Білімді ұрпақ-білікті ұстаз жемісі.
Қазіргі жаһандану жағдайында мемлекеттің әлемдік білім кеңістігіне енуі барысында болашақ мамандарды даярлаудың сапасын жақсарту мәселесіне баса назар аударылып отыр [1]. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында «Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі үшін адам капиталының сапасын көтеріп, кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыруымыз қажет» – деп, нақты тапсырмаларды міндеттеген болатын[2].
Бұл өз кезегінде ұстаздың бойында белсенділік, бастамашылдық, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі белсендіру, өзін-өзі жетілдіру, өзбетімен шешім қабылдау сияқты тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту қажеттілігін арттыра түседі.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , ұстаздық еңбек шығармашылықты талап ететін, қиын да жауапты іс екендігін баршамыз мойындаймыз.
Білім беру мекемелерінде мұғалімнің басты қасиеті – рухани бай, жан жақты дамыған, дарынды, бойында ұлтық құндылықтары сақталған, адамгершілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жалпы жан жақтылық өмірде кездесетін барлық мамандыққа тән қасиет болу керек, міне сол қасиетті дамытудың басты баспалдағы ұстаздың өнегелі тәлім тәрбиесінде.Ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттық өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық технологиялармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талабын ашып, таланттын ұштап, өзіне деген сенімін нығайтып, қоғамда өз орнын дұрыс табалатындай етіп қалыптастыру. Ол ең алдымен ұстаздың даярлығына, оның іс – тәжірбесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.Ұстаз деген- оқушы үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі, жас ұрпақтың руғани құрлысшысы, қоғам, халық өзнің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі.Ұстаздық міндет сол сенімділікті жоғалтпай қоғамға қажетті, еліміздің дамуына үлес қосатын білікті, білімді, саналы, еңбекқор жастарды тәрбиелеу.
Осы жайында халық батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық ұлы құрмет. Себебі, болашақ ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтағы басшыны да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншіні де, кеншісін де ұстаз өсіреді.Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз,” деген сөзі бар [3]. Демек бала бойында ата- анадан кейінгі адамгершілік, ақыл - ой әдептілік, ар- ұят, ұлттық құндылықты дарытушы, тәлім тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген ұстаздардың шынайы бейнесі.
Ұстаз мамандығы адамнан жан-жақты білімді, шексіз жан жомарттығын, балаларды асқан бір даналықпен сүйе білуді талап ететіні бұрыннан дəлелденген. Ұстаз мамандығын жоғары бағалай отырып, Ян Амос Коменский оны «күннің астында одан биік ешнəрсе жоқ», ең құрметті, ең артық мамандық деп санаған. Ол мұғалімді бақшадағы өсімдіктерді асқан бір сүйіспеншілікпен баптайтын бағбан, адам жанының түкпір-түкпірінде білім ғимараттарын тұрғызатын сəулетші, адам жаны мен ақылын қашап, егеп, əсемдейтін мүсіншімен, жабайылық пен тұрпайылыққа қарсы шабуылды бастайтын қолбасшымен салыстырған[4].
Ұлы педагог мінсіз ұстаз тұлғасына сай болудың талаптарын төмендегі жағдайда ұсынған болатын:
ұстаз өзінің мамандығын жақсы көруі жəне оған мемлекеттік маңызы бар іс ретінде жауаптылықпен қарауы тиіс;
білімді жəне өзінің педагогикалық шеберлігін арттыруға мүдделі болу;
өзінің оқушыларының психологиясын терең білу;
ұстаз өзінің міндеттерін адал жəне шын көңілмен атқаруы тиіс;
оқушыларының талаптары мен қызығушылықтарын білу;
ұстаз өзінің тəжірибесін өзгелердің игілігі етуге ұмтылуы тиіс;
ұстаз тек мектепте ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де балалар мен олардың ата - аналары үшін үлгі болуы тиіс.
Қазіргі таңда елімізде білім беру саласын дамытуға, жас ұрпаққа заман талабына сай саналы да сапалы білім беруге барлық жағдай қарастырылуда.
Біз қазіргі мемлекет тарапыннан беріліп жатқан мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, әлемдік білім беру саласынадағы кеңістікке қарай ауысудамыз. Сондықтан жас ұрпаққа қоғамның ең маңызды құндылығы өзі екенін және шығармашыл деңгейі жоғары, рухани мықты екенін танытатын білімді білікті мұғалім. Қазіргі XXI ғасыр мұғалімінің басты мақсаты әр жеке адамннан рухани адамгершілігі бай тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім өзі ізденбей, дамымай артта қалса, шәкірттері де Ш.Аймановтің Найман ана романындағы мәңгүрттік кейіпке енуі ғажап емес. Қытайдың ұлы ғұламасы Конфуций маған айтып берсең ұмытып қаламын, көрсетсең есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін. Осы идеяларға сүйеніп баланы еңбекпен білім алуға үйрету қажет.
Мен өз ойымды түйіндей келе, ұстаздардың информатор, бақылаушы,тексеруші жазалаушы қызметін тастап керісінше ізденуші зерттеуші -өнерпаз, жаңашыл, шығармашыл деген ұғымдармен сәйкес болу керек екенін, оқушыны жай бала ретінде емес субьектті ретінде қарап оның бойындағы «МЕН» дік қасиетін оятып, гуммандық жолмен, елімізге керекті, қай мамандықта болмасын, білімді өз ісінің қас шеберін дайындау ұстаздың ұлы жолындағы қажырлы еңбегінің жемісі деп блемін.Осы орайда Ұлы Абай атамыздың «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- деген өлең шумағы еріксіз еске аламын.
Әр қоғамның дамуына сәйкес ұстаздың тұлғалық-кәсіби қасиеттері мен сапаларына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады, тек өзін-өзі белсендіретін тұлға ғана қоғамның сұраныстарын қанағаттандыра алады деген қорытындыға келдік.
Достарыңызбен бөлісу: |