Абай Құнанбаевтың шығармалары қазақ халқының рухани санасын жаңғыртып, қазақ әдебиетін биік шыңдарға көтерген мұра. Абайдың әрбір шығармасында, әрбір өлеңінде, әрбір қара сөзінде оқу,білім, ғылым, өнер, тәрбие, адамгершілік жайлы айтылады.
Абай шындықты өлшеудің негізін өзінің ұстазы Науаи сияқты ақыл деп айтып, көңіл бөлетінін байқаймыз. Сондықтан да ұлы ақынның Шығыс ойшылдарымен ойы ортақтас шығармасы “Ғылым таппай мақтанба” деген өлеңінде:
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз,-
немесе:
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл- мизам, өлшеу- қыл,-
дейді. Сондықтан да Абай Құнанбаев өз еңбектерінде халықты надандықтан сақтаудың жолы – білім, ғылым, өнер деп білген соң , мұғалімдік, ағартушылық жолды ұстанған. Абай ойындағы ерекше сананың, ойдың пайда болуының басты себебін еңбекте, өзімізді қоршаған дүниені зерттеуінде жатыр. Абай: « Кімде-кім сырттан есітіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол – көп жиғаны бар адам: сынап орындысын, орынсызын – бәрін де бағанағы жиған нәрселермен есеп қылып, қарап табады.Бұлай етіп, бұл харекетке түскен адамды ақылды дейміз»,- деп адамның ақылды немесе ақылсыз болуын Құдайдан емес, адамның өзіне, оның күнделікті іс-әрекетіне байланысты нәрсе деп таниды.
Сонымен қатар Абай өлеңдерінде бала тәрбиесінен бастап білдей бір халықтың санасына ықпал ету мақсатында өз ойларын ортаға салады. “Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек” деген өлеңінде:
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек, -
деп жалқаулық басып кеткен елімізге адал еңбектің орнына ұрлыққа барудың түбі жақсылыққа апармайтынын жеткізгісі келеді.
“Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат” өлеңінде Абай жас кезде уақытың, денсаулығың бар уақытта әртүрлі өнер үйренуге талпыну керектігін, уақытты құр өткізбеу керектігін былай түсіндіреді:
Керек іс бозбалаға- талаптылық,
Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.
Абайдың ен бір керемет өлеңдерінің бірі “Сегізаяқ “ өлеңінде Абай сол уақыттағы жаман қылық, жалқаулық , ұрлық, арсыздықты қатты сынайды. Керісінше адал еңбекке, достыққа, бауырмашылдыққа, ынтымақтастыққа шақырады. Оған мына өлең жолдары дәлел:
Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең- істің бәрі бос.
Қорытындылай келе, Абай Құнанбаевтың әрбір шығармасы адам бойындағы жақсы қасиеттерге шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |