Бүгінгі таңдағы тәуелсіз еліміздің рухани өміріне



Дата14.12.2022
өлшемі14,46 Kb.
#57274
Байланысты:
SLXBLDHAXDIU06122022130917


Аннотация

Бүгінгі таңдағы тәуелсіз еліміздің рухани өміріне тың және көптеген игі жаңалықтар әкелгені мәлім. Солардың бірі – ежелден тарихы тағдырлас, тілі туыс, әдет-ғұрпы мен салт-санасы өзара ұқсас болып келетін түркі тектес халықтар әдебиетін дербес пән ретінде танып білу болып отыр.


Түркі тілдес немесе түркі тектес халықтар тобына: азербайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, құмық, қарашай, ноғай, татар, түрікмен, өзбек, ұйғыр, хакас, алтай, саха, үрім, чуваш, салар, шор, гагауыз, халықтары енетіні мәлім.
Біз бұл пән барысында азербайжан, башқұрт, қырғыз, қарақалпақ, татар, түрікмен, өзбек, ұйғыр халықтары әдебиетінің тарихына ерекше тоқталамыз.
Бірінші, ІҮ-ІХ ғасырлардағы көне түрік әдебиет ескерткіштері («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары, «Қорқыт ата кітабы»,
«Оғызнаме», Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби мұралары).
Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет (Махмұд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағұн «Құтадғу біліг», Ахмед Иүгінеки «Хисатул- хақайық», Ахмет Ясауи «Диуани хикмат», Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»).
Үшінші, ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы, яғни Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (Нассреддин Рабғузи «Рабғузи қиссалары», «Кодекс Куманикус», Хорезми
«Мұхаббатнаме», Құтб «Хұсрау – Шырын», Сайф Сарай «Гүлистан бит- турки», Дүрбек «Жүсіп-Зылиха», Әбілғазы «Шежіре-и-түрік», Қадырғали Жалайыри «Жамиғат тауарих», Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди», Бабыр
«Бабыр наме»). Түркі елдері әдебиеті тарихының жоғары оқу орындарында оқытыла бастағанына көп уақыт болмаса да, түбі бір түркі жұртының мақсат-мүддесі ортақ екендігі белгілі. Бүгінде мектеп оқулықтары мен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына енуі — егемендіктің жемісі. Бірақ та «өз деңгейінде сағат бөлініп оқытылып жүр ме» деген сыни сөзді алға тартсақ, Кеңес дәуірі тұсында республика болып жарияланған қырғыз, өзбек, түрік, әзірбайжан, түркімен және ұйғыр, қарақалпақ, татар мен башқұрт түркілерін ғана санамалап айтып жүргеніміз рас. Сағаттың аз бөлінуінің нәтижесінде ірі-ірі классиктерімен ғана танысып, өзге қаламгерлеріне көңіл бөлмей келеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет