Білімнің салтанат қҰруы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата04.02.2023
өлшемі7,47 Mb.
#65167
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Рухани Жаңғыру



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ақпарттық технологиялар факультеті "Интеллектуалды басқару жүйесі"
 
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» 
Орындаған: Қуатбай Мырзабек, Арманқызы Зере,
Құдайберген Диас, Аманжол Сұлтан, Төребаев Шыңғыс.
Тексерген: Телеуова Э. Т.


ЖОСПАР:
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БАҒДАРЛАМАСЫ
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Қорытынды


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи
даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени
құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы
мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани
құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін
арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары
екендігін дәріптеуге бағытталған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға,
зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына
біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-
эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде
атсалысуымен жүзеге асады.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 


 Бәсекелік қабілет
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" 
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Прагматизм
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Сананың ашықтығы
Білімнің салтанат құруы


Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе
жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен
өзгелерден ұтымды дүние ұсы на алуы. Бұл материалдық өнім
ғана емес, соны мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе
сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен
емес, адамдарының бәсекелік қа бі летімен айқындалады.
Сондықтан, әрбір қазақ стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ
ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком‐ 
пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә дени ашықтық
сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті
алғышарттардың сана тында.
Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»,
«Мәдени 
және 
конфессияаралық 
келісім» 
сияқты
бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды
ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ 


ПРАГМАТИЗМ
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты
білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды
жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық
пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда
шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес.
Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық,
үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын
ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы
жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың
прагматизмі деген осы. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты
мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың
көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің
мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс.
Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың
ұраны болуға жарайды.


Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың
кемелденуін білдіреді.
Оның екі қыры бар.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның
бірқатар сипаттарын өзгерту.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз
бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың
жырлары мен Құрманғазының күй лері, ғасырлар қойнауынан
жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір
парасы ғана.
Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей лін ше көнерген,
жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен
әдеттерден арылу дегенді білдіреді.
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ


Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің
қанымызда бар қасиет. Білімнің салтанаты жалпыға ор тақ
болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп тері бар.
Технологиялық революцияның беталы сына қарасақ, таяу
онжылдық уақыт та қазір гі кәсіптердің жартысы жойылып
кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір
дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы
ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық.
Бұл жағ дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер туге
қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі нетін бюджет
шығыстарының үлесі жөнінен әлем дегі ең алдыңғы қатарлы
елдердің санаты на қосылып отырмыз.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім
терең 
түсінуі 
керек. 
Жас тары мыз 
басымдық 
беретін
межелердің қатар ында білім әрдайым бірінші орында тұруы
шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік
қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ


Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл –
ұлттың емес, аумақтың жаң ғы руы еді. Біз тарихтың сабағын
айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек
оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді.Біздің кешегі
тарихымыз бұлтартпас бір ақи қатқа – эволюциялық даму ғана
ұлттың өр кен деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.
Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына
түсеміз. 
Ендеше, 
эволюциялық 
даму 
қағидасы 
әрбір
қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға
тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі
тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы
сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі
құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап,
пайым 
жасай 
білу 
де 
айрықша 
маңызды. 
Бүгінде
революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік
перде жамылды. Әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп,
қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен
қозғалыстардың да, білім беру жүйе сінің де ауқымды
дүниетанымдық, рухани жұ мысының бір бөлігі.
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУ


Са наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл діреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты
аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын
түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның
ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.
Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс,
демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы
түбегейлі өзгереді. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін
алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы
екі ұлы держава – Жапония мен Қы тай дың бүгінгі келбеті – осы
мүмкіндіктерді тиімді пай даланудың нағыз үлгісі. «Өзімдікі ғана
таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу,
басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та‐ 
быстың кілті. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық пай,
терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде,
құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын
көре алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі
қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына
барып, түсіне де алмай қалады.
САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет