп тапсырады. Бекзат Олимпиадада 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

  • Қазақстандық бокс мамандары Бекзат өте жас болғандықтан, оны Сидней Олимпиадасына жібергісі келмейді. Бірақ 2000 жылдары бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған бапкер Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзіндегі жалынды байқап, ел намысын қорғауды жас боксшыға сеніп тапсырады. Бекзат Олимпиадада 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Алғашқы кездесуінде Бекзат Саттарханов румыниялық боксшы Бобирант Овидиу-Тибериуаны айқын басымдықпен жеңеді.Кейін ол африкалық Джефри Матебулламен кездесіп, оны 16-5 есебімен тізе бүктіреді.Олимпиададағы үшінші кездесуінде Бекзат тәжірибелі боксшы, сол жылы Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен қолғап түйістіреді. Кездесу өте тартысты өтеді. Нәтижесінде қазақ боксшысы қарсыласын 12-11 есебімен жеңеді.Жартылай финалда отандасымыз марокколық Тахар Тамсаманимен қолғаптүйістіріп, оны 22-10 есебімен қапыда қалдырады.Сидней Олимпиадасының финалында Бекзат Саттарханов әлем чемпионы, тәжірибелі АҚШ бокшысы Рикарду Хуареспен кездеседі. Ол қарсыласын 22-14 есебімен жеңіп, 20 жасында Олимпиада чемпионы атанады.

  • Алғашқы кездесуінде Бекзат Саттарханов румыниялық боксшы Бобирант Овидиу-Тибериуаны айқын басымдықпен жеңеді.Кейін ол африкалық Джефри Матебулламен кездесіп, оны 16-5 есебімен тізе бүктіреді.Олимпиададағы үшінші кездесуінде Бекзат тәжірибелі боксшы, сол жылы Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен қолғап түйістіреді. Кездесу өте тартысты өтеді. Нәтижесінде қазақ боксшысы қарсыласын 12-11 есебімен жеңеді.Жартылай финалда отандасымыз марокколық Тахар Тамсаманимен қолғаптүйістіріп, оны 22-10 есебімен қапыда қалдырады.Сидней Олимпиадасының финалында Бекзат Саттарханов әлем чемпионы, тәжірибелі АҚШ бокшысы Рикарду Хуареспен кездеседі. Ол қарсыласын 22-14 есебімен жеңіп, 20 жасында Олимпиада чемпионы атанады.

2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза тапты.Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.

  • 2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза тапты.Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет