Жоспар Білім – адамды түбегейлі өзгертетін және оның тіршілік ету мүмкіндігін кеңейтетін рухани фактор. Қазіргі адамаралық қатынастардағы мобильділікті, динамизмді, сәт сайын өзгеріске ұшырап тұратын іс-әрекетті рухы биік, білікті маман ғана қабылдай алады. Осы айтылған факторлардың басты көпшілігі соңғы 20 -30 жылдарда дамып келе жатқан білім философиясының қалыптасуына негіз болды.
Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұлжалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады: - парадигманың орнығуына дейінгі кезең, - парадигманың қалыптасуы, орнығуы; - ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.
Томас Кун
(1922-1996)
Педагогикалық парадигма дегеніміз накты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын калыптасқан негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. [1]
Білім беру философиясының бір ғана тұтас нысанасы (объектісі) бар, ол барлық құндылықтық, жүйелік, іс-әрекеттік, нәтижелілік сипаттағы білім беру. Білім беру философиясының пәні - білім беруге қатысты пән аралық теориялар, заңдар,заңдылықтар,категориялар,ұғымдар, терминдер, принциптер, постулаттар, ережелер, әдістер, болжамдар, идеялар, фактілер. Б.С.Гершунскийдің пайымдауынша «білім беру философиясының мәні - білім беруге бетбұрыс алған философия», немесе «білім беру іс-әрекетінің барлық аспектілерінің өзіндік ғылыми парадигмасы».
Сонымен, білім беру философияның мәні — адам өмірінің түрлі кезеңдеріндегі оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндық- процессуалдық нәтижелілік компоненттері жайлы ғылым аралық білімдер жүйесі.