Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия
Молдағұлованың туғанына 90 жыл. Ер етігімен
су кешкен қанқұйлы соғыс жылдарында
өліммен күн сайын тайсалмай бетпе-бет кел-
ген қаршадай қазақ қызы небәрі 19 жасында
ерлікпен қаза тапты. Осы аз ғана ғұмырында
Әлия ерлікке, қаһармандыққа, өрлікке, намыс
пен рухшылдыққа өшпейтін, өлмейтін ескерткіш
орнатып кетті.
Әлия Молдағұловадай ерлік иесін, батыр
тұлғаны құрмет тұту, отанымыз үшін өшпес
ерлік даңқымен аты шыққан жауынгерлеріміз,
тыл еңбеккерлеріміздің есімдерін тарихы-
мызда қалдыруға өз үлестерін қосу, майдан
даласында Отан үшін шайқасып қаза болған
жауынгерлерге арналған мемориалдарды,
ескерткіштерді құрметтеу және патриоттық
тәрбиеге баулу мақсатында колледжіміздің 1, 2
курс студенттеріне
арналған
Ұлы
Жеңіске 70 жыл,
Әлия Молдағұлова
апамыздың
90
ж ы л д ы ғ ы н а
арналған
әдеби
м у з ы к а л ы қ
к о м п о з и ц и я
ұйымдастырылып өткізілді.
Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты бол-
са да, кез келген ер азаматтың қолынан келе
бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз
ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың
есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.
Әлияның балалық шағы, соғыстағы ерлігі тура-
лы сыр шертіліп «Мерген» фильмінен үзінділер
көрсетілді.
Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ
ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және
Молдағұлова Маржанның отбасында 1925
жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген.
1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-
көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен
Москваға көшті, ал соғыстың алдында Акаде-
миямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта
Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде
2-ші үйде тұрды. Отбасы жағдайына байла-
нысты нағашысы Әлияны Красногвардейский
ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы
балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің
оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта
даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды, қазір бұл
№ 140-шы мектеп. 1944 жылдың қаңтарында
Псков облысы Насва теміржол станциясынан
немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер
қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды.
Әлияның ростасының командиры қаза болды.
Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып
тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды.
Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға
шықты. Әлияның қолына минаның сынығы
тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс
офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияны
екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып,
немісті өлтірді. Казачиха деревнясының баты-
сында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік
жағасында достары
Әлияны жерледі.
1944 жылдың
14-ші қаңтарында
қазақ
халқының
ер
қызы,
Л ен и н г р а д т ы ң
ер қызы Әлия
Нұрмұхаммедқызы
Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен
шәйіт болды. Оның батальондық достары Әлия
үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың
4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрей-
тор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әлия
есімі – біз үшін өнеге, біз үшін мақтанышпен
айта алатын, тарихта алтын әріптермен
жазылған есім.
Әлия Молдағұлованың жалын боп лаулап
өткен, құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмыры -
жас ұрпаққа мәңгі үлгі-өнеге. Ол қаһармандық
дастанын жазып үлгерді. Ару Әлия, батыр Әлия
бізге «Отаным, елім» деп соққан аяулы жүрегін
мирас етті.
28 ақпан 2015 жыл
Политех жаршысы
2 бет
«Көп ұлтты болуымыз – біздің
байлығымыз, мақтанышымыз...
Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт
елде ғана береке болады...»
Нұрсұлтан Назарбаев
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік,
ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық,
ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек»
деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай,
біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму
болашағының бір көзі – Қазақстан
халықтарының бірлігі.
Қазақстан
Республикасындағы
халықтың ынтымақтастықпен, бірлікпен,
тең құқықпен өмір
сүріп жатқандығын
және оны үлгі
етіуге,
әр
ұлт
білімгерлерінің өз
өнерлерін көпшілік
ортаға салу арқылы
шығармашылық
білімдерін көрсету, жаңа қырларын ашу.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы
және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20
жылдығын атап өту. Ассамблея жылының
- Ел бірлігі жылы ретінде есте қалатындай
өткізуге жұмыла атсалысу мақсатында 23
ақпанда «Шежіре» этникалық отауының
ұйымдастыруымен «Ассамблея жылы - Қазақ
Елінің бірлігі жылы!» атты достық фестивалі
өтті.
Фестиваль
барысында
колледж
оқытушысы Игорь Владимирович Ұлы
қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің
бір шаңырақтың астында татулықта,
сыйластықта өмір сүріп жатқаны туралы,
Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойымен
құттықтап баяндама жасады. «Шежіре»
үйірмесінің мүшелері ұлттық билерін би-
леп, фестивальдің көркін келтірсе, Маме-
дов Ибрагим «Асыл өлкем» атты өлеңді
мәнеріне келтіріп, жатқа оқыды. Гунькина
Влада «Қазақ елі» әнін тамылжыта шырқап,
көрермендердің қошеметіне бөленді. Сонымен
қатар, кәріс, неміс, құрд, украйн, ұйғыр, еврей
өкілдерінің білімгерлері ата-бабаларының
Қазақстан жеріне қалай қоныстанғаны тура-
лы қысқаша тарихын баяндап берді.
Фестиваль қаламыздағы агротехникалық,
медициналық колледждерден және №12, 17
орта мектептерден келген өзге ұлт өкілдерінің
м е м ле к е т т і к
тілде
өнер
к ө р с е т у і м ен
жалғасын тап-
ты.
Д о с т ы қ
үйінен
келген
қ о н а ғ ы м ы з
Котельникова Лариса Леонидовна фести-
валь соңында колледжіміздегі Ассамблея
жылының сәтті ашылуымен құттықтап,
«Шежіре» этникалық отауының жұмысына
шығармашылық табыс тілеп, қатысушы
білімгерлерге колледж мадақтамаларын тап-
сырды.
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді
біздің халық. Ауызбірлік пен түсіністік,
қарапайым сыйластық үстемдік құрған жер-
лерге қашанда нәтижелі істердің үйір болаты-
ны белгілі. Біздің колледжімізде қалыптасқан
халықтар достығы арқасында бүгінде үйірме
жұмысы өркендеп, ілгері басып келеді.
Мерейлі белестер мен мерекелі тойлардың тоғысқан кезеңі - колледжде өтетін барлық іс-шараларының тұғыры, мазмұны және
басты діңгегі
Ассамблея жылы - Қазақ Елінің
бірлігі жылы!
Г.Қ.Андасова, «Шежіре» этникалық отауының
жетекшісі
Шығыстың шынары - Әлия
М.Н.Садвакасова, қазақ тілі және әдебиет
пәнінің оқытушысы
«Асыл сөз» зияткерлік сайысы
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Абай
13 ақпан 2015 жылы К.Б.Акашева,
М.Н.Садуакасова, Г.Т.Тұрысбековалардың
ұйымдастыруымен «Асыл сөз» зияткерлік
сайысы өтті. Сайысқа Р-42б, ИС-41б,
В-41б, Ф-41б топтар қатысты. Сайыстың
мақсаты мен міндеттері
білім
алушылардың
үш
тілді
пайдала-
на
алатын
жоғары
білімдерін
жетілдіру,
қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде лексикалық
сөздік қорларын бай-
ыту,
тапқырлыққа,
шешендікке
баулу,
іздемпаздыққа жетелеу,
ой-өрісін, тіл мәдениетіне
деген
сүйіспеншілігін
арттыру.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды. «Танысты-
ру» әр команда өздерін арнайы ойлап тапқан
жалынды ұрандарымен команданы таны-
стырады, «Полиглот» ойыны – бұл кезеңде
жұмбақ жасырылады, әр қатысушы өзінің
жылдамдығына қарай қойылған сұраққа жа-
уап беріп, дұрыс жауапты орыс, ағылшын
тілдеріне аударады, «Жекпе-жек» ойы-
ны әр команданың капитаны өзінен бөлек 3
қатысушыны мәдениет, ғылым және спорт
салалары бойынша бөліп, жекпе-жек ойында-
рына қатыстырады. Арнайы 3 бағыт негізінде
қатысушыларға 5 сұрақтан қойылады, «Ка-
питандар сайысы» Капитандар сайысы – бұл
кезеңде капитандар бақ сынайды. Әр капитан
қарсыласына бір логикалық сұрақ қояды.
Т
і
л
байлығымыз,
асыл
қазыналарымыздың
бірі. Білім алушылар
ана тіліміздің қыр-
сырын, орыс, ағылшын
тілдерінде жатық
сөйлей
алатындарын
көрсете білді. Осы
байқауда ИС – 41б
тобы озып шығып,
бірінші орынды иеленді.
Барлық
ойынға
қатысушы топтар мара-
патталды.Сөз соңында тілдер комиссиясының
төрайымы білім алушылардың әлі де
үштұғырлы тілді меңгеруде көп іздену қажет
екендігін атап айтып өтті.
К.Б.Акашева, орыс тілі пәнінің оқытушысы
20 ақпан 2015 жылы Талдықорған
политехникалық колледжінің 80 жылдық
мерейтойына арналған «We like our college»
атты колледж ардагерлері және түлектерімен
кездесу өткізілді. Шараны ұйымдастырушы
ағылшын тілі оқытушылары болды. Мұндағы
мақсат - колледжімізге өз үлестерін қосқан
ардагерлерімізді, түлектерімізді ардақтау; кол-
ледж жастарын колледжіміздің дәстүрлерін
құрметтеуге және патриоттық сезімге баулу;
ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты
нығайту болатын.
Бұл кездесу «Жантану, педагогика
және тілтану» кафедрасының меңгерушісі
Нұркамал Мұқанқызының құттықтау сөзімен
ашылды.
Кездесуге ардақты колледж ардагерлері:
тарих пәнінің оқытушысы Қазыбаев Әукен
Қазыбайұлы және ағылшын тілі оқытушысы
Ержікенова Жібек Ғалиқызы келді. Олар
өздерінің еңбек жолындағы қызықты сәттері
мен оқиғаларын еске алып, білім алушыларға
тілектерін айтып, ыстық ықыластары мен
колледж әкімшілігіне, оқытушыларға өз
ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, «Ағылшын тілі»
мамандығы бойынша оқыған колледж
түлектері Өскембаева Ақмарал Төлеуліқызы,
Бакаева Гүлсара Тілеубергенқызы және Рымта-
ева Әсел Тынысбекқызы студенттік өмірлерін
еске түсіріп, оларды оқытқан ұстаздарына
жылы лебіздерін білдірді.
Кездесу соңында колледж мұражайының
меңгерушісі Шалқыбаева Роза Мұқанқызы
сөз сөйлеп, ұстаз ардагерлерімізге кездесуден
естелік ретінде фото сурет табыстады.
Мерекелік кездесу колледж әншілерінің
ән шашуымен, «English Club» ағылшын тілі
үйірмесі дайындаған әдеби монтажы, «Ромео
және Джульетта» шығармасынан қөрсетілімі
және «Шежіре» этникалық отауы мүшелерінің
тамаша биімен әрлене түсті.
Біз арқашан ардагерлерімізге және
түлектерімізге денсаулықтары мықты, өмір
жастары ұзақ болсын деп тілейміз.
«We like our college» - колледж
ардагерлері және түлектерімен кездесу
Г.Т.Тұрысбекова, ағылшын тілі оқытушысы
Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым,
Қасым солай болмаса несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым!
- деп, ақиық ақын Мұқағали жырлағандай,
қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі,
халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы
кең жайылған Қасым Аманжолов ұлттық
әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық
жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді.
Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа
мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан май-
данды, туған жер мен ата-ананы, достық
пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты
биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен,
зор тебіреніспен жырлады. Оның көркемдік-
эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті та-
рихында айтулы орынға ие шығармашылығы,
негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады.
Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында,
«Жантану,
педагогика
және
тілтану»
кафедрасының онкүндігі аясында білімгерлерді
майдангер-ақын
Қасым
поэзиясының
тереңіне сүңгіту мақсатында, В-413б то-
бында «Қасым Аманжоловтың өмірі мен
шығармашылығы. Ақын өлімі туралы аңыз
поэмасы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың
өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін
қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын та-
ныту, соғыс тақырыбына жазылған поэманың
идеясы мен тақырыбын ашу болатын. Сабақ
барысында студенттердің пікіріне көбірек на-
зар аударылып, сын тұрғысынан ойлау тех-
нологиясы қолданылды. Қасымның өмірі
мен шығармашылығына тоқталғаннан кейін,
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы талқылауға
ұсынылды. Бұл поэма Қасымның атын аспанда-
тып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған
тұлғалы туынды. Поэма Ұлы Отан соғысының
майданында жаудың қоршауында қалып
қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын
досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы болатын.
Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кет-
кен Абдолланың қайсарлықпен қаза тапқанын
Қиыр шығыста сырқаттанып, әскери емханада
жатқанда естиді. Кейін ақын поэма туралы:
«Ол сұмдық хабардың бүкіл болмысымды ау-
дарып төңкеріп кеткені сонша бірнеше түнді
жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен
жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің ара-
сынан қиялымда оның жаумен жалғыз өзі
өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім,
қайта-қайта көрдім. Содан соң барып қалам
алдым. Менің ол күйімді ұқпаған дәрігерлер
дәптерімді екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет
аяқтауға жақындағанымда да алмақшы бол-
ды. Мен айбат шегіп алдырпадым. Түрімнен
шошыған болар, қайтіп тимеді», - деп жазып-
ты естелінде. Поэма Ұлы Отан соғысының
аспан айналып жерге түскендей сәттерін көз
алдымызға жайып салады. Шығарманың иде-
ясы: Отан басына төнген қасіретті күндерде
жауға қарсы соңғы демі біткенше күрескен
батырлардың ерлігі өшпейтіндігін, ақынның
өлмейтіндігін кейінгі ұрпаққа жеткізу. Сабақта
поэмаға сюжеттік-композициялық талдау жа-
салынып, кейіпкер бейнесін ашу үшін топта-
стыру стратегиясы пайдаланылды.
Сабақ барысында, Ұлы Отан соғысы ту-
ралы мәліметтер айтылды. Білімгерлерді
шығармашылық тұрғыда дамыту мақсатында,
шағын ойтолғау-эссе жазылды.
Сабақты поэма неге «Ақын өлімі туралы
аңыз» деп аталады? Аңыздық сипаты неде?
Поэмада өлім өмірді жеңе ме? Ақынның
поэмадағы мінезі автор мінезіне сәйкес келе ме?
Абдолла қандай бейне? Поэма сендерге ұнады
ма? Ұнаса неліктен? сынды сұрақтарға жауап
беру арқылы қорыттық.
Бұл сабақта студенттер Қасымның өмірі
мен шығармашылығынан жан-жақты мағлұмат
алды. Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен
Абдолладай батыр ақынның ерлігімен таны-
сты.
Сабақ соңында білімгерлер Ұлы Отан
соғысында ерлік көрсетіп, қаруы мен
қаламдарын қатар серік еткен А.Жұмағалиев
пен Қ.Аманжоловтың ерліктеріне тағзым етіп,
алғыстарын хат және өлең түрінде жеткізді.
Дейсіңдер-ау, Қасымның
несі басым...
Г.Қ.Қамарова, қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің оқытушысы
Еліміз мәңгі жасасын!
Ахмади Мадина, В-211б топ студенті
20 жыл
Ассамблея – достық пен
татулықтың талбесігі
70 жыл
Айбынды жастар тұрғанда
ерлердің аты өшпейді
Қазақ
хандығына
550 жыл
Қазағым ежелден-ақ қайратты,
Би-шешендер сөз маржанын сайратты.
Батырлары қорғап қалған жерлерді
Елдігімнің мақтанышы өрледі.
Осынау егемендік алғалы,
Талай-талай жақсылықтар жанданды.
Көз қуаныш атаймыз ғой бәрінде
Қазақстан мемлекеттік төрінде.
Қиындыққа төзе білдім шыдадым,
Қаймықпадым қайсарыңмен шыңдалдым.
Қырандай боп көк аспанда қалықтап,
Мәңгі-мәңгі бақ құсы боп шарықта.
Қазағымның хандығы құтты болсын,
550 жылдық тойы үстем болсын.
Батырлары қорғап қалған елімізді
Жау дұшпанға бермейміз деп жерімізді.
Жан қиярдай қорғап кеткен біздерді.
Бір Аллаға шүкір деймін жүрекпен
Жақсылықтың нұры болсын тілекпен.
Қазағымның қуанышы көп болсын,
Алашымның әрбір күні нұр болсын!