|
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
|
Биофизика курсымен информатика кафедрасы
|
Әдістемелік нұсқау
|
72-92
|
бетттің беті
|
Тақырыбы: Сұйықтардың беттік керілу
Мақсаты:
1. Беттік керілу табиғатын түсіну.
Беттік керілуді өлшеу әдістерін меңгеру.
Оқытудың міндеті:
Беттік керілу коэффициентін анықтау.
График салу және сол графиктен белгісіз заттың белгісіз концентрациясын табу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Беттік керілу құбылысы.
Беттік керілу күші.
Жұғу және жұқпайтын құбылыстар
Капиллярлық құбылыстар
Лаплас формуласы
Беттік керілудің температурадан және концентрациядан тәуелділігі
Беттік керілудің фармацияда және медицинадағы мәні және ролі
Газдық эмболия
Оқыту әдістері: берілген тақырыпқа берілген хабарламаларды талқылау, зертханалық жұмыс жасау.
Қысқаша теория
Диагностика мақсаттары үшін медицинада жұлын сұйығы, өт, лимфа, ұлпа сұйықтары, қан плазмасы және басқа да ағза сұйықтарының беттік керілу коэффициенті анықталады.
Топырақтағы қоректік заттардың, ылғалдың өсімдік сабақтарына, бұтақтар мен жапырақтарға берілуі капиллярлық құбылыс арқылы жүзеге асырылады. Жағармай және майланатын заттар фитилдің капиллярлары арқылы көтеріледі. Адам ағзасының қанайналым жүйесінде кейбір кезде «эмболия» құбылысы байқалады. Осы тақырыпты оқып үйрену арқылы медицинада, биологияда және фармацияда капиллярлық құбылыстардың табиғаты туралы толық ақпарат алынады. Сұйық пен газ, екі араласпайтын сұйықтардың, сұйық пен қатты дененің шекаралық бетінде әртүрлі молекулааралық әсерлерден болатын күш пайда болады.
Сұйықтың көлемінің ішінде орналасқан әр молекула көршілес молекулалармен қоршалған, олармен өзара әсерлеседі, бірақ тең әсерлі күші нөлге тең. Екі ортаның шекарасына жақын орналасқан молекулаға жан-жағының біртекті еместігінен, басқа молекуламен компенсацияланбаған күш әсер етеді. Сондықтан, молекулаға көлемнен беттік қабатқа орын ауыстыру үшін жұмыс жасау қажет.
Беттік керілу тұрақты температурадағы сұйықтықтың қандай да бір бетін жасауға кеткен жұмыстың осы беттің ауданынының қатынасымен анықталады
.
Сұйықтың тепе-теңдік қалыпта болу шарты – беттік қабаттың минимум энергиясы. Сондықтан сыртқы күштер жоқ немесе салмақсыздық жағдайында ауданы минимумға ұмтылады да, шар формасын алады.
Сұйықтың беттік қабатының минимумға ұмтылуы – бұл қабатта жанама бетімен әсер ететін күштердің – беттік керілу күштерінің бар екені көрінеді. Егер сұйықтың бетінен кесінді алсақ, бұл күштерді тілшелермен кесіндіге перпендикуляр түрінде көрсетуге болады (1-сурет). Беттік керілу – беттік керілу күшінің осы күш әсер ететін кесінді ұзындығына қатынасына тең:
.
Беттік керілу температураға тәуелді. Температура өскен сайын беттік керілу азаяды. Беттік керілуді беттік – активті заттар енгізу арқылы азайтуға болады, олар беттік қабатының энергиясын азайтады. Ерітінділердің беттік керілуі таза сұйықтардікінен ерекше. Судағы қант беттік керілуді көбейтеді, ал ас тұзы оны азайтады. Сұйықтықтардың беттік керілуін азайтатын заттарды беттік- активті заттар деп атайды. Тек жууға арналған заттар өндірісінде емес, сонымен қатар биологиялық үрдістерде, жасушалық және молекулалық деңгейлерде маңызы бар. Беттік – активті заттар өсімдіктерде, жануарлардың сұйықтықтарында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |