Біздің заманымыздың батырлары. Олар кім?



Pdf көрінісі
Дата04.08.2022
өлшемі255.86 Kb.
#38058


 Біздің заманымыздың батырлары. Олар кім?
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Б.Түлкиев атындағы жалпы орта 
мектебі тарих пәні мұғалімі Алимкулов Рустембек Бакридинулы 
"Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы" деп дана 
халқымыз айтқандай,батыр - халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін 
қаһарманы.Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген.Оларды 
жоғары дәрежеде ұлықтаған.Халық ауыз әдебиетіндегі 
Алпамыс,Қамбар,Қобыланды батырлар және Абылай 
сұлтан,Қабанбай,Бөгенбай,Баяндар өз кезегінде жауға өздері қарсы тұра 
білген ержүректілер.Сол жаугершілік замандарда "батыр - әскери өнерге 
машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға" деп саналған. 
Қазіргі таңда батыр болу үшін әскери өнер керек те емес.Бауыржан 
Момышұлы батырлық туралы өз сөзінде былай деген:"Ешкім батыр болып 
тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты 
қалыптасады".Шынымен де,қазіргі таңда майданда қару алып соғыспаса 
да,елінің амандығын,тыныштығын қарайлап жүрген тәртіп сақшылары,өрт 
сөндірушілер,дәрігерлер,құтқарушылар бұрыңғы батырларымыздың ізін 
жалғастырушылар. 
Қазіргі заман батыры – қарапайым адам.Жаңалықтардан,газет-
журналдардан адамдарды өрттен,судан құтқарып қалғандарды батыр дей 
аламыз.Атырауда қызды құтқарам деп суға батып кеткен патрульдік полиция 
сержанты Шалқар Ақымғалиевтің өшпес ерлігі бәрімізге мәлім.Міне,Шалқар 
Ақымғалиев қазіргы қазақ батырларының бейнесі десем болады. 
Қай-қай батыр болсын Отан үшін қаза болады."Ақынның хаты 
өлмейді,батырдың аты өлмейді" демекші,олардың есімдері мәңгі жадымызда 
қалсын! 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет