Білімділік: Геометриялық прогрессияның анықтамасын білу, геометриялық прогрессияның формуласын жалпы түрде жаза білу, кез келген көршілес мүшелерінің қатынасы арқылы еселігін таба білуді қалыптастыру. Дамытушылық



Дата06.01.2022
өлшемі33,6 Kb.
#12440
Байланысты:
Каракоз ашык сабак 9 класс


Мерзімі

14.12.2018ж

Сынып

9 «А» сыныбы

Пәні

Алгебра

Пән мұғалімі

Ағадиева Қаракөз

Тақырыбы

Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның п- ші мүшесінің формуласы.


Мақсаты

Білімділік: Геометриялық прогрессияның анықтамасын білу, геометриялық прогрессияның формуласын жалпы түрде жаза білу, кез - келген көршілес мүшелерінің қатынасы арқылы еселігін таба білуді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.



Міндеттері

1.Есептер шығаруда геометриялық прогрессияның п- ші мүшесінің формуласын қолдану

2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже

1. Геометриялық прогрессияның п- ші мүшесінің формуласын қолдана біледі.

2.Есептерді шығаруда геометриялық прогрессияның п- ші мүшесінің формуласын қолданады .




Жеті модульдің қамтылуы

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО,электронды оқулық, оқуды бағалау


Сабақтың типі

практикалық

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Кіріспе сұрақтары, миға шабуыл, бағалау сұрақтары, проблемалық ой шешу.


Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, плакат А1 форматты қағаз, маркерлер, интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс

Логика, қазақ әдебиеті

Сабақ жоспары

Мұғалімнің іс- әрекеті


Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі,

психологиялық дайындық (1м)



Оқушылар топқа бөлінеді.

Шаттық шеңбері арқылы бір-біріне тілек айтады. Тізбек бойынша топқа бөлінеді.



Топқа бөлініп отырады

Үй тапсырмасын тексеру (3м)

Психологиялық дайындық, қызығушылығын ояту :

1. Сандар тізбегі дегеніміз не ?

2. Сан тізбегінің жалпы мүшесі деген не ?

3. Қандай сан тізбегі арифметикалық прогрессия деп аталады?

4. Арифметикалық прогрессияның айырымы деп қандай санды айтады?

5. Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесінің формуласы

айтыңдар?

6. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы формуласын айтыңдар?





Оқушының ой пайымын туғызу

Жаңа сабақты қорғау (10м)

в1, в2, в3, ... , вn ... тізбегі берілсін.

Анықтама. Егер тізбегінің екінші мүшесінен бастап, әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшені бірдей тұрақты, нөлден өзгеше санға көбейткенде шығатын сандық тізбек геометриялық прогрессия деп аталады.

Жазылуы: вn+1= вn·q, q 0, в10 q- еселігі деп аталады.

1) 1, 2, 4, 8,...; 2) 5; 25; 125: 625:...; 3) 0; 2;- 0, 6; 1, 8;- 5, 4;...;
в21 q
в32 q=( в1 q) q= в1 q2
в43 q=( в1 q2) q= в1 q3
вn1 qn-1 - геометриялық прогрессияның жалпы мүшесінің формуласы.
Оқылуы.
Геометриялық прогрессияның вn мүшесі в1 - ді q еселігінің (n - 1) дәрежесіне көбейткенге тең.
Мысалы. 3, 9, ... т\к в4 - ?

Шешуі в1 = 3, в2= 9, q- ? в21 q, q= в2: в1 = 9: 3= 3


в4 = в1 q3 , a4 = 3·33= 3· 27= 81 Жауабы: в4 = 81


Жеке жұмыс


АВС Деңгейлік тапсырмалар (10м)

Есептер шығару:

Тақтада орындалатын тапсырмалар:

3 топқа А, В және С деңгейлері бойынша тапсырмалар беріледі.


Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Оқулықпен жұмыс

№265, 272 есептер шығарту

Жеке жұмыс

Сергіту сәті (5м)


Берілген сандар бойынша сандық мақал - мәтел айту.

1) 8 және 1; Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы.

2) 1 және 2; Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.

3) 6 және 4; Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

4) 7 және 1; Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

5) 1 және 10; Бір тал кессең, он тал ек.

6) 7 және 7; Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.

7) 30 және40; Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю.


Жеке жұмыс


Шығармашылық жұмыс

Әр топқа бір есептен берілетін. Яғни геометриялық прогрессияның тек қана математикада ғана емес, сонымен қатар медицина, құрылыста, тұрмыста қолданатындығына көз жеткізу.

Топпен жұмыс

Сабақты бекіту.

Тест жұмысы. жеке жұмыс. (5м)



Алған білімдеріңді жинақтау үшін жеке тапсырма беріледі,

5 минутта орындап, жауаптарыңды жауап парағына толтырамыз, сосын бір- біріңдікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз. Аяқтаған соң қатар отырған екі оқушы, жұмыстарын ауыстырып, бірін- бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды. (қалыптастырушы бағалау).


1-нұсқа

  1. 1. геометриялық прогрессиясының еселігі неге тең.

a4 = а q3

А) q2       Б) q3 В) q D) q4

2. 2, 4, ... геометриялық прогрессияның q- еселігін табыңдар.

А) 2          Б) 3 B) 4 D) 5 

3. геометриялық прогрессия үшін а1 = 5, q= 3; а3 = ?

А) 25         Б) 5 B) 35 D) 45 

4. геометриялық прогрессия үшін а1 = 2, q= ; а5 = ?

А)           Б) 8 B) D)


Тест жұмысының жауаптары

Сұрақтың нөмірі

1

2

3

4

Жауаптары













Аты- жөні: Баға: 
2- нұсқа

  1. 1. геометриялық прогрессиясының еселігі неге тең.

а6 = а q5

А) q4       Б) q3 В) q D) q5

2. 5, 25, ... геометриялық прогрессияның q- еселігін табыңдар.

А) 15          Б) 1 B) 5 D) 10 

3. геометриялық прогрессия үшін а1 = 10, q= 4; а4 = ?

А) 640        Б) 160 B) 50 D) 100 

4. геометриялық прогрессия үшін а1 = 3, q= ; а3 = ?

А)           Б) B) D)


Тест жұмысының жауаптары

Сұрақтың нөмірі

1

2

3

4

Жауаптары













Аты- жөні: Баға: 
  Тестті дұрыс жауабы бойынша өзара оқушылар тексереді



1-нұсқа

2-нұсқа

1

Б

Д

2

А

В

3

Д

А

4

В

Б




Топта бір- бірін бағалайды

Тез аяқтаған оқушы электронды оқулықтан тест орындайды




Сабақты бекіту (2м)

Сәйкестендіру.




Тапсырма

Жауаптары


1

an= a1+(n-1) ·?

a1

2

b4 = b1 · ?

a5

3

bn = ? · qn-1

d

4

b2 : b1 = ?

b1

5

b11 = b1 · ?

q10

6

d = ? – a4

q3

7

a26 = ? + 25d

q




Жеке жұмыс


Бағалау (2м)

Сабаққа оқушының ой түйіні.

Топта бір- бірін бағалайды,бағалау парағы толтырылады


Кері байланыс (1м)

Рефлексия және сабақтың қорытындысы.

«Жетістік сатысы»




Оқушылар өз ойларын жазып тақтаға іледі

Үйге тапсырма (1м)

№273,276



Үй тапсырмасын жариялау


Күнделіктеріне үйге берілген тапсырмаларды жазып алу



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет