Мен өз баяндамамда Блум таксономиясын ашып көрсетуге тырыстым
Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары Негізгі категориялар 1. БІЛІМ
Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді.
Оқу материалы деп әртүрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады.
Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.
Шәкірт:
қолданылған терминдерді біледі
(есте сақтайды және қайталайды);
әдістер мен жұмыстың орындалу
ретін біледі (процедурасын);
негізгі ұғымдарды біледі;
ережелер мен қағидаларды біледі.
Жалпыламаланған оқу мақсаттарының мысалдары
нақты фактілерді біледі;
Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция –яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру(мәселен математикалық формуланы сөзбен айтып беру немесе керісінше; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.