Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Үлкен- кіші. Биік- аласа. Ұзын- қысқа».
Мақсаты: таңертең (таң)- тәулік бөлігімен таныстыру.
Міндеттері:таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа, тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:Әр балаға бір ойыншық аюдан, таспалар (қысқа, ұзын) салынған жәшік. 4 үлкен және 5 кішкентай қызыл текшелер, жұмыс дәптері, жай қарындаш, екі жолақ сызылған таспа және қатырғықағаздан жасалған 4 үлкен және 5 кішкентай киіз үй.
Сөздік жұмыс:Үлкен, кіші.
Билингвальді компонент: Үлкен- большой, маленький- кішкентай.
Оқу іс әрекеттерінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық кезеңі
Ғажайып сәт. «Бір қорап таспасы бар аю» Есіктен тықыр естіледі, есікті ашып, қолында қорабы бар аю ойыншықты көреді. Оны топқа әкеліп, балаларға көрсетеді.
-Балалар, аюмен амандасып, бізге не әкелгенін көрейік. Ол бізге сыйлық әкеліпті. Қорапты ашып көрейік. Ішінде таспасы бар қорапты үстелге қояады.
Аю қораптан екі таспадан алып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа салыстыруды сұрайды.
«Қайсысы көп» Ойыны. Педогогтің үстелінде 4 үлкен көк текше мен 5 кішкентай қызыл текше жатыр.
Олар бір -бірімен араласып кеткен.
Педогог қолына бір үлкен, бір кішкентай текшені алып, балаларға сұрақ қояды:
-Бұл не?
-Олардың түсі қандай?
-Текшенің қайсысы үлкен?
-Қайсысы кішкентай?
(Сұраған сайын педогог текшелерді бір- біріне қояды).
-Үлкен және кішкентай текшелердің тең немесе тең еместігін қалай білугеболады?
Қызығушылық танытады.
Қораптан таспаларды алады.Әрқайсысы өз таспасының ұзындығын айтады.
-Текше.
-Көк және қызыл.
-Көк текше үлкен.
-Қызыл текше.
-Бір- бірінің үстіне қойып тексереміз.