Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз! «Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»



Дата07.01.2022
өлшемі15,73 Kb.
#20175
Байланысты:
Біз- тәуелсіз елдің ұрпағымызІ


Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз!

«Терең білім  тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой  азаттығымыздың алдаспаны».

Н.Ә.Назарбаев

Біз «қазақ» деген қайсар елдің, қайсар ұлттың, қайсар рухты халықтың ұрпағымыз. Жоғарыда келтірілген елбасының сөзінде үлкен мағына жатыр. Бізге тәуелсіздік оңай келмеді. Оған дәлел небір тарих, небір қыршын ғұмыр, талай ананың көз жасы, талай сәбидің аш болып шыңғырған дауысы бар екеніне мән бермейміз. 



 Біз осындай қиын-қыстау заманда емес қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда дүниеге келген бақытты елдің ұрпағымыз. «Ақын болу – өз еркің, ал азамат атану – міндетің» демекші, егеменді еліміздің өскелең ұрпағы ата-бабамыздың асыл қасиеттерін жанымызға медет тұтып, еліміздің, жеріміздің өркендеп өсуі жолында көп тер төгуіміз қажет. Әрине, ол үшін көп оқып, көп ізденіп, ерінбей еңбектену – басты талап. Ауыл деген алтын бесіктің қара топырағына аунап-қунап өскен жан үшін туған мекеніңнің өсіп-өркендеп, қай саласы жағынан болмасын дамып, алдыңғы межелерді бағындырып жатса, ол да көңілге қуаныш, жүрекке сенім ұялатады. Яғни, ел дамуы жолында тамшыдай болса да өз үлесіңді қосу дегеніңнің өзі түсінген адамға үлкен абырой емес пе?! Ауданымыздан әрбір түлеп ұшқан ұл-қыздардың арманы да сол. Өз туған жерлерінің көркеюі, дамуы. Қазіргі біздің балалық арманымыз болашақта шынайы істерге ұласса ата-ана, ұстаз үшін одан асқан бақыт бар ма дер едім. Әйтсе де қай елде, қай салада қызмет атқарсам да, жүректегі Отанға, елге, жерге деген ыстық ықылас, махаббатым өзгермейді деп толық сеніммен айта аламын.

Бүгінде тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Оның дәлелі болып жүрген еліміздің спортшылары әлем ареналарында бақ сынасып биіктерді бағындырып жүрсе, жас өнерпаздарымыз халықаралық байқауларда еліміздің атын шығаруда.

Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артып, білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. Өзге шет елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да нығая түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Ең бастысы – еліміз, анларымздың жүрегі т, сәбилердің ұйқысы тыныш. Бұдан артық қандай бақыт керек еді бізге?!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болғай. Бабаларымыз биіктетіп тіккен тәуелсіздік туының құламауына, көк аспанда желбіреп шарықтай беруіне егемен ел ұрпағы, жас ұрпақ біз жауаптымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет