Беріктілікті анықтау және негізгі түсініктемелері



Pdf көрінісі
Дата16.05.2023
өлшемі466,27 Kb.
#93698


ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ 
БЕРІКТІЛІГІ


БЕРІКТІЛІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ 
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ
• Беріктілік режіміндегі нақты жүйенің параметрлері құбылып, өзгеріп отырады, олдар келесі 
факторлармен байланысты:
• - жүктеменің өзгеруі және басқару қондырғыларының өзгеруіне әсер ететін реакциялар;
• - коммутацилы жүйенің нормалдық эксплуатациялық өзгеруі;
• - жеке генераторлардың қосылуы мен ажырауы немесе қуаттардың өзгеруі.
• Сондықтан жүйенің орныққан режімінде әрқашан өзінің режім параметріне аз болса да ауытқуы бар, 
сонымен бірге ол болу қажет.
• Статикалық беріктілік – жүйенің аз уақытынан кейінгі режімді бастапқы қалыпына келтіру қабілеттілігі.
• Электр жүйелерінде апатты режім қысқа тұйықталу кезінде және желінің немесе сыртқы агрегаттардың 
аппатық сөнуінде пайда болады. Үлкен ауытқу болған кезде режімде тез өзгерістер пайда болады.
• Динамикалық беріктілік – жүйенің үлкен ауытқудан кейінгі бастапқы жағдайына қайтып оралуы.


• Жүйенің синхронды режімі үлкен ауытқудан кейін жойылады, содан мүмкін болатын 
үзілістен кейін қайтадан орнына қайтады. Осының бәрі жүйенің беріктілігінің нәтижесі 
бар екенін көрсетеді. Осы анықтамаға сүйенсек, жүктеме мәні аз ғана көтерген жағдайда 
беріктілікті жоюға әкелетін режім бар екенін айтуға болады.
• Бұл режім шекті режім деп аталады, ал жүйе жүктемесі статикалық беріктіліктің шарты 
бойынша шекті жүктеме немесе максималды жүктеме деп аталады.
• Жүктеменің шектелуі басқа да жағдайлар арқылы жүзеге асуы мүмкін, мысалы электр 
жүйелерінің элементтерінің қыздырылуы арқылы (генераторлардың, 
трансформаторлардың және т.с.с)


• Осы жағдай қыздыру шарты бойынша түсініктеме шектелуі көрсетіледі және осы 
режімнің максималды уақытын орнатады. Тәж кернеуі және тағы сол сияқты, түйіндегі 
кернеу деңгейі бойынша жүктемені шектеуге болады. Бүкіл шектеу факторларын есепке 
ала отырып, осы элемент арқылы беруге болатын үлкен қуатты жүйе элементінің істен 
шығуы деп аталады (түйіндегі кернеулер, беріктілік, қызуы т.с.с).
• Істеп шығару қабілеттілігі динамикалық беріктілікке тән болып табылады. Желі өшірулі 
кезінде кез келген нүктеде қысқа тұйықталу кезінде динамикалық қатаңдылық шарты 
бойынша берілетін қуаттың шегі туралы осы жағдайларда айтылады.


• Статикалық мінездемелер- бұл уақытқа тәуелді емес графикалық және 
аналитикалық көрсетілген жүйе режімінің параметрімен байланысты болып 
табылады. Осы байланыстар негізінде жүйенің орныққан режімінде шығарылады.
• Динамикалық мінездемелер- бұл уақытқа тәуелді талаптардан алынған параметрлер 
байланысы болып табылады. Осы жағдайда бірінші және одан да жоғарғы 
қарастырылған туынды параметрлердің әсері көрсетіледі (айқындалады).
• Бұл режімнен басқа режімге ауысуы сапалы бағаға жақын.
• Сонымен қатар, жаңа орныққан режімнің мінездемесі және өтпелі процестің ағу 
мінездемесі бағаланады (тез, баяу, апериодикалық, бір қалыптылығы).
• Егер бір қалыпты немесе апериодикалық болса және өшуі тез болғаны байқалса 
өтпелі процестің сапасы жақсы деп айтуға болады. Өтпелі процесс басталған 
кезіндегі режім жергілікті артық беріктілікті болу қажет, олар кез келген 
параметрлердің өзгеруімен тексеріледі. Қор коэффициентін көрсететін беріктіліктің 
қор ауытқудың ең көп мәні анықтайды, сол арқылы жүйе өзінің беріктілігін сақтап 
тұрады. Мысалы, кернеу бойынша қор былай анықталады.


БЕРІКТІЛІК АНАЛИЗІ БОЙЫНША 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖОРАМАЛДАР
• Инженерлі есептеулердің тура болуын толық қамтамасыз ететін және беріктілік бағасын жеңілдететін, 
электр магниті өтпелі процестердің анализі кезінде қосымша қабылданған жорамалдар қолданылады:
• 1) Болжау бойынша, электрмагниттік өтпелі процестер ағу кезіндегі синхронды машина роторының 
айналу жылдамдығы синхронды жылдамдығының 2-3% аралығында ғана өзгереді.
• 2) Генератордың статор мен ротор тогының кернеулері тез уақытта өзгереді.
• 3) Жүйе параметрінің сызықты еместігі есептелінеді. Егер оны есептемесе, жүйені желі аризонды деп 
санайды.
• 4) Электрлік жүйенің бір режімнен басқа режіміне өтуі үшін өзіндік және жүйенің өзара кедергісін, 
сонымен қатар генератор мен қозғалтқыштардың электр қозғаушы күшін өзгерту керек.
• 5) Тура сәйкесті сұлбадағы симметриялы емес құбылулар кезіндегі динамикалық беріктілікті зерттеу.


ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ БЕРІКТІЛІГІН 
ЕСЕПТЕЙТІН ЕСЕПТЕР
.
• Статикалық беріктілік анализі кезінде біршама есептер пайда болады, олар жобалық және 
эксплуатационды ұжымдарда есептелінеді. Ол есептерге жататындары:
• 1) Шектік режімдер параметрлерін есептеу. (Энергия жүйелерінің желісі бойынша берілген 
қуат шегі, жүктемемен қоректендіретін жүйе түйін нүктесінің қиын-қыстау кернеуі т.с.с).
• 2) Қор коэффициентінің мәнін анықтайды. Қуат пен кернеу қор коэффициентімен бірге 
қозудың автоматтық басқарылатын (ҚАБ) күйге келтірілген параметрлері бойынша запас 
коэффициенті есептелінеді.
• 3) Энергия жүйелерінің статикалық беріктілігі бойынша таңдау және берілген берілісінің өту 
қабілетін қамтамасыз ету.
• 4) Жүйе беріктілігін жақсартуға бағытталған талаптарды талқылау. Кернеуді бір қалыптығын 
ұстау нақтылық қажеттілігін қамтамасыз ететін ҚАБ – күйге келтіруші таңдалады.


• Осы аталып кеткен есептерді есептеу жүйенің өзін-өзі тербелуінің пайда болуын есепке ала отырып 
жүргізіледі.
Динамикалық беріктілік анализінің есептері бір орныққан режімнен екінші режімге ауысумен байланысты. Бұл 
келесі есептер:
а) электр жүйелерінің артқан элементтерінің апаттық өшу немесе эксплуатация кезіндегі динамикалық ауысу 
параметрлерін есептеу;
б) қысқа тұйықталу кезіндегі жүйедегі әртүрлі факторларды есепке ала отырып, динамикалық ауысу 
параметрлерін анықтау:
- симметриялы емес бір қысқа тұйықталу екіншісіне өту мүмкіндігі (мысалы, бір фазалыдан екі фазалыға);
- қысқа тұйықталудан кейінгі ажыратылған автоматты қайта қосылу элементінің жұмысы, және т.с.с.
Динамикалық беріктілік есептелуінің қорытындылары мыналар:
-
жүйелердің өте қауіпті нүктелеріндегі қысқа тұйықталуды есептеу түрінің өшу уақытының шегі;
-
электр жүйелерінің әртүрлі элементтеріндегі орнатылған автоматты қайтадан қосылу АҚҚ жүйесінің 
үзілісі;
-
жүйенің автоматты кіретін резерв параметрі АКР.
Есептемелер динамикалық мінездемелер және тізбекті емес мінездемелерді есепке алып жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет