Білім өмір шырағы Кітап оқудан тиылсақ



Дата01.08.2023
өлшемі15,02 Kb.
#104969
Байланысты:
Білім


Білім - өмір шырағы
Кітап оқудан тиылсақ,
Ой ойлаудан да тиылар едік.
(Ғабит Мүсірепов)
Адамның ұлы қазынасы - білім. Ол атадан балаға жеткен. Кітап – адамзаттың ақыл -ойының жемісі, тарихтың алтын қазынасы. Кітап дегеніміз - ұрпақтың-ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Ақыл - ой тәрбиесі, жастарға білім берудің негізгі құралы болып саналады. Ақыл халық пен елдің өркендеуіне зор үлес қосады. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл - тозбас киім,білім - сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздеріне- ақ білуге болады. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - білім беретін мекен, мұғалім - оның жүрегі. Мұғалім оқушыға білім береді, ал білім өмірге өте қажет. Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат.
«Білім - өмір шырағы» деп бекер айтпаған.Себебі, біз мектеп бітіргеннен кейін, қандай да бір мамандық оқуына түсеміз. Ол үшін де бізге білім ауадай қажет болады. Мысалы, бір бөтен елге барсақ та бізге білім қажет. Себебі, бізде білім болмаса, біз ол елдің салтын, тілін білмес едік. Білім мен оқу болашақта да, есейгенде де, отбасын құрғанда да керек болады. Қанша бай болсаң да , білімді сен сатып ала алмайсың.Оны тек көп оқып, әдеби кітаптарды оқып, тіпті, осы мектептегі күнделікті үй тапсырмасын да орындасаң, мұғалімді тыңдасаң сол кезде ғана білесің. Бірақ, ол үшін бір ғана күн жеткілікті емес, бірнеше жылдар қажет. Білім- ол адам баласының ең асыл қазынасы. Егер бір адам ақылды болса, онда ол адамның ұрпақтары да өте білімді, ақылды болады.
Менің ойымша, білім аспаннан салбырап түсе қоймайды, ол бірнеше жылдар оқып, мектептен бірде бір күн қалмай, үйге берілген тапсырманы орындап, еңбек ету керек. «Білім» дегеніміз адам баласының тіршілігін барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда. Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесі негізінен үш ортадан көріп, біліп, түйісіп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Олотбасы, қоршап жатқан орта және арнайы білім жүйесі. Қазір болашақ жастарға білім өте қажет. Онсыз адам оқуға түсе алмайды, ал оқуға түсе алмаса, өзінің мақсатына жете алмай және онсыз жұмысқа тұра алмайды, жұмыс істемесе, ол ақша тауып өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. «Оқу- білім азығы,білім – ырыс қазығы» деп бекер айтпаған атам қазақ. Себебі, мұның мағынасы мынада, егер адам оқымаса, ол білімді бола алмайды. Ал білімді болмаса, мақсатына жете алмайды. Сол себепті де адам білімді болу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет